кітап көрмесі

Кенжебай: Кеңес заманында да қазақ тілі дәл бүгінгідей сорлаған жоқ

10289
(Жаңартылды 18:20 08.09.2018)
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

АЛМАТЫ, 5 қыркүйек – Sputnik, Айгерім Таубай. Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні. Өткен жылы ҚР премьер–министрі Бақытжан Сағынтаев "Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы" үкіметтің қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. 

Қазақстан үкіметінің ғимараты
© Sputnik / Болат Шайхинов

Бұл уақытқа дейін мемлекеттегі Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте тойланатын. Осыдан 29 жыл бұрын 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданған. Ол заңда сол кездегі Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Ал 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.  

Тілдер мерекесінің датасы неге өзгерді?

Ал еліміздегі тілдер мерекесінің датасы өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. 

Ахметтің Абай мен Мұхтар, Сәбит пен Қонаевтан несі кем?
Нурсултан Назарбаев
© Photo : официальный сайт президента Республики Казахстан

"Өзге  оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз–ақ Ахмет еді" деп Сәкен Сейфуллин баға берген Байтұрсынұлының мұражай–үйі мемлекеттің қамқорлығына зәру. Бұл жайында Байтұрсынұлы мұражай–үйінің директоры Райхан Имаханбет шырылдап қанша уақыттан бері айтып келеді. 

Райхан Имаханбеттің айтуынша, Байтұрсынұлының мұражай үйі кейде коммуналдық қызметтің өзіне қарызға батып қалады. 

"Ахметтің тікелей туысы өзі басқаратын қоғамдық қорға қарайтын мұражайды уысынан шығарғысы келмейді", – дейді директор. 

"Абай мен Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқанов пен Қонаевтың музейі республика қаржысымен қаржыландырылып отыр. Ахметтің солардан несі кем?", – деп жанайқайын жеткізді Имаханбет. 

26 жылдан бері мұражайдың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Райхан Имаханбет кейде мұражайдың еденін жуып, ауласын өзі тазалайды. Себебі бұл іспен айналысатын басқа ешкім жоқ. Сондықтан  мұражай мемлекеттің қамқорлығына өту керек дейді.

"Тәуелсіздік алғалы қазақ тілі күннен–күнге сорлап бара жатыр"

"Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек", – деген Байтұрсынұлы. 

"Бүгінде қазақ тілі орыс тілінің аудармасына айналып кетті. Әр ұлттың өз сөз саптауы болады. Ал қазір журналистер орыс тілінен тікелей аударып береді. Мысалы, "асуларды бағындырды" деп жазады. Бұл орыстың "покорил" деген сөзінің аудармасы. Телеарнадағы, баспасөздегі жаңалықты ел көреді. Және соны тура солай қабылдайды. Өткенде қазақтың қызы Канн кинфестивалінде жеңіске жетті. Сол кезде барлығы "қазақ қызы Еуропаны бағындырды" деп жазды. Ол бағындыратын Шыңғыс хан ба? Наполеон ба?", – дейді ақын Мырзан Кенжебай. 

Ақынның айтуыныша, кеңес заманында қазақ тілі дәл бүгінгідей сорлаған жоқ. 

"Тәуелсіздік алғалы қазақ тілі күннен–күнге сорлап бара жатыр. Халық өзінің сөз саптауынан айырылып, тіліміз тек қана орысшаның аудармасы болып отыр", – деп түйіндеді сөзін ақын. 

Дариға Назарбаева орыс тілін жақтап сөйледі

10289
Кілт сөздер:
5 қыркүйек, Қазақстан халқы тілдері күні, тілдер күні, мемлекеттік тіл, қазақ тілі, Ахмет Байтұрсынұлы, Мырзан Кенжебай
Тақырып бойынша
Атышулы Байзақова: қазақша боқтап сөйлеген соң инстаграмда жұлдызға айналдым
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы
Екі тілде баяндама жасаған министр: келесі жолы 100% қазақша сөйлеймін
Қазақша сөйлемеген Көшербаевқа Елбасы ескерту жасады
"Жарайсың!" Нығматулин қазақша баяндама жасаған депутатты шенеуніктерге үлгі етті
Орыс мектебінде оқитын жарты миллион бала қазақша сөйлемейді
Астана LRT бағандары

Сотта LRT құрылысына жауаптылар миллиардтарды қалай жымқырғаны айтылды

0
Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT құрылысына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қылмыстық топтың басшылары іздеуде жүр

Сот алдында жеті адам жауап беріп жатыр. Олар – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рәшид Аманжолов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов.

Ал елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр. Тергеу материалдарына сәйкес, Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен. Осы қылмысқа әкімдіктің басқарма басшылары, сондай-ақ, шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысқан.   

Жалған келісімшарттар жасалған

Бүгінгі процестің басында судья Қажымұқан Мекемтас барлық қатысушының құқықтары мен міндеттерін таныстырды. Ал прокурор Жангелді Есебаев айыптау актісін оқып берді. Оның айтуынша, 2012 жылы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қылмыстық топ құрып, алдымен Талғат Ардан мен Рәшид Аманжоловпен сөз байласқан. Ал Ардан жақын досы Дәурен Әбдіхамитовты топқа қосылуға көндірген. Ал Сұлтанбеков әрқайсының міндетін анықтап берген.   

"Қылмыстық топтың барлық мүшесі бір-бірін тікелей танымаса да, әрбір сыбайласының мақсат-міндетін білген. Бәрі бір нәтиже – бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыруды көздеді, соған жұмыс істеді. Мысалы, Аманжолов мемлекеттік органның басшысы ретінде кедергілерді анықтап, қылмысты жасауға жағдай жасаған. Сол үшін тиісті құжаттарды әзірлеп, қол қойып отырған. Соның ішінде ресми хаттар, артық шығындар туралы жобалық-сметалық құжаттар, техникалық-экономикалық негіздемелер, қаржы есептері және тағысын тағы. Осы құжаттардың негізінде бюджеттен ақша бөлінген", - деді Есебаев.

Ал Дәурен Әбдіхамитовқа қылмыстық жоспарды іске асыруға көмектесетін заңды тұлғаларды іздеу міндеті қойылды. Олар мердігер және қосалқы мердігер қызметін атқарған. "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан болса, техникалық-экономикалық негіздеменің шығындарын артық көрсетіп, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізіп отырған. Конкурстық комиссияға өзі төрағалық еткен. Содан таныс компаниялардың көмегімен бәсекелестіктің бар екенін көрсетіп, қылмыстық топқа тәуелді заңды тұлғаларға конкурс жеңімпазы атануға жағдай жасаған. Артынан олармен келісімшарт жасалып, шын мәнінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтердің актілері рәсімделіпті.

"Осылайша, қылмыстық топтың бақылауында болған ұйымдардың есепшоттарына бюджет қаржысы аударылған. Әбдіхамитов осы ақшаның бір бөлігін қолма-қол шығарып, жалған келісімшарттардың негізінде жымқырып отырған. Сөйтіп, одан кейінгі қаржының талан-таражға салынуына жағдай жасалды", - деп түсіндірді Есебаев.  

Қылмыстық топтың басшысы ауысты

2013 жылы Сұлтанбековтың тапсырмасымен техникалық бақылау және жобалау жұмыстарына француз және испан компаниялары тартылды. Бірақ бірлескен консорциум құру талабы қойылды. Ардан оның мүшелерін өзі таңдады. Шетелдік компаниялардың ішінен сыбайластар та табылды. Олар артық ақшаны қазақстандық компанияларға аударып отыруға көмектескен. Ал отандық кәсіпорындардың құрылтайшылары қылмыстық топ мүшелерінің өздері немесе олардың туыстары болған. Әбдіхамитов әрбір компанияның бас директоры қызметіне өз таныстарын тағайындаған. Олардың ішінде Улугбек Ачилов та бар.   

"Ачилов бұрын Әбдіхамитовтың қол астында жұмыс істеген. Ол - бухгалтерлік есептің шебері. Әбдіхамитов осыны біліп, бұрынғы әріптесін қылмыстық топқа тартқан. Ачилов консорциумның атынан орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып отырған. Ал бюджет қаражатын алғаннан кейін жалған келісімшарттар арқылы қолды қылған", - дейді Есебаев.

2014 жылдың соңында Қанат Сұлтанбеков өз еркімен жұмыстан кетті. Алайда қылмыстық топтың әрекеті тоқтаған жоқ. Талғат Ардан басқаруды өз қолына алды. 2015-2016 жылдары оның басшылығымен бюджет қаражатын жымқыру жалғаса берді. Ал 2017 жылы шілде айында Арданның өкілеттілігі тоқтатылды. Сол кезде ғана қылмыстық топ тарқап кетті.

"Сұлтанбеков әкім орынбасары қызметінен кеткеннен кейін "Қазақстан инжиниринг" АҚ-ға барды. Сол жерде 2015-2016 жылдары тауарлар мен қызметтерді жеткізуші компаниялардан тұрақты түрде пара алып отырған. Заңсыз ақша әкелгендердің ішінде өзі құрған қылмыстық топтың өкілдері де болды. 2017 жылы ақпан айында Сұлтанбеков қамауға алынды", - деп атап өтті Есебаев.

Бүгінде қылмыстық топ мүшелері 5,8 миллиард теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Атышулы LRT

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.

LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті осы жобаның өзін ақтамайтынын мәлімдеді. 

Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен LRT-ның міндетте түрде аяқталатынын айтты. Қазіргі кезде жергілікті билік инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр.

0
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, Astana LRT
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары қашып жүр
Қаржы министрі "ЛРТ" құрылысына қосымша қаржы қайдан тартылатынын айтты
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады?
Тоқаевтың тапсырмасы: Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы қашан аяқталады
Полицейский в маске на блокпосту в снегопад, архивное фото

Қазақстанның бір облысында блокбекеттер қойылады

4
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында жүз отыз тоғыз адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты қарашадан бастап блокбекет қойылып, шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

"Үкіметтің келісімімен 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында блокбекеттерді енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халық үшін шектеу шаралары енгізіледі", - делінген хабарламада.
4