Қоғам

Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр

© Photo : из личного архива Игнаса Мювиссена65 миллион еуро тұратын пәтер
65 миллион еуро тұратын пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық бай азаматтың әйеліне Париждің төріндегі салтанатты пәтер ұнамай қалыпты

АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық баспананы сатылымға шығарды, деп хабарлайды Sputnik бельгиялық риелтор Игнас Мювиссенге сілтеме жасап.

65 миллион еуро тұратын Париждегі үй - Sputnik Қазақстан
Экономика
Парижде 65 млн еуроға үй сатып алған қазақстандықтың кім екені анықталды

Қазақстандық миллионер француз астанасының бай ауданында орналасқан сән-салтанатты пәтерді сатқалы жатыр. SPA-зонасы, брондалған қорғаныс бөлмесі бар баспана үшін үй иесі 125 миллион еуро сұрап отыр. Бұл пәтерді сатып алған бағасынан екі есе қымбат.

Бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен Sputnik агенттігіне айтқандай, пәтер қазақстандықтың әйеліне ұнамай қалыпты.

"Қазақстандықтың әйелі енді бұл үйде тұрғысы келмейді", — дейді брокер.

Қоғамның назарына іліккен құны 65 миллион еуро тұратын пәтер иесінің кім екенін риелтор құпия сақтап отыр. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті оның шенеунік емес екенін мәлімдеді.

65 миллион еуроға пәтер сатқан брокер Қазақстаннан қоңырау түскенін айтты

Пәтердің ауданы 1200 шаршы метр. Бұрынғы қожайыны бірнеше пәтерді біріктірген екен. Бес жатын бөлмесі, бес жуынатын бөлме, SPA-зона, персонал мен күзетке арналған жеке бөлмелер бар.

Жаңалықтар
0