Қоғам

"Бір бөлімде 15 адам отыр, іс бітіретін үшеуі ғана" - Назарбаев шенеуніктерді сынады

© Sputnik / Болат ШайхиновПрезидент Нұрсұлтан Назарбаев
Президент Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев төрт мемлекеттік органда іске қосылған пилоттық жоба туралы әңгімеледі

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласындағы іссапары барысындағы жиналыста мемлекеттік қызметшілерді сынға алды.

КТК арнасы хабарлағандай, президент қатысқан басқосу кезінде жалпы елдегі ахуал талқыланған.

"Жақсы бағдарламалар жазылып жатыр, бірақ нақты жұмыс істелмейді. Екі әкімдік пен екі министрлікте пилоттық жобаны енгізіп: "Бюджет бар ма, орында. Басқару үшін қанша керек болса, сонша бөл де, қалған қаражатты шенеуніктердің жалақысын көтеруге жұмса, бірақ еңбек ететін болсын", — дедім. Бір бөлімде 15 адам отырады –  іс бітіретін үшеуі ғана. Рас емес пе? Ақылды адам жаза біледі. Есесіне қаламға, қағазға, орындыққа ақша үнемдеуге болады, оның үстіне қазақ астыма көлік мінгіз дейді", — деді .

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, сонымен бірге Астана мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде пилоттық жоба енгізілген. Бұл органдарда еңбекті бағалаудың жаңа жүйесі сынақтан өткізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өзгерді.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жалақы екі есе өседі – мемлекеттік қызметшілердің еңбегі жаңаша бағаланбақ

Бұл органдарда жалақы екі бөліктен тұрады – факторлық-балдық шкала негізінде бекітілетін кепілдендірілген қызметақы мен бонустар.

Кейінірек жемқорлыққа қарсы ведомство есеп бергендей, пилоттық жоба нәтижесінде төрт мемлекеттік органда жұмыстан шығару көлемі үш есе азайды, ал жұмыс орнына қабылдануға үміткерлер саны екі есе көбейген.

Шенеуніктердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі барлық органдарда енгізілетін болады.

Министр әскери және мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты шектеуді түсіндірді

Түркістанға көшпей отырған шенеуніктер Сағынтаевтың ашуын келтірді

Жаңалықтар
0