Бас мүфти Серікбай қажы Ораз

Бас мүфти 100 имамға ай сайынғы жалақы тағайындады

536
(Жаңартылды 18:02 13.09.2018)
"Қажылық қоры" есебінен 100 ауыл имамына 50 теңге мөлшерінде айлық беріледі

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті хаттамалық жиналыс өтіп, дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, оларды жалақымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлының шешімімен 100 имамға 50 мың теңге мөлшерінде жалақы берілетін болды. Айлық мүфтият жанындағы "Қазақстан қажылық қоры" есебінен төленеді.

"Елімізде 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі — өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша 100 ауыл имамына "Қазақстан қажылық қоры" есебінен 50 мың теңге айлық беріледі. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз", — деді бас мүфти.

Бұдан бөлек, "Уақып" қайырымдылық қоры да 300-ден астам дін қызметкеріне орта есеппен 50 мың теңге қаржылай қолдау көрсетіп келеді.

Имам үшінші жары етіп 11 жастағы қызды алды

ҚМДБ ақпаратынша, республикада 2605 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы — дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 проценті ғана жалақымен қамтылған.

536
Кілт сөздер:
дін қызметкері, Бас мүфти, имам, теңге, жалақы, Астана
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті
Ерке Есмаханның имам ағасы қарындасының киім киісіне қатысты пікір айтты
Елімізде "100 үздік имам" мен "үлгілі мешіт" анықталады
Имам әлеуметтік желідегі жазбасы үшін қызметінен алынды
Алматы облысында жұртты қан қақсатқан имам сотталып жатыр
Бас имам: суицид жасағандарды бөлек жерлеуге әуелде тұрғындар қарсы болды
Атырау облысында екі имам төбелесіп қалған
Коронавирус, госпиталь

Қазақстандағы коронавирус: комиссия соңғы ақпаратты бөлісті

10
(Жаңартылды 09:03 26.10.2020)
Індетке шалдыққандар саны Шығыс Қазақстанда көп тіркелді. Бір тәулікте жиырма бес адам, астанада - 23 науқас

НҰР-СУҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik.  Қазақстанда өткен тәулікте 140 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. 

Індетке шалдыққандар саны Шығыс Қазақстанда көп тіркелді. Бір тәулікте 25 адам, астанада - 23 науқас, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 23
  • Алматы қаласы - 15
  • Ақмола облысы - 14
  • Ақтөбе облысы - 4
  • Алматы облысы - 8
  • Атырау облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 25
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 5
  • Қарағанды облысы - 10
  • Қостанай облысы - 6
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 542. 

Коронавирустық пневмония

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы тіркелді. 71 адам емделіп шықты, бір адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері 36 921 адам дертке шалдығып, 394 науқас көз жұмды. Жазылып шыққандардың саны  - 28 531 адамға жетті.

 

10
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Кавасаки синдромы коронавирустың асқынған түрі ме - ғалым жауап берді
Тұрмыстық зорлық-зомбылық

"Сотқа жібереді": отбасында жанжал шығаратындар қалай жазаланады

592
Қазақстанда карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы көбейді. Мұны ресми статистика да растап отыр. Қазіргі заңнама отбасылық жанжал құрбандарын қалай қорғайды? Депутаттар жаңа заң жобасын не үшін әзірледі? Мәселені Sputnik Қазақстан тілшісі зерделеп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Бүгінгі заңнамада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бірнеше шара қарастырылған. Соның бірі – қорғау ұйғарымы. Оны учаскелік полицейлер жәбір көрген адамның арызы бойынша жазады және жанжал шығарған кісінің қолына тапсырады. Осы құжатта нақты шектеулер көрсетілген. Атап айтқанда, 30 күн бойы жәбір көрген адамды іздеуге, қысым жасауға, телефон және тағы басқа байланыс құралдары арқылы сөйлесуге тыйым салынған. Ал қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін әкімшілік жаза бар.  

Хабар беруге қорқады

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 461-бабына сәйкес, қорғау ұйғарымын бұзған адамға ескерту жасалады, я болмаса, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алады. Ондай тәртіп бұзушылықтар бір жылдың ішінде қайталанса, 15-20 күнге дейін жауып тастайды. 

