Әсет Исекешев

Әсет Исекешев туралы не білеміз?

1534
(Жаңартылды 16:06 11.09.2018)
Астана қаласының бұрынғы әкімі, бүгін ғана Президент Әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалған Әсет Исекешев туралы Sputnik материалынан оқыңыз

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында туған. Білімі – жоғары, әскери атағы – запастағы лейтенант. 

"Мен – дәрігердің ұлымын" 

Әсет Исекешевтің ата-анасы кім, қайда қызмет еткен, қандай кәсіпті игергені туралы ақпарат көп айтыла бермейді. Тек Исекешевтің өзі Астана қаласындағы үздік дәрігерлерді марапаттау кезінде анасы дәрігер болғанын айтқан еді. 

"Дәрігердің жұмысын жақсы білемін. Жәй естіп қана қойған жоқпын, қандай ауыр жұмыс екенімен жақсы таныспын. Себебі, мен – балалар дәрігерінің ұлымын" — деген еді ол дәрігерлермен кездесуінде. 

Оның 1968 жылы туған ағасы бар, аты-жөні – Ерлан Исекешев. Ал, әкесі – Өрентай Исекешев қайтыс болған, өмірін энергетика саласына арнаған адам.

Әйелі – Ләззәт Исекешова. 2010 жылы туған Әлихан атты ұлы, 2010 жылы туған Кәмила есімді қызы бар. 

Қарапайым слесарь, қарапайым әкім 

Әсет Исекешев білімін Орал училищесінен бастаған. 1989 жылы училещедегі оқуынан кейін оралдық "Омега" ауылында слесарь болып жұмыс істеген. 1991 жылы Алматыдағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, "құқықтану" мамандығын алып шыққан. Артынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері академиясында мемлекеттік басқару саласын игеріп шықты. 

Университеттегі оқуынан кейін ең алдымен прокурор көмекшісі, бас маман, департамент директоры, бірқатар жекеменшік компанияларда басшы қыметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі мансабы 2003 жылы бұрынғы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде министрдің кеңесшісі лауазымынан басталған. Одан кейінгі жылдары Әсет Исекешев бірнеше рет әртүрлі ведомстволарда вице-министр болды.

Бұл екі арада (2008-2009 жж) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі де болып үлгерген. Министр ретіндегі карьерасы 2009 жылы Индустрия және сауда министрінен басталған. Индустрия министрі бола жүріп, вице-премьер, Премьер-министрдің орынбасары қызметтерін қатар атқарды. 2014 жылы Инвестициялар және даму министрі болды. Ал, 2016 жылдың маусымында Преидент Жарлығымен Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Қандай мансапқа ие болса да, Әсет Исекешев көп азаматтарға өзінің қарапайымдылығы үшін ұнап жатады. Тіпті, Астана әкімі бола тұра әуежайда қарапайым азаматтармен бірге рейс күтіп тұрған Исекешевтің суреті уазық уақыт бойы жақсы сөдермен желіде тарап жүрді.

2016 жылы 21 маусым президент жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалған Исекешев жаңа қызметіне білек сыбана кірісті. Өйтпеске, амал жоқ еді. Жан-жақты миграцияның ықпалымен шаһардың проблемасы күннен күнге көбейіп жатты. 

Мәселен, Әсет Исекешев әкім болып тағайындалғаннан кейін үш күннен соң қаланы ғана емес, бүкіл елді елең еткізген оқиға болды. Астананың Әділбек Мейрамов деген тұрғыны отбасын үйіне қамап алып, терезеден газ балонын жарып жіберемін деп қорқытты. Оның себебі – қаланың қақ ортасындағы Мейрамовтардың жер үйі сүрілу керек еді. Алайда, Әділбек Мейрамов әкімдік ұсынған өтемақыға келіспей, үйін сүруге келгендерге "жоласаңдар, балонды жарамын" деп қорқытқан.

Әділбек Мейрамов өз үйі үшін бұрын да бірнеше рет осындай жанкешті амалға барса да, оның проблемасы шешілмеген. Бірақ, Исекешев жаңа қызметін қайғылы жағдаймен бастағысы келмесе керек, Мейрамовтарға 3 бөлмелі пәтер беріп "құтылды". Әділбек Мейрамов журналистерге берген сұхбатында "нағыз әкім" осындай болу керек деп, Исекешевке алғыс айтқан.

"Онлайн" әкім 

Әсет Исекешевті өзге әкімдерден ерекшелейтін бір ғана фактор бар, ол — әкімнің әлеуметтік желіні "жақсы көруі". "Исекешевті белгілеп жібер" немесе "Әкімдік қайда қарап отыр" деген қалжың сөзді астаналықтар ғана түсінеді. Себебі, қазір қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты проблеманы халық Исекешевке фэйсбук желісі арқылы жеткізуді әдетке айналдырды. 

Тағы оқыңыз:

Әсет Исекешев желідегі ондай жазбаларды әдетте жауапсыз қалдырмайды. Тікелей қаланың мәселесіне қатысты болса, үнемі жауап беріп, қоластындағыларға тиісті тапсырма жүктейді. Бұл байланыс тәсілін жақсы көргені соншалық, Әсет Исекешев халықтан әлеуметтік желі арқылы арыз қабылдайтын "Қалалық шешімдер бюросы" атты мекеме құрды. Ол мекеме әлеуметтік желіні күні-түні сүзіп, Астана тұрғындарының әкімге айтар арыз-шағымын, қалаға қатысты өзге де проблемаларды теріп, әкімдікке жеткізеді. 

