Қоғам

Қымбат көлікті бананмен жасырып әкеле жатқан жүргізуші ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуЖол талғамайтын көлік
Жол талғамайтын көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Көлік тәркіленді

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Range Rover Vogue көлігін банан қораптарына жасырып, Волгоградтан жеткізбек болған жүк көлігі жүргізушісін ресейлік шекарашылар ұстады.

Әуежайда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шекарадан өткізуге болатын жеке заттардың тізімі қысқартылды

"Iveco Stralis жүк көлігі Волгоград облысы Паллас ауданында шекара бақылауынан өткен. Тіркемесінен банан қорабына жасырылған қара түсті Range Rover Vogue көлігі табылды", — деп хабарлайды Ресейдің Волгоград облысы бойынша Федералды қауіпсіздік қызметі.

Жүргізушінің контрабандалық көлікке құжаты болмаған. Оның кімге тиесілі екенін әлі белгісіз. Ұсталған азамат полицияға берілді.

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы кептеліс мәселесі не болып жатыр?

Жаңалықтар
0