Қоғам

Алматыда концерт кезінде төрт бала зардап шекті

© Photo : Gakku TVАлматы қаласындағы "Астана" алаңында орналасқан сахна
Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан сахна - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәрігерлер зардап шеккен балаларға дер кезінде көмек көрсетті

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында өтіп жатқан "Gakku Дауысы" музыкалық фестиваліне халық көп келіп, салдарынан балалар зардап шеккен. 

Әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде осы сәт түсірілген видео жарияланған еді. Жүргізуші жұрттан қозғалмауды өтінді, себебі балалар қысылып қалған. Желі қолданушылары сахна құрылымы құлады деген болжам жасайды.

Дәрігерлер оқиға орнында зардап шеккен 4 балаға көмек көрсетті. Концерт ұйымдастырушылары балалардың жағдайы жақсы деп сендірді. 

Концерт "Астана" алаңында өтіп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0