ҰБТ

ҰБТ-ны қайта тапсыру қанша тұрады?

1813
(Жаңартылды 16:52 31.07.2018)
Сынақты дұрыс тапсыра алмаған түлектердің екінші мүмкіндігі бар - олар 2242 теңге төлеп, ҰБТ-дан қайта өте алады

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуден қайта өту және ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге құжаттарды қабылдау кезеңі өтіп жатыр.

15 және 19 тамыз аралығында ҰБТ мен кешенді тестілеуді (КТ) ақылы тапсыруға болады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ мен КТ сынақтарын кім тапсыра алады?

  • Шектік балл жинай алмаған түлектер;
  • ҰБТ нәтижесі жойылған түлектер;
  • ҰБТ-ға қатыспаған түлектер.

Тағы оқыңыз: ҰБТ алдында жоғалып кеткен түлектің денесі табылды

ЖОО-да комиссиялар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында өтініш қабылдайды.

Екінші рет ҰБТ және КТ сынақтарын талапкерлер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыра алады.

ҰБТ мен КТ қандай пәндер бойынша жүргізіледі?

  • Қазақстан тарихы;
  • Математикалық сауаттылық;
  • Оқу сауаттылығы (білім алған тіл бойынша);
  • Екі бейінді пән.

Тестіні ағылшын тілінде тапсырғанда, түлек "Қазақстан тарихы" пәні бойынша сынақты қазақ немесе орыс тілінде орындауы тиіс.

Тағы оқыңыз: Түлек ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмады

ҰБТ және КТ тапсыру қанша тұрады?

ҰБТ-ны қайта тапсыру және КТ бағасы 2242 теңге, бұл соманы талапкерлер Қазпошта бөлімі немесе Халық банкі арқылы төлеуі тиіс.

Қандай құжаттар тапсыру керек?

  • Арнайы үлгідегі өтініш;
  • Жалпы орта білімі туралы аттестат немесе техникалық және кәсіби (бастапқы немесе орташа кәсіби, орташадан кейінгі) білімі туралы диплом (түпнұсқа);
  • Тестілеуге қатысу ақысын төлеу туралы түбіртек;
  • Екі 3x4 сурет;
  • 086-У формасындағы медициналық анықтама;
  • Жеке куәлігінің көшірмесі.

Тағы оқыңыз: Келесі жылдан бастап сырттай оқу мүмкіндігі болмайды

1813
Кілт сөздер:
оқуға түсу, кешенді тестілеу, талапкерлер, ЖОО, түлектер, ҰБТ, Ұлттық тестілеу орталығы, Қазақстан
Тақырып бойынша
ҰБТ-дағы 140 балл: Назарбаев университеті түлекті неге қабылдамайтынын түсіндірді
Биылғы ҰБТ несімен есте қалды?
"Әуелі анамды қуанттым": маңғыстаулық екі түлек ҰБТ-дан 136 балл алды
Министрлік ҰБТ-да тәртіп бұзатын түлектерге айыппұл салуды ұсынды
ҰБТ кезіндегі ғашықтық хикаясы немен аяқталды?
Министрлік ҰБТ-дан өтпей қалған 14 мың түлекке не істеу керек екенін айтты
Түркістан облысында 4 оқушының ҰБТ нәтижесі жойылды
ҰБТ-дағы алғашқы 140 балл: ең жоғары нәтиже көрсеткен түлекке сыйлық беріледі
Игорь Сон

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон мемлекет беретін қаржыны інісінің еміне жұмсайтынын айтты

774
Игорь Сон мүгедек бауырын аяққа тұрғызу үшін қолындағы қаржысын аямайтынын жеткізді

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының "қола" жүлдегері Игорь Сон мемлекет тарапынан берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Менің інім церебралды сал ауруымен ауырады, мүгедек. Отбасым Оңтүстік Кореяға емделу үшін кетті. Қазір әкем мен анам, ағам мен інім – барлығы Кореяда", - деді Игорь Сон Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан берілетін қаржыны сол інісінің еміне жұмсайтынын айтты.

"Менің міндетім – алдымен бауырымды аяққа тұрғызу. Інімнің емінен қалған қаржыға өмір сүремін", - деді ауыр атлетші.

Қазақстанда Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі.

Айта кетейік, Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды. Ол жарыс кезінде барлығы 294 (131+163) килограмм көтерді.

774
Алия Назарбаева

Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

2550
(Жаңартылды 19:57 30.07.2021)
Әлия Назарбаева кітапта өзінің өмірлік ұстаздарының аты-жөнін атап, отбасы туралы әңгімелеуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын", - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол "Место Силы" кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

"Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім", - деді ол.

Назарбаева "Место Силы" кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.

2550
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, кітап, Назарбаев
Инфекциялық стационар

Алматы "күңгірт қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды

0
150 науқасқа арналған ауруханада орташа ауыр деңгейдегі және ауыр жағдайдағы науқастарды емдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматы әскерилері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационар жасақтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша Алматыдағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар жасақтады", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.

Палата в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы палата

Стационар 150 науқасқа арналған. Сонымен қатар медициналық мекемеде 50 орын соматикалық патологиясы бар әскери қызметкерлерді емдеу үшін және әскери-дәрігерлік және әскери-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін бөлінеді.

"Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр дәрежедегі науқастар жатқызылады. Жеке құрам мұндай жағдайға дайын", - деді Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің басшысы міндетін атқарушы Әбдіуәли Палтушев.

Кислородный баллон в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы оттегі баллоны

Оның айтуынша, госпиталь мамандарының коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәжірибесі бар. Медициналық мекемеде жасанды тыныс алдырту және гемодиализ аппаратымен жабдықталған реанимация бөлімі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінен бастап әскери госпиталь дәрігерлері халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарына екі рет жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 430 адам емделіп шықты, оның шамамен 30%-і – ауыр және асқынған деңгейдегі науқастар.

2021 жылдың шіддесінен бастап Нұр-Сұлтандағы Бас әскери клиникалық госпиталь коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қайта іске қосылды.

Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекемесі азаматтарды қабылдауға дайын. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семей әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. ПТР-тестілеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтанда және Алматыда екі стационарлық зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде мобильді зертханалық кешендер ашылған.

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы