Ақтау жағалауы. Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Мамин и Ералы Тоғжанов

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласында жүр

433
(Жаңартылды 15:41 12.08.2018)
Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

АҚТАУ, 11 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий саммитіне екі күн бұрын Ақтау қаласына ұшып келіп, теңіз жағалауын аралап көрді.

Мемлекет басшысы заманауи дыбыс күшейткіш және жарық техникасымен, сондай-ақ LED экранмен жабдықталған, бір мезгілде 1000 әртіс өнер көрсететін, көпфункциялы сахнасының ені 70 метр болатын ашық аспан астындағы амфитеатрді аралап көрді.

  • Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда жаңа жағалау мен ашық аспан астындағы амфитеатрді аралап көрді
    Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда жаңа жағалау мен ашық аспан астындағы амфитеатрді аралап көрді
    © Photo : Официальный сайт президента РК
  • Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда ашық аспан астындағы амфитеатрді көрді
    Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда ашық аспан астындағы амфитеатрді көрді
    © Photo : Официальный сайт президента РК
  • Нұрсұлтан Назарбаев өнер адамдарымен әңгімелесті
    Нұрсұлтан Назарбаев өнер адамдарымен әңгімелесті
    © Photo : Официальный сайт президента РК
1 / 3
© Photo : Официальный сайт президента РК
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда жаңа жағалау мен ашық аспан астындағы амфитеатрді аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаев өнер адамдарымен әңгімелесу барысында Ақтау қаласының және Маңғыстау өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

"Құрметті маңғыстаулықтар, сіздер әлемдік тарихқа енетін айтулы оқиғаға куә болғалы тұрсыздар. Ертең алғаш рет бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжатқа қол қояды. Облыста туризм дамып келеді, теңіз порттары мен әлеуметтік нысандар салынуда. Осының бәрі сіздер үшін, балаларыңыз бен сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда", — деді президент.

Айта кетейік, ертең бес мемлекеттің президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын конвенцияға қол қояды. 

Желіде тұрғындар Ақтаудың саммитке қалай дайындалып жатқанын бөлісіп жатыр.

433
Кілт сөздер:
теңіз жағалауы, жұмыс сапары, Назарбаев, Маңғыстау облысы, Ақтау
Тақырып бойынша
Шымкенттен сенаторлар сайланады: Назарбаев қаулыға қол қойды
Назарбаев пен бас прокурор Ақордада не айтты – видео
Назарбаев Путинге көңіл айтты
Назарбаев демалыстан шықты
Денис Теннің қазасы: Назарбаев тапсырма берді
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
Назарбаев белгілі халық әртісінің қазасына орай көңіл айтты
Назарбаев қазақстандықтардың жалақысын көбейтетін заңға қол қойды
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

16
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

16
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

882
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

882
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын