Қоғам

Айқын Төлепбергенді "шорты" кигені үшін мейрамханадан қуып шықты

CC0 / Monitta Mary / Мейрамхана, архивтегі фото
Мейрамхана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ешқандай Барселона, ешқандай Еуропа Қазақстанға жетпейді екен, дейді әнші

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Барселонаға сапарлап барғанына өкініп қалды. Ол Каталония астанасында баға тым қымбат екенін, шетелдіктерге дұрыс көзқараста емес екенін айтты. 

"Ешқандай Барселона, ешқандай Еуропа Қазақстанға жетпейді екен. Бұл жақтың заңдары да, өздері де басқа екен. Шетелдіктерге де мүлде бөлек қарайды. Кеше көлікті ыңғайлы жерге қойып кеткенбіз, таңертең келсек, 100 еуро штраф төлейсің дейді. Содан кейін бір мейрамханаға бардық. Орын болмаған соң кеше жазылып қойғанбыз. Соған "шорты" киіп барып едім, "шортымен" кіргізбейміз деді. Бірақ басқа кішкентай қыздар "шортымен", "сланцымен" кіріп кетті, оларға неге болады, маған неге болмайтынын түсінбедім", — деді Instagram-дағы парашасында.

Әншінің төлеген 180 еуросын мейрамхана әкімшілігі қайтармай қойған. Сондай-ақ Айқын ол жақта бензин тым қымбат екенін айтады. Бір литр дизельдің өзі 450 теңгедей тұратын көрінеді. 

"Енді Барселонасы құрысын, үйге қашан қайтамыз деп асығып жүрміз", — деп түйіндеді ол. 


Жаңалықтар
0