АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Еуропа урологтары қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, доцент Зуфар Хакимходжаев ноктурияның (түнде кіші дәретке жиі бара беру) белгілері туралы айтып берді.
Ол Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында пациенттер көп жағдайда аурудың жекелеген белгілеріне көңіл аудармайтынын айтты.
"Зәр шығару жүйесі бұзылғанда, ер адам көбіне мұны простатит немесе простата аденомасы деп ойлайды. Простатаның (қуық асты безі) ең жиі байқалатын түрі — ноктурия. Яғни, адам түнде бірнеше рет оянып, кіші дәретке барады", — дейді уролог.
Айтуынша, бұл проблеманың салдары ауыр.
Әуежайларда дәретханада киім ауыстыруға тыйым салынбақ
"Ноктурияның қаупі — ол адамға түнгі уақытта толыққанды демалуға мүмкіндік бермейді. Ұйқысы қанбаған адам өзін шаршаңқы сезініп, жұмыс қабілеті төмендейді. Бірнеше ай, тіпті жылдар бойы дұрыс ұйықтамайтын адамның өзін қалай сезінетінін елестете беріңіз", — дейді дәрігер.
Ол зерттеу бойынша 40 жастан асқан адамдардың ұйқысының бұзылуына дәл осы ноктурия себеп екенін атап өтті.
"Ауру, көбіне, ерлерде жиі кездеседі, мәселен, жетпіс жасқа қарай ер адамдың 70%, ал әйелдердің 50%-і осы аурумен ауырады. Ерлерде бұл патология, негізінен, простатамен байланысты. Ол басқа да, мәселен жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне ықпал етеді. Олардың ең кең таралғаны — артериялық гипертензия (жоғары қысым). Адам ұйықтап жатқанда, артериялық қысым 5-10 бірлікке төмендейді, ал ноктуриямен ауыратын пациенттердің жүрегі күндізгідей жұмыс істей береді. Статистика бойынша, төрт жылдан астам ноктуриямен ауыратын қан қысымы жоғары ерлер арасында өлім-жітім өте жоғары — 30 процентке жуық. Ал әйелдерде бұл көрсеткіш төмен — 10% шамасында", — дейді Хакимходжаев.
Ол урологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтап, уақытында емделу керектігін ескертті.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды фармацевтика кешені ресейлік Гамалея институтынан "Спутник V" вакцинасының белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ауызша жауап алды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚФК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Фольмер хабарлады.
"Бәрі сәйкес келетіні жөнінде ауызша жауап алғанымызға біраз уақыт болды. Енді бұл топтамалар үшін олардың паспортын күтіп отырмыз. Біз паспортты алғаннан кейін Қазақстанда шығарылған осы препаратты тіркейміз. Яғни, тіркеу куәлігін аламыз", - деді Владимир Волмер Sputnik Қазақстанға.
Ол 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін алғашқы коммерциялық топтама өндіріледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
"Біз осы аптада топтаманы әзірлеп, бір айға созылатын талдауға жіберуді жоспарлап отырмыз. Келесі айдың соңында алғашқы коммерциялық топтаманы шығарамыз", - деп атап өтті Фольмер.
Барлық топтаманың үлгісі тексеру үшін Ресейге жіберіледі, деді ол.
"Біз мұнда өз талдауымызды жүргіземіз. Оған қоса ресейліктер (Гамалея институты) қосымша бақылайды. Қазір шамамен 80-90 мың доза шығарамыз. Бәрін жібермейміз. Барлық партияның бір бөлігі таңдалып алынады", - деп түйіндеді ол.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Бұған дейін Қарағанды фармацевтика зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапаны тексеруге жіберілген болатын.
Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын алдын ала тіркеу 2021 жылдың 26 қаңтары мен 11 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Вакцинаның өндірістік топтамасын жеткізу 2021 жылдың 12 ақпанында басталмақ.
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Сот талқылауы 18 қаңтарда Алмалы аудандық сотында өтті.
"Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.
Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол – қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамитов.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.
Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.
"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.
Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.
"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.
Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.