Қар мен судың "сақшысы" 

Астана қаласының әкімі ретінде Әсет Исекешевтің көп күрескен проблемасы ол – қар мен су. 

Әсіресе, қар енді жауып қалғанда және жазда жаңбыр құйғанда, қаланың коммуналдық қызметі проблеманы тез жойып үлгермесе, әкімді "жағадан алатындар" көп. Өйткені, қар жауса, қаладағы қозғалыс қатып қалады, жаңбыр жауса көшедегі көліктер суда жүзіп жүреді. Әсет Исекешев те біресе үкімет басшысынан, біресе депутаттардан ескерту алған.

Биыл тамызда да жаңбыр суы үлкен көшелерді басып қалғаннан кейін, Исекешевті сынағандар көп болды. Бұдан өзі де шаршаған болу керек, Әсет Исекешев жаңбыр суына қарсы күресетін ұлттық компания құруды ұсынды. Бірақ, әкімнің бұл ұсынысы қоғамда қолдау таба қойған жоқ. Желі қолданушылары бұны "ғасыр жаңалығы" деп атап жатты. 

Әсет Исекешевтің EXPO-2017 кезіндегі жұмысы 

Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі қызметіне EXPO-2017 халықаралық көрмесі басталардан тура бір жыл бұрын тағайындалды. Сондықтан, жұмысының алғашқы жылы қаланы басқарумен қатар, осы үлкен шараға дайындықпен өтті деуге болады. 

Көрме алдындағы қаланың келбетіне көңілі толмаған президент Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қатты сынға алған болатын. Президенттің сынынан кейін ертеңгі күні Әсет Исекешев қаладағы жер үйлердің, салынып бітпеген құрылыстардың айналасын темір қашамен қоршап тастаған. 

Ал, EXPO-2017 көрмесі аяқталуға бір апта қалғанда қаладағы Әбу-Даби кешенінде үлкен төбелес басталған болатын. Көшедегі төбелес, толған полицей көрме қонақтарына ерсі көрінетінін білген Әсет Исекешев түн ортасында төбелес болған жерге барып, ішкі істер органдарына мәселені шешуге көмектескен. 

Әсет Исекешев Әбу-Даби кешенінде шыққан төбелеске байланысты оқиға орнына барып, жұмысшылармен сөйлесті
Әсет Исекешев Әбу-Даби кешенінде шыққан төбелеске байланысты оқиға орнына барып, жұмысшылармен сөйлесті

 

"Астана- самая вышка" 

Әсет Исекешев Астанаға әкім болғандардың арасында қай жағынан да — қызметте де, әлеуметтік желіде де белсенді әкім ретінде есте қалады. Және Әсет Исекешев үшін де Астананың өзі де, әкімі ретіндегі тәжірибесі де ыстық болатыны сөзсіз. Жуырда инстаграм желісінде жасотандықтың #әкімдерчелленджіне қатысқан Исекешев Астананы бәрінен де сұлу қала деп атады. 

1534
Кілт сөздер:
әкім, өмірбаян, кадрлық тағайындаулар, Әсет Исекешев, Астана
Тақырып:
Өмірбаяндар (115)
Тақырып бойынша
Мұғалім, премьер, елші: Иманғали Тасмағамбетов туралы не білеміз?
Бекболат Тілеухан туралы не білеміз?
Қайрат Нұртас туралы не білеміз?
Нұржан Төлендиев (Тука) туралы не білеміз?
Баян Мақсатқызы Алагөзова туралы не білеміз?
Ернар Айдар туралы не білеміз?
Венера Назарбаева келін болып түскен Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз?
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

2
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

2
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Темір тор мен кісен, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты видео

719
(Жаңартылды 19:33 19.01.2021)
Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылған дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. "Ақ Жайық" порталында сот залында түсірілген видео да жарияланды.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтіргені үшін айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне қатысты үкім шыққан болатын. Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Ал неонатолог-дәрігер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Судья үкімді жариялағанда дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан "үкіммен келіспеймін!" деп, сотталушыларға арналған кабинаның терезесін ұра бастады. Осыдан кейін қарауыл оны сот залынан алып кетті.

Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты. Ал Қуаныш Нысанбаевтың өзі ештеңе түсінбегенін жеткізді. Содан кейін әділ сот болмады деп айқайлады.

"Неге бұл жерде Әлімбаева (кезекші неонатолог-дәрігер) жоқ. Ол бірінші болып баланы қараған", – деді ол. Оны да сот залынан алып кетуге тура келді.

Акушер Жәмилә Құлбатырова да сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.

"Мен дәрігерлердің айтқанын ғана істедім. Басқа еш кінәм жоқ!", – деп айқайлады Құлбатырова.

Судья Гүлмира Дәулетова үкімді аяғына дейін оқып, 15 күннің ішінде қарсы шағым түсіруге болатынын айтты.

Жаңа туған нәрестенің өлімі

2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқаннан кейін дәрігерлер оны өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған. Сотта тергеуші Асқарбек Ермұқашев дәрігерлердің телефон арқылы сөйлескен стенограммасы бар екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео

Филологиялық сараптаманың қорытындысы да жасалды. Сонда дәрігерлердің бір-бірімен кеңесіп, баланың тағдырын шешкені анық байқалады. Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар.

719
Кілт сөздер:
Атырау, бала өлімі
Тақырып бойынша
Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті: оқиғаның мән-жайы
Қызыл қаласында анасы көшеде ұмытып кеткен нәресте үсіп өлді
"Алты айлық нәресте бар": үш облыста коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды