Автобус

Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

286
(Жаңартылды 15:45 20.08.2018)
Автобус жүргізушілерінің жалақысы ұлттық компания қызметкерлерінің еңбекақысымен теңестірілуі мүмкін

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. Елордалық автобус жүргізушілерінің айлық жалақысы 400 мың теңгеге дейін баруы мүмкін, бастысы үш шарт орындалуы тиіс: уақыт кестесін бұзбау, жол жүру ережесін сақтау, жолаушылардан шағым түспеуі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

"Қазір жүргізушілер белгіленген 200 мың теңге еңбекақы алады. Егер ол 15-18 күн толық еңбек етсе, ол зейнетақы мен салықты шегеріп қалғанда осы ақыны алады. Және егер бәрі дұрыс болып, оның атына шағым түспесе, жол оқиғасына түспесе, жұмыс ережесін бұзбаса қосымша 200 мың теңге қосылады. Сонымен қатар, ұзын автобустарда жүретін жүргізушілерге 50% үстеме қарастырылған. Бәрін қосқанда белгіленген еңбекақымен санағанда 400 мың теңге алуға мүмкіндік бар", — деді № 3 автопарк басшысы Бауыржан Тілеубергенов.

21 шілдеден бастап автобустарда дифференцияланған тариф бекітілді.

Көлік картасын қайдан алуға болады?

Соған сәйкес, қала ішіндегі бағдарларда картамен төлегенде 90 теңге болады. Сонымен бірге, бір сағат ішінде бір рет автобусты ауыстырып міну тегін болмақ. Ал жолақыны ақшалай төлегенде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге.

286
Кілт сөздер:
Астана, Астана LRT, автобус жүргізушісі, жалақы, жолақы
Тақырып:
Астана жаңалықтары (90)
Тақырып бойынша
Астананың автобустары кондукторсыз жүретін болады
Астанада автобус жүргізушісі доңғалақ ауыстыру кезінде көз жұмды
Автобус жүргізушісі қақаған аязда әйелді елсіз далада қалдырып кеткен
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен сауда үйіне барған жігіттің қылмысы видеоға түсіп қалды

5139
Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, қазір оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Елорда тұрғыны сүйіктісімен сауда үйіне барып, манекендегі жаңа күрткені ұрлап кетті. Полиция 26 жастағы жігітті ұстады.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жас жігіт сүйіктісімен "Әсем" сауда үйіне барған. Бір кезде оның көзі бутик сыртында тұрған манекенге киілген жаңа күрткеге түседі. Қасындағы серігін акссесуар қарауға жіберіп, өзі манекендегі "Найк" маркалы сырт киімді шешіп, киіп алады. Осыдан кейін жастар оқиға орнынан ізін жасырады. Ал сатушы бұл уақытта бутик ішінде отырған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Анықталғандай, бір жыл бұрын күдікті ұрлық үшін істі болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қала полициясы шағын және орта бизнес нысандарына күзет сигнализациясын орнатуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: 

5139
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, сауда орталығы, жігіт, видео, қылмыс, ұрлық
Каспий

Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды

57
(Жаңартылды 14:56 23.10.2021)
Жуықта сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда. 

Естеріңізге сала кетейік, сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Осы құжат Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға кіреді.

Хаттаманың негізгі мақсаты - жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, салдарын азайту, бақылау және ондай салдарды барынша жою.

Осы құжат негізінде бірқатар шаралар қолға алынады.

Олар:

  • ең озық қолжетімді технологиялар мен табиғатты қорғау практикасын пайдалану;
  • Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде жерүсті көздерінен теңіз акваториясына ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы дерекқорды құру және жүргізу;
  • Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне тұрақты бағалау, оның жағалау сызығы бойындағы теңіздің ластану деңгейіне бағалау жүргізу.

Айта кетері, Каспийдің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенция 2003 жылы қараша айында рәсімделген болатын. Оған Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей мен Түрікменстан қосылды.

Ал Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттамаға 2012 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Оқи отырыңыз: 

57
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Каспий теңізі, ластану, хаттама
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан