Әзірет сұлтан мешіті

Қазақстан мешіттері 61 мың отбасыға құрбандық етін таратты

54
Қайырымдылық акциясына еліміздегі 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін елімізде қызметкерлері құрбан айт күндері 61 191 отбасыға 439 тонна 950 келіге жуық құрбандық етін таратты.

Мешіт таратқан құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік тұрмысы төмен және көп  балалы отбасыларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша жағдайы нашар жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді. "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды, деп хабарлады ҚМДБ.

Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.

54
Кілт сөздер:
құрбандық мал, құрбан айт, мүфтият, ҚМДБ, мешіт, Қазақстан
Тақырып бойынша
Құрбан айтта қорадан шығып кеткен қой қала тұрғындарының зәресін алды – видео
Қасиетті Құрбан айт мерекесі туралы деректер
Құрбан айтқа мол дастархан жайғандарға айыппұл салынады
Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 18 дерек
Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

47
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

47
Кілт сөздер:
шағым, жол
Қаруланған адам

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы атышулы оқиға туралы айтты

627
(Жаңартылды 22:01 29.10.2020)
Шудағы арнайы операция кезінде полицейлер арасында атыс болған еді. Біреуі ауруханада ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Жамбыл облысында болған оқиға туралы пікірін айтты.

"Полиция желілік бөлімінің басшысы мен қоластындағылар есірткі бизнесімен айналысқан. Олардың қылмысын қауіпсіздік басқармасындағы әріптестері әшкере етті. Полицейлер өз қатарында қылмыс жасағандарды ұстағаны бір жағынан қуантады. Мұндай жұмыс бағалануы тиіс", - деді президент.

Екінші жағынан мұндай жағдай полиция беделіне нұқсан келтіреді, деп толықтырды ол. 

"Бұл тек Жамбыл облысында ғана болып жатқан жоқ, өзге өңірлерде де бар. Мұны жақсы білесіздер. Сондықтан есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту міндетін қоямын", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, халық нақты нәтижелерді көруі тиіс.

Жамбыл облысында полицейлердің ұсталуы

Еске сала кетсек, көліктегі полиция департаментінің Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады деген күдікке ілінген.

Жамбыл облысында арнайы операция кезінде атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өткен. Ал қуғыншылар оларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

Үш адамның екеуіне оқ тиді. Біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Екіншісіне стационарда көмек көрсетілді. Үшіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты

627
Кілт сөздер:
полиция, Жамбыл облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты
Полицейлер төсекте видео түсіріп, оны 7 мың теңгеден сатқан әйелді ұстады
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
"Таңдауым Ерланға түсті": ерлі-зайыпты полицейлер махаббат хикаясын айтып берді
Полицейлер Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан жігіттерді видеоға түсірді