Шымкент

"7-20-25": Депутаттар Шымкент үшін ипотека мөлшерін көтеруді сұрады

442
(Жаңартылды 17:55 05.09.2018)
Берік Дүйсенбиновтің айтуынша, "7-20-25" бағдарламасының шарты бойынша Шымкентте үйдің бағасы 15 миллион теңгемен шектелген. Ал бұл бағаға тек екі бөлмелі пәтер ғана сәйкес келеді

АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. "Ақжол" фракциясының депутаттары жақында республикалық маңыздағы қала мәртебесіне ие болған Шымкентте ипотекалық қарызды 15 миллионнан 25 миллион теңгеге дейін көтеруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Ұлттық банктің төрағасына "7-20-25" бағдарламасына қатысты сауал жолдады. Халық қалаулысының айтуынша, кейбір аймақтарда бағдарлама шарттары жергілікті ерекшеліктерге сай келмейді. 

"Мәселен,  еліміздің ең халқы көп, орташа жалақысы ең төмен аймақтардың бірі – Түркістан облысы мен Шымкент қаласы. Бұл жерде отбасылардың дені  көп балалы болғандықтан, бір-екі бөлмелі пәтер оларға таршылық етеді. Ал бағдарлама шарты бойынша үйдің бағасы 15 миллион теңгемен шектелген. Шымкентте бұл сомаға тек екі бөлмелі пәтер ғана сәйкес келеді. Осы аядай үйге 4-5 баламен қалай сыясыз? Жақында ғана Шмкент қаласын Астана, Алматымен теңеп, мегаполис деп жарияласақ, неліктен үйдің бағасын екі есеге төмендетіп отырмыз?", — деді Дүйсенбинов. 

Ол  бағдарламаны дайындау барысында Ұлттық банк нақты жағдайды толық ескермегенін атап өтті. 

"Озық ойлы, жанашыр әкімдер шамасы келгенше бағдарламаның шарттарындағы кемшіліктердің орнын толтыруға тырысып жатыр. Мысалы, дәл сол Шымкент қалалық әкімшілігі кейбір әлеуметтік топтарға көмек қолын созып, алғашқы жарнаның жартысын өз мойындарына алуда", — деді депутат. 

Сондай-ақ, "Ақжол" партиясы фракциясының депутаты құрылыс материалдарының қымбаттауы құрылысшы кәсіпкерлердің бизнесті тастауына себепші болып отырғанын айтты. 

"Кеше Үкімет отырысында, Данияр Талғатұлы, "Инфляция әрі қарай өсе береді" деген болжам жасадыңыз. Осыған қосымша дәлел, Қазақстан құрылысшылар одағаның ақпаратына сүйенсек, көп кәсіпкер құрылыс саласынан шығып, саудаға көшті немесе мүлдем бизнеспен айналысудан бас тартуда", — деді ол.

Өзі айтқан уәждерден кейін Дүйсенбинов Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы аясында берілетін ипотекалық несие мөлшерін 25 миллион теңгеге дейін өсіруді сұрады.

"Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, "Ақжол" фракциясының депутаттары сізден бірінші, Шымкент қаласының республикалық статусын ескере отырып, "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздың жоғары шектеуін 15 миллионнан 25 миллионға дейін көтеруді; екінші, алғашқы жарнаның жартысын, субсидиялау тәжірибесін бүкіл елімізге таратуды қарастыру; үшіншісі, бағдарламаға қатысатын құрылыс компанияларын инфляция мен құрылыс материалдары бағасының өсуінен қорғау механизмдерін әзірлеу немесе құрылыстың өзіндік құнын қайта есептеуді сұраймыз", — деп түйіндеді Дүйсенбинов.

442
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана, "7-20-25" бағдарламасы., депутат, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Назарбаев Шымкенттегі тойлар туралы: бұл ақшаны жастарға баспана алуға беру керек
Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді
Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді
Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек
Астана әкімі баспана бағасы қанша екенін айтты
тор, архив

Сенаторлар түрмеде жазасын өтеп жатқандарға жұмыс тауып беруді сұрады

2
Тұтқындарды жұмыспен қамту еңбек дағдыларын дамытумен қатар, жәбірленушілерге келтірген зиянды төлеуге ақша табуға, сондай-ақ отбасына қаржылық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, деп санайды депутаттар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Сенаттың бір топ депутаты абақтыда жазасын өтеп жатқан тұтқындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Владимир Волковтың айтуынша, қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында Қазақстанда түрме халқы 30 мың адамға дейін азайды. Ал түрме рейтингі бойынша еліміз әлемде 100-орында тұр.

Десе де, қабылданған шараларға қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарында бірқатар мәселе әлі де шешімін таппаған. Солардың бірі – сотталғандарды жұмыспен қамту.

"Бүгінде түрмелерде сотталғандардың 30 проценті ғана жұмыс істейді. Ескірген өндірістік инфрақұрылым, оның ішінде қазіргі заманғы өндірістік қуаттардың болмауы, қомақты қаржы салудың қажеттігі, сондай-ақ, режимдік объектілердің жағдайы кәсіпкерлердің колонияда бизнесті дамытуға деген қызығушылығын оятпайды", - дейді мәжілісмен.

Волков тұтқындарды жұмыспен қамту еңбек дағдыларын дамытумен қатар, оларға талап-арыздарды өтеу және жәбірленушілерге келтірген зиянды төлеуге ақша табуға, сондай-ақ өз отбасына қаржылық көмек көрсетуге мүмкіндік береді деп санайды.

Депутат бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тиімді орындау және олармен жеке жұмысты ұйымдастыру үшін қамаудағыларды камерада ұстау қажет екенін атап өтті. Айтуынша, жұмыс істеп тұрған 66 түзеу мекемесінің тек 9-ында ғана камерада ұстауға жағдайы бар.

"Халықаралық стандарттардың басты талабы – отрядтық ұстаудан камералық жағдайға көшу. Түзету колонияларының көпшілігі өткен ғасырдағы кеңестік құрылыстың мұрасы болып табылады, ондағы барақ тәрізді жатақхана үлгісіндегі бір бөлмеде 100-120 адам тұрады. Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін ескере отырып, 42 түзеу мекемесі қайта жаңартуды талап етеді", - деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, сенаторлар түзету мекемелеріне бейнебақылау камераларын орнату қажет екенін айтты. Бүгінде түрмелердің небәрі 30%-ті ғана бейнекамералармен қамтылған.

Бұдан бөлек, Волков сотталғандарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету проблемасына ерекше назар аударды.

Сенат депутаттары премьер-министрден бас бостандығынан айыру орындарындағы өзекті мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрады.

2
Аурухана, архивтегі фото

Коронавирус пен пневмониядан тағы алты қазақстандық қайтыс болды

31
3200-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 287 бала бар, 117 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 201 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 287 бала бар.

"Стационарларда 2 289 науқас, амбулаториялық деңгейде 912 пациент емделіп жатыр. 117 адамның жағдайы ауыр, ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бір тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті 

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада 268 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар 174 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 111 100 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 840 адам қайтыс болды. 37 378 адам пневмониямен ауырып, 397 адам қайтыс болды.

31
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды