Қоғам

Бас көлік прокуроры тағайындалды

© SputnikҚР бас прокуратурасы
ҚР бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайрат Қожамжаров Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен прокуратура органдарында тағайындаулар жасады

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. "Құрмет" және ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерінің иегері 45 жастағы Мақсат Дүйсенов Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның қорғаныс министрі ауысты

Дүйсенов 1973 жылы туған. Әр жылдары ішкі істер министрлігі мен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген.

2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі лауазымында қызмет етті. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап бас әскери прокурордың орынбасары болды. 

Бас прокурор сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен Шымкент қаласында,  Түркістан және Маңғыстау облыстарында тағайындаулар жүргізді. 

Шымкент қаласына прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келе жатқан Мақсат  Қожабаев прокурор болды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ол Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Портфелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қоғамдық даму министрі тағайындалды

Түркістан облысының прокуроры болып Нұғалым Әбдіров тағайындалды. Ол әр жылдары Астана мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды. Өткен жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болған.

Маңғыстау өңіріне Ерлан Абаев прокурор болды. Ол прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді. Әр жылдары Павлодар облысы прокуратурасында аса маңызды істер бойынша тергеуші, Павлодар облысы Ертіс, Успен аудандарының прокуроры, Астана қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы болды. 

2018 жылдың шілде айынан Маңғыстау облысы прокуроры қызметін уақытша атқарды. 


Жаңалықтар
0