Мұғалім

Мұғалімдердің жалақысы тағы өседі, директорлар тек 4 жылға тағайындалады

17463
(Жаңартылды 11:36 19.08.2018)
Сағадиев педагогтарды жаңа сынақ күтіп тұрғанын, жалақы осы біліктілік санаттарына қарай тағы да көтерілетінін атап өтті

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылынан бастап директорларды тағайындауға қатысты өзгерістер енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, биыл мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілгеніне тоқталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мектеп директорларының кәсіби деңгейін көтеру мәселесі қаралып, жаңа өзгерістер енгізілді. Осы қағидаларға сәйкес кандидат 4 кезеңнен тұратын конкурстан өтеді: мектептің қамқоршылық кеңесі, заңнама тесті, облыстық білім басқармасының келісуі, аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі сұхбат. Мектеп директоры тек 4 жылға тағайындалады. Әрі қарай жұмыс істеймін десе, конкурстан қайта өту мүмкіндігі бар.

"Жаңа оқу жылының маңызды ерекшелігі — әр мектептің дербес шешім қабылдауында. Ол үшін Педагогикалық кеңестің шешім қабылдау құқығын кеңейтіп, нормативтік өзгеріс жасап бердік. Ендігі жерде бес күндік оқуды жалғастыру, ТУП-тарды таңдау, пәндерді ағылшын тілінде жүргізуге көшу, экстернатқа рұқсат беру, ГОСО бойынша кластарды кейбір пәндерді оқытуда бөліп, не бөлмей оқыту, білім сапасын мониторингтеу, тағы да басқа сұрақтарды педагогикалық кеңес өзі шешеді. Сонымен бірге, қамқоршылық кеңестің белсенділігін көтерсек, қоғам, ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар жергілікті деңгейде шешімін табатын болады. Мұғалім мәртебесін одан әрі көтеру үшін арнайы Заң қабылдауға ұсыныс береміз", — дейді министр. 

Сондай-ақ, ол педагогтарды да жаңа сынақ күтіп тұрғанын айтып өтті. Айтуынша, жалақылары осы біліктілік санаттарына қарай тағы да көтеріледі.  

"Және биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақыны қарастырады. Аттестаттауға мамыр айында 60 мыңға жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Олар 63%-ті құрады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тәртібінен өткен мұғалімдерге категорияларына сәйкес қосымша ақы төленеді. Аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер оны ағымдағы жылғы қарашада қайта тапсыра алады. Сонымен бірге ағымдағы жылы 110 мыңнан астам педагог республикалық бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. 8 мыңнан астам пән мұғалімі жеке пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін тілдік курстарда оқуда. Олардың 5 мыңға жуығы осы оқу жылынан бастап сабақ беруге кіріседі", — деді министр.

Қазақстандық мұғалімдерге үстемақы қалай төленеді?

айтып өткен "Ұстаз" орталығы барлық өңірлерде ағылшын тілінде сабақ бере бастайтын төрт жарым мыңнан астам мұғалім үшін менторлық арқылы қолдау жасайды. Бір жыл бойы бұл мұғалімдерді толығымен қолдап, үйретіп, сабақтарына қатысып, нақты көмек көрсетілетін болады. Өткен оқу жылы 510 мектеп кейбір пәндерді ағылшын тілінде пилот ретінде оқытса, осы оқу жылы әкімдіктер бекіткен тізімге сай 2 260 мектеп бастайды деп жоспарлануда.

 

17463
Кілт сөздер:
министр, білім және ғылым министрлігі, ұстаз, оқушы, Ерлан Сағадиев
Тақырып бойынша
Қаскелеңде оқушының әкесі жартылай жалаңаш ұстаз бен ұлының үстінен түскен
Сағадиев оқулықтар туралы жалған ақпаратқа қатысты: полицияға шағым түсіруге міндетті болдық
Сағадиев: оқушы туралы бүкіл ақпарат электронды түрде сақталатын болады
Сағадиев: бес күндік оқу аптасын барлық мектепке енгізу қиын болып тұр
Сағадиев латын әліпбиі туралы: маған 25 әріпті нұсқа ұнайды
Сағадиев ҰБТ-дан қазақ тілі неліктен алынып тастағанын түсіндірді
Сағадиев сегіз жасар бүлдіршінді құтқарған оқушыға алғыс айтты
Сағадиев: Ештеңені ойдан құрастырып отырған жоқпыз
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасады

61
Әрбір қазақстандық сайлау күні белгіленген кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы, деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарын сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша үндеу қабылданды.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие кез келген қазақстандық дауыс бере алады.

"Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз – сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың кепілі. Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар жасайды. Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады", - делінген үндеуде.

Әрбір қазақстандық сайлау күні белгіленген кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне 10 желтоқсанға дейін жазбаша өтінішпен жүгіне алады. 

"26 желтоқсаннан бастап сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз жайлы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі", - деді сайлау комитеті.

Айта кетсек, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады.

10 желтоқсан күні сайлауалды үгіт-насихат басталып, 2021 жылы 9 қаңтарда 00:00-де аяқталады. 9 қаңтар – тыныштық күні.

Ал 10 қаңтарда қазақстандықтар таңғы жетіден кешкі сегізге дейін дауыс  береді.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

61
Кілт сөздер:
сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Архивтегі фото

Шетелде жүрген қазақстандықтар парламент сайлауында қалай дауыс береді

17
Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 51 елінде 66 сайлау учаскесі жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан парламенті сайлауында дауыс беру үшін 51 елде 66 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 51 елінде 66 сайлау учаскесі құрылды. Бұл тізімдерге тиісті шетелде тұратын немесе ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорты бар барлық азамат енгізіледі", - деді Петров ОСК отырысында.

Айта кетсек, мәжіліс пен мәслихат сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Сайлаушылардың өтініші 2020 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылданады.

Парламент сайлауы: сайлаушылар тізіміне 11 миллион адам кірді

Қазақстан халқы ассамблеясынан парламентке сайланатын депутаттардың сайлауы 11 қаңтарға белгіленді.

Мәжілістің қазіргі алтыншы шақырылымының өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша сағат 18.00-ге дейін созылады. Партия тізімдерін тіркеу мерзімі 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін.

9 қаңтар – тыныштық күні.

Сайлау нәтижесі дауыс беру аяқталғаннан кейін бір апта ішінде шығарылады.

17
Кілт сөздер:
сайлау, парламент
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Елді дамытуға сөзбен емес, нақты іспен үлес қосуға мүмкіндік туады – президент
Мәжіліс сайлауына қатысуға кім дайын - саяси партиялар жауап берді
Сайлау комиссиясында жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады
"Бос сөз": Имашев онлайн дауыс беруге қатысты түсініктеме берді