АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ломбардтар мүлкін өткізген адамдарды құжатымен қоса суретке түсіруге міндеттеледі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр елдегі ұрлық санын азайту үшін ломбардтарға қатысты қолға алынған шаралар туралы айтты.
"Бізде ломбардтар ешбір заңды негізсіз жұмыс істеп келді. 1997 жылы Ұлттық банк олардың жұмысына қатысты ереже қабылдады, бірақ ол баяғыда ескіріп қалған. Қазір ломбардтар ұрланған мүлікті сату орнына айналды. Ұрлық жасайды да, бірден сол мүлікті өткізіп жібереді. Басқа шет елдерде мұндайға жол жоқ. Біз Ресей, Германия, Өзбекстан және тағы басқа елдердің тәжірибесін зерделедік. Сондықтан біз заңға өзгерістер енгіздік, ол мамырда қабылданды. Осы заңға сәйкес, ұлттық экономика министрлігі ломбардтар туралы ереже әзірлеп жатыр. Біз оларды Германиядағы сияқты, мүлкін өткізген адамды және оның құжатын суретке түсіруге, бізге хабарлауға міндеттейміз. Біз өткізілген мүліктің заңдылығын тексереміз. Сол кезде қылмыскерлерде ұрланған затты ломбардқа өткізуге негіз болмайды", — деді Қасымов Алматыда өткен брифингте.
Министр 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін азаматтардың барлығы телефонын ЖСН арқылы тіркеуі тиіс екенін еске салды. Осының арқасында елде ұялы телефон ұрлығы азаюы тиіс. Оның айтуынша, бүгінде телефон ұрлығы барлық жасалатын қылмыстың 15-20%-ін құрайды.
Тұрғындар Қасымовқа жыныстық қатынас жайлы сұрақ қойып, әбден тығырыққа тіреді
Жамбыл облысында басбұзар киелі кітап Құранды шашып, аяққа таптады
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды фармацевтика кешені ресейлік Гамалея институтынан "Спутник V" вакцинасының белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ауызша жауап алды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚФК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Фольмер хабарлады.
"Бәрі сәйкес келетіні жөнінде ауызша жауап алғанымызға біраз уақыт болды. Енді бұл топтамалар үшін олардың паспортын күтіп отырмыз. Біз паспортты алғаннан кейін Қазақстанда шығарылған осы препаратты тіркейміз. Яғни, тіркеу куәлігін аламыз", - деді Владимир Волмер Sputnik Қазақстанға.
Ол 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін алғашқы коммерциялық топтама өндіріледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
"Біз осы аптада топтаманы әзірлеп, бір айға созылатын талдауға жіберуді жоспарлап отырмыз. Келесі айдың соңында алғашқы коммерциялық топтаманы шығарамыз", - деп атап өтті Фольмер.
Барлық топтаманың үлгісі тексеру үшін Ресейге жіберіледі, деді ол.
"Біз мұнда өз талдауымызды жүргіземіз. Оған қоса ресейліктер (Гамалея институты) қосымша бақылайды. Қазір шамамен 80-90 мың доза шығарамыз. Бәрін жібермейміз. Барлық партияның бір бөлігі таңдалып алынады", - деп түйіндеді ол.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Бұған дейін Қарағанды фармацевтика зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапаны тексеруге жіберілген болатын.
Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын алдын ала тіркеу 2021 жылдың 26 қаңтары мен 11 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Вакцинаның өндірістік топтамасын жеткізу 2021 жылдың 12 ақпанында басталмақ.
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Сот талқылауы 18 қаңтарда Алмалы аудандық сотында өтті.
"Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.
Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол – қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамитов.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.
Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.
"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.
Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.
"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.
Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.