Білім күні

Аймағамбетов ата-аналардың мектепке қандай құжаттар өткізуге міндетті емес екенін айтты

243
(Жаңартылды 11:32 12.09.2018)
Асхат Аймағамбетов мектептерде сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселесі қалай жүргізіліп жатқанын айтып өтті

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Биылдан бастап 1-сыныпқа қабылдану үшін мекен-жай мен бала ата-анасының жұмыс орнынан анықтама қажет емес. Осылай мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Олжас Бектеновтің төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен жиын барысында, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Жаңа оқу жылынан бастап 1-сыныпқа қабылданғысы келетіндер өткізетін құжат саны кеміді. Вице-министрдің айтуынша, биыл мектепке қабылдану үшін тек 4 құжат қажет және олардың тізімі әр мектепте ілінген. 

"Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты белгілі бір стандарттар бар. Біз осы стандарттарды әр мектепке ілгіздік. Егер осы стандарттар ілінбеген болса, біз оларға қатысты белгілі бір шаралар қолданамыз. Міндетті түрде болуы керек құжаттар арасында сурет пен баланың денсаулығы туралы медициналық анықтама бар. Яғни әдетте өткізілетін құжаттар. Алайда биылдан бастап құжаттар саны екіге кеміді. Олар – мекен-жай анықтамасы мен ата-анасының жұмыс орны беретін анықтама", — деді Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ, ол мектепке қабылдану кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселесін қолға алғандарын жеткізді. Бұл үшін тың өзгерістер енгізілген-ді. 

"1-сыныпқа қабылдануды автоматизациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір бұл жобалар пилоттық режимде іске қосылып үлгерді. Мектепке қабылдануға қатысты проблемалардың бар екені жасырын емес. Әсіресе, жоғары сұранысқа ие мектептерге келгенде. Сондықтан бұл жерде әр адамның құқығының қорғалуын қамтамасыз етуіміз керек", — деді ол. 

Вице-министр ата-аналардан жиналған ақша жемқорлық болып саналатынын ескертті

Бұдан өзге Асхат Аймағамбетов түрлі үйірме мен секцияға қабылдану тәртібі де автоматизацияланатынына тоқталды. Яғни оқушының белгілі бір үйірмеге қабылдануы жалпыға ортақ цифрлық жүйе бойынша жүзеге асады. 

243
Кілт сөздер:
ата-ана, құжат, мектеп, цифрландыру, оқушы
Тақырып бойынша
Қызылорда мектебіндегі рекорд: жаңа оқу жылында 21 бірінші сынып ашылды
Павлодарлық бірінші сынып оқушысы әлеуметтік желіде жұлдыз болды – қызықты видео
Ерке Есмахан "Қайданы" 9-сынып оқушысынан қалай алды?
Оқушы мұғаліміне пышақпен тап беріп, сынып бөлмесін өртеп жіберді
Латын әліпбиіне байланысты мектептерде нөлінші сынып кеш енгізілмек
Шымкентте асылып қалған жасөспірімге жоғары сынып оқушылары маза бермеген
6-сынып оқушысын қонақ үйге апарып, зорлап тастаған ауыл тұрғыны ұсталды
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

22
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

22
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

1058
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

1058
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын