Қоғам

Әлемнің үздік мергендері Қазақстанға келеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСнайпер, архивное фото
Снайпер, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он бір елдің мергендері өз дәлдігін, жылдамдығын, бүркемелеу және бағдарлау машығын көрсетеді

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Әлем елдерінің мергендері халықаралық сайыста дәлдіктен күш сынасады.  

Қарағанды облысының "Спасск" оқу-жаттығу орталығының базасында 2018 жылдың 20-25 тамызы аралығында мергендер жұбының "Алтын үкі – 2018" VIII халықаралық сайысы өтеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев қорғаныс министрін неге ауыстырғанын түсіндірді

"Алтын үкі" кубогына әлемнің 11 елінен, яғни, Ауғанстан, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Ресейдің үздік атқыштары бақ сынасады.  

Бақылаушылар ретінде сайыстарға Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея мен Түркияның өкілдері қатысады. Бес күн бойы оқ ату шеберлері әртүрлі қашықтықтардан, жылдамдықтан, әртүрлі нысаналарға оқ атудан, күндізгі және түнгі уақытта жүрген жерде бүркемелеу мен бағдарлау машығынан күш сынасады. Алдағы жарыстар "Алтын үкі – 2018" сайысы тарихындағы ең ауқымдысы саналатынын атап өтуге болады.

Кейбір елдер алғаш рет қатысқалы отыр. "Алтын үкі" халықаралық сайысы 2008 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын естеріңізге сала кетейік. 

Қытай танкілері неліктен Қазақстан аумағында жүргені белгілі болды

Сайысты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде АҚШ, Иордания, Белоруссия, Ресей және әлемнің өзге елдерінің мергендер сайысына бірнеше мәрте қатысқан қазақстандық атқыштардың қатысу тәжірибесі ескерілді. Мергендер өнерінің Азиялық форумы аясында өткізілетін "Алтын үкі" кубогының ойнатылуы тығыз кәсіби байланыс орнату және сайыс қатысушылары арасында тәжірибе алмасу міндеттерін жүктейді.

 

Жаңалықтар
0