Дегенмен, дәл осы қорғау ұйғарымы көп жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғай алмай жатады. Себебі зардап шеккендердің көбі полицияға арыз жазғаны былай тұрсын, хабар беруге де қорқады. Ал құқық қорғаушыларды шақырған күннің өзінде артынан өз талаптарынан бас тартады. 

Ресми мәліметке сәйкес, биыл 8 айдың ішінде құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық зомбылық белгісі бар оқиғалар туралы 130 мың рет хабар түскен. Соның бәрін тексере келе, 2,5 мың қылмыстық және 30 мың әкімшілік іс қозғалды. Ал қалған оқиғалар бойынша ешқандай шара қабылданған жоқ. Себебі жәбір көрген адамдар арыз-шағымнан бас тартты. Сонда 100 мыңға жуық адам өздеріне жұдырық алып жүгіргенді аяп, жазаға тартпауға шешім қабылдапты. 

Тағы оқыңыз: Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады

Енді, ондай адамдар жазадан құтыла алмайды. Жаңа заң жобасына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыз түспесе де, полицейлер қорғау ұйғарымын өз еркімен жаза береді. Әрине, құқық қорғаушы , алдымен, ондай қажеттіліктің бар-жоғын байқайды, яғни, жанжал шыққан үйдегі жағдайды қарайды. Беті көгерген немесе жарақат алғандар бар ма, жоқ па, соның бәрін зерделейді. Көршілердің пікірін сұрайды. Сөйтіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі болса, бірден қорғау ұйғарымын шығарады. Ондай шара полицияға арыз беруге қорқатын адамдарды қорғауға көмектеседі деген болжам бар. 

Ақылға келеді

Бұдан бөлек, заң жобасында тағы бір ұсыныс бар. Оған сәйкес, қорғау ұйғарымын алған адамды 10 күнге үйден шығарып жіберу керек. Сонда ол отбасымен бір жарым апта бойы араласпай, ақылға келеді және жасаған қателігін түсінеді деген болжам бар. Бүгінгі заңнамада ондай шара қарастырылған. Бірақ оған тек соттың шешімімен міндеттей алады. Сосын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды үйден шығарып жіберу үшін оның тағы бір үйі болуы керек. Сот 30 күнге дейін отбасыдан бөлек тұруға шешім шығара алады.

Бұдан бөлек, судья ішімдік пен есірткі заттарын қолдануға тыйым салады. Ал соттың шектеулері бұзылса, 5 АЕК (13 890 теңге) көлемінде айыппұл немесе 7 күнге дейін әкімшілік қамау қарастырылған. Осы әрекет қайталанса, 10 күнге дейін ұзартылады. 

Негізі, осы уақытқа дейін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына біраз өзгеріс енгізілген. Мәселен, бұрын зардап шеккен адам барлық дәлелді өзі жинаса, қазір ондай айғақты полиция жинақтайды және сотқа жібереді. Сосын жүкті әйелдер мен кәмелет жасқа толмағандарды азаптағаны үшін жаза күшейтілді. Ондай әрекеттер үшін, кем дегенде, төрт жылға түрмеге қамап тастайды. 

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтің айтуынша, пандемия кезінде полиция тарапынан қосымша шаралар қолға алынды. Мәселен, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабар беруге қорқатын адамдар телефон арқылы құпия сөз айтып, құқық қорғаушыларды шақыра алады. 

"Сосын пандемия жағдайында қашықтан бақылау жүйесі де енгізілді. Ондайда полицейлер жауапқа тартылған адамға әлеуметтік мессенджерлер арқылы бейнеқоңырау шалып, не істеп жүргенін бақылап отырады", - дейді Баймұқашев.  

Оның айтуынша, осы санаттағы тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйінде жасалады. Сосын жұмыссыз жүрген адамдар ұрыс-керіс жиі шығарады. Зардап шеккендердің жартысы әйелдер болса, 6 проценті – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Ал қалған 40 проценті – ер адамдар. Олар әкесінен, ағасынан және тағы басқа туған-туысынан жәбір көрген екен.

592
Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық, отбасы
Тақырып бойынша
"Ол ешқашан тоқтамайды": оралдық әйел күйеуі туралы шындықты жайып салды
Күйеуі ұрып-соғатын әйелдер өзін қалай қорғай алады - мамандар кеңес берді
Елордада күйеуі өртеп жіберген әйелдің енесі оқиғаға не себеп болғанын айтты
Министр карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады