Ер адам шаршап отыр

Психоаналитик неліктен адамдардың бір-бірін көреалмайтынын түсіндірді

498
(Жаңартылды 18:25 16.09.2018)
Маман көреалмаушылық сезімінің көптеген ауруға шалдықтыратынын айтты

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. Адам бірінші кезекте өзгенің шығармашылығын қызғанады. Яғни қолында жоқ, бірақ өзгеде бар нәрсе өзінде де болғанын қалайды. Сондай-ақ, көреалмаушылық сезімі адамды түрлі ауруға шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы толығырақ психоаналитик Жанар Оспанова айтып берді. 

Көреалмаушылық дегеніміз — адамның өзгелердің жетістігі мен шығармашылығына қызғанышпен қарауы. Әдетте бұл сезімнің құрсауында жүрген адамдар үнемі өздерін өзгелермен салыстырып, материалдық немесе материалдық емес бір нәрсені иеленуге тырысады.

Десе де бұл сезімді кез келген адам ұлты мен жынысына, мінезі мен темпераментіне қарамастан бастан кешіруі мүмкін. Мамандар уақыт өте келе бұл сезімнің адам бойында азая түсетінін айтады. Әсіресе, 18-25 жас аралығында көп болып, 60-қа таяған шақта азаяды екен.

Бұл сезімнің адам бойында пайда болу себебі оның тарихында жатыр.

"Көреалмаушылық сезімі кез келген адамның бойында болуы мүмкін. Яғни адам өзінде жоқ нәрсені өзгеден көрген кезде қызғанышқа бой алдырады. Әдетте кедей байды қызғанады. Осы тұста алғашқысының қызғанышы кейінгісін жамандау арқылы көрініс табады. Мысалы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен азаматтар "Байлар ақшаны өз күштерімен тапқан жоқ, біреуден пара алған болар" немесе "Байлық адамды құртады" деп жиі айтады. Шын мәнінде, бұлай дейтін адамдар басқаларды көреалмай жүр. Ең қызығы, осы сөздерді айтып отырған адам баю үшін еш әрекет жасамайды. Оның әртүрлі себебі бар", — деді психоаналитик Жанар Оспан.

Психоаналитик: әйел бірінші орынға күйеуін, кейін ғана балаларын қоюы керек

Біреуді қатты көреалмай отырғанын жасыратын адамдар түрлі ауруға шалдығады. Өйткені, олар жағымсыз эмоцияны сыртқа емес, ішіне жібереді. Сондай-ақ, физиологиялық дене бітіміне қарай әйелдер ер адамдарды, ал ер азаматтар керісінше нәзік жандыларды қызғанады. Алайда бұл қызғаныш бейсаналы деңгейде жүзеге асады. Адам саналы түрде бойында мұндай қызғанышының бар екенін білмеуі мүмкін.

"Кейде ата-аналар балаларын қызғанып қалулары мүмкін. Өйткені, баланың болашағы алда және ол қазірдің өзінде үлкен жетістікке жетіп отыр. Керісінше балалар да ата-анасына қызыға қарап, оларда бар ақша, дәреже сындыларға келгенде көреалмаушылық танытулары мүмкін", — деді психоаналитик.
Яғни бұл да көреалмаушылық көрініс табатын жағдайлардың бірі.

Әдетте көреалмаушылықтың екі түрі болады. Олар — конструктивті және деструктивті көреалмаушылықтар. Алғашқысында адам осы көреалмаушылық сезімін жақсы жақта пайдаланып, өзгелерден асып түсуге тырысады. Өзін жан-жақты дамытып, жетістіктерге жетеді. Ал кейінгісінде бойындағы көреалмаушылық сезімін жеңе алмай қиналады. Бар жағымсыз эмоцияны ішінде сақтап, қауіпті ауруға шалдығады. Тіпті, өзін құртып жіберуге дейін баруы мүмкін.

"Мелани Кляйн есімді психоаналитик осы тақырып төңірегінде көп зерттеу жүргізген. Ол сәби шақта болған жағдайлардың барлығы адамның ересек кездегі өміріне әсер ететінін айтады. Мұны анализ кезінде де байқауға болады. Мысалы, көп жылдан бері емделіп жүрген клиент аналитігіне "Мен мүлдем жазылмадым. Көп уақыт өтсе де, өмірімде еш жақсы өзгеріс болмады" деп айтуы мүмкін. Яғни клиенттің өзін емдейтін маманға деген көреалмаушылығы осылай көрініс табады. Кляйн осы тақырыпты терең зерттей келе бұл сезімнің түп-төркінін сәбидің ана сүтіне деген қызғанышымен байланыстырды", — деді ол.

Ал, Сіз құрметті оқырман, бұл сезімге қатысты не дейсіз? Өзгелердің шығармашылығы мен жетістігін қызғанған кезіңіз болды ма?

498
Кілт сөздер:
кедей, көреалмаушылық, психоаналитик, психоанализ, қызғаныш
Тақырып бойынша
Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты
"Өлімге құштарлық". Адам өмірден өтетін күнін өзі таңдайтыны рас па?
Психолог қандай адамдардың және неге күз мезгілін ұнатпайтынын айтты
Психолог: қыздардың шетелдікке тұрмысқа шыққаны балаларына жақсы
Психолог күн бұлттанған кезде қалай тамақтану керектігін айтты
Психолог тәуелсіздік құрдастары туралы: оларда ішкі бостандық басым
Психолог: ата-аналардың "өлім топтарына" қатысты дүрлікпе зиян тигізуі мүмкін
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

42
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

42
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

390
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

390
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады