Қоғам

Астана тұрғыны 700 мың теңгесін алаяқтарға ұстатып жіберген

© SputnikТелефон арқылы сөйлесудің архивтегі фотосы
Телефон арқылы сөйлесудің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер мол пайдаға кенелесің деген ұсынысқа мұқият болуды ескертті

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Астана қаласы ІІД ақшаны жоғары пайызбен қайтаруды ұсынатын алаяқтардың көбейіп кетуіне байланысты дабыл қақты. 

Алдау жолы қарапайым. "Онлайн-әмиянға" ақша аударсаң, белгілі бір уақыттан кейін пайызымен қайтарып аласың деп сендіреді. Ал қажетті қаржыны алғаннан кейін телефондарын сөндіріп тастайды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте бір балаға зар болып жүрген әйелдер емшіге алданып қалды

Осы жылдың 20 тамызында қала тұрғыны Астана қаласының бизнес-орталықтарының бірінде белгісіз тұлға алдау арқылы 700 мың теңгесін иемденгені туралы полицияға арызданды (ақша қаражатын айналдырып беремін деген сылтаумен). Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ кредит алуға "көмектесетіндер" де аңқау жұрттың қалтасын қағып жатыр. Ол интернет-ресурстарда хабарландыру орналастырып, "онлайн-кошелек" төлем терминалы арқылы телефонның абоненттік нөміріне кепіл ретінде ақша аударуды сұрайды.

Осылайша, 21 тамызда 27 жастағы қала тұрғыны интернеттен кредит алуға көмек көрсетемін деген жарнаманы оқып, абоненттің ұялы телефонына ақша (15 000 теңге) аударған, алайда содан кейін алаяқтар телефондарын сөндіріп тастаған.

Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды 

Алдап ақша жымқырудың кең тараған түрлерінің бірі – тауар сатып алушыдан алдын ала ақша сұрау. Жәбірленуші автобөлшектер сатып алу үшін шотқа алдын ала интернет ресурс арқылы ақша аударған, алайда ақша да, тауар да жоқ.

Аталған барлық фактілер бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.  

"Қомақты қаржы ұсынатын мекемелерге мұқият болыңыздар, тіпті мән бермеңіздер, сонда ғана ақша өзіңізде қалады. Тауарға алдын ала төлемеңіздер. Сатушы туралы ақпарат жинаңыз, оның жұмысына қатысты пікірлермен танысыңыз. Курьердің қызметін пайдаланыңыз және ақысын тауарды жеткізгенде ғана төлеңіз!", — деп ескертті Астана қаласы ІІД.

 Шариғат адам баласының сырынан сөз етуге алты мақсатта ғана рұқсат береді

Жаңалықтар
0