Қоғам

Астана әуежайында таңғы рейстер жұмысын тоқтатты

Жазылу
21 қыркүйекке дейін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында 09.00 бен 13.00 аралығында рейстер орындалмайды

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Астанада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында 10-21 қыркүйекте таңғы сағат тоғыз бен түскі бірге дейін ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады елордалық әуежай баспасөз қызметі.

Осы уақыт аралығында рейстер орындалмайды. Ал таңғы тоғызға дейінгі рейстер кесте бойынша жүзеге асырылады. Әуежай терминалдары да үзіліссіз істей береді.

Рейстердің уақыты өзгергені туралы тасымалдаушы әуе компаниялардан біле аласыз. Сонымен бірге, әуежайдың анықтамалық бюросы тәулік бойы қызмет етеді (+7 7172 702 999).

Жаңалықтар
0