Есірткі

Қазақстанда есірткі жарнамалайтын 845 сайт анықталған

65
(Жаңартылды 17:24 26.09.2018)
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 529 интернет-ресурсты бұғаттаған

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Бүгін мәжілісте "Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды. 

Марихуана
© Photo : ДВД Южно-Казахстанской области

Заң жобасын талқылау барысында депутат Нұрлан Әбдіров Қазақстанда есірткі жарнамалайтын 800-ден астам интернет-ресурс анықталғанын айтты.

"Мемлекет басшысының бастамасымен Алматыда есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестірушілік орталығы сәтті жұмыс істеп тұр. 20 жыл ішінде біздің елімізде есірткі қылмысы мен есірткіні қолдану деңгейі екі есеге төмендеді. Соңғы уақытта Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестірушілік орталығы жаңа психоактивті заттардың ерекше қаупі туралы дабыл қағуда. Елімізде олардың заңсыз айналымы өсіп жатқаны байқалады. Есірткі диллерлері есірткіні көбіне интернет арқылы сатады. Есірткіні жарнамалайтын және тарататын 845 интернет-ресурс анықталған. Ақпарат және комуникациялар министрлігі осыған ұқсас 529 сайтты бұғаттады. Телеграмм мессенджерінде 12 канал анықталды", — деді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, осындай жағдайда етене халықаралық іс-қимылға сұраныс арта түседі.

"Жуырда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер аумағында өткізілген есірткіге қарсы операцияның қорытындысы есірткіден үлкен қауіп бар екенін көрсетті. Операцияға Иран мен Қытай да қатысты. 5 тонна опиат пен 2 тонна синтетикалық есірткіні қоса алғанда, 9 тонна есірткі тәркіленді. 7 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды. Бір ғана операция барысында есірткімен бірге 115 дана атыс қаруы мен 2,5 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді", — деп атап өтті депутат.

65
Кілт сөздер:
бұғаттау, сайттар, мемлекет, тонна, қылмыс
Тақырып бойынша
Қазақстан шекарасында денесіне есірткі жасырған ресейлік ұсталды
Жамбыл облысында есірткі сатушылар тобын жас әйел басқарған
Есірткі шегіп алып, адам қағып өлтірген жүргізуші сотталды
Ақтөбеде есірткі шегіп алған КамАЗ жүргізушісі әйелді басып кетті
Асқазанына есірткі салып алған ер адам Қазақстан шекарасынан өтпек болды
Астанада есірткі сатушыларға көмектескен полицейлер қатаң жазаланды
Назарбаев: мені жастардың есірткі қолданатыны қынжылтады
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

9257
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

9257
Сот, архив

Алматыда ер адам жауап алудан кейін өз-өзіне қол жұмсады сот кімді жазалады

448
Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай, хаттама толтырып, жеке тінтуден кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда қайтыс болған азаматтың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің тергеушісі қылмыстық салғырттыққа жол бергені үшін кінәлі деп танылды. Тергеуші жауап алғаннан кейін ер адам терезеден секіріп кеткен. Алматыда сот тергеушіні кінәлі деп тауып, оған қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Іс қаладағы Алмалы аудандық сотында қаралды. Алматы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Бек Исаев кінәлі деп танылды.

Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі ("Абайсызда ауыр зардаптарға алып келген салғырттық") бойынша екі жылға сотталды. Сот үкімі 9 шілдеде шықты. 

"Ол күдіктінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін тергеуге алынды. Күдіктінің ментальді сырқаты қозып, өз-өзіне қол салды", - делінген хабарламада.

Қазақстандық БАҚ өткен жылдың қыркүйегінде 44 жастағы Ерлан Қоныспаевтың көз жұмғаны туралы жазды. Ол ғылым саласына бөлген қаражатты жымқыру фактісіне байланысты жауап алуға шақырылған. Жауап алғаннан кейін тергеуші Қоныспаевты уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім қабылдайды.

Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай, хаттама толтырып, жеке тінтуден кейін Қоныспаев ыңғайлы сәтті пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда қайтыс болған азаматтың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді.

448
Кілт сөздер:
тергеуші, сот, Алматы
Тақырып бойынша
Мәйіттерді өртеп жіберген: Такси жүргізушілерді өлтіргендер өмір бойына сотталды
Атырауда телефон арқылы бопсалауға ұшыраған әйел өз-өзіне қол жұмсады
Алматы облысында судья 9 жылға сотталды
БҚО-да жас қыз нәрестесін әжетханаға тастады: сотта жантүршігерлік жағдай анықталды
"СК-Фармация" ісі: Біртанов сотта өкініш білдірді

Жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма видео

0
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ вакцина салдырған әйелдер баласын әрі қарай емізе алатынын айтты 

Бұл тақырып кейінгі кездері Қазақстанда да жиі талқыланып жүр. Соған байланысты Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінен ресми жауап беруін сұрады.

Вакциналау және жүктілік тақырыбы бойынша денсаулық сақтау министрлігі акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басқарма төрағасы Динара Мырзахметова және қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жүкті әйелдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуға қатысты сауалдарға жауап берді.

Динара Мырзахметованың айтуынша, қазірге дейін вакцинаның жүкті әйелдерге қалай әсер ететіні туралы зерттеу жүргізілмеген. Сол себепті жүктілік кезінде вакцина салу қарсы көрсеткіш болып саналады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина шығарылатын өндірістерде жүргізілетін клиникалық өзгерістердің нәтижесі бойынша белгілі бір тұжырымдар жасайды. Соңғы 10 күнде Америкада 90 мыңға жуық жүкті әйел коронавирусқа қарсы екпемен қамтылғаны туралы ақпарат түсіп жатыр. (...) Біздің елге келіп түскен 4 түрлі вакцинаның сипаты, шығару, өндіру технологиясына жүгінетін болсақ, бұл вакциналардың құрамында жүктілік кезінде кері әсер ететін ингредиенттер жоқ", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Маманның сөзінше, Қазақстанда кейінгі жылдары жүктілік кезінде тұмауға қарсы вакцина салынады. Қазірге дейін олардың арасында вакцинадан кейін ауыр жағдайға тап болғандар тіркелмеген.

Сонымен қатар елімізде вакцинаның бірінші компонентін салдырған соң өзінің жүкті екенін білгендер бар. Мұндай жағдайда жүктілікті тоқтатудың қажеті жоқ.

"Мамандардың кеңесіне жүгіну қажет. Статистикалық мәлімет бойынша мұндай жағдай өте аз кездеседі. Алайда нақты саны жоқ, оларды жаппай статистикаға алып жатқан жоқпыз. Әр өңірден келіп түсетін бірен-саран жағдайлар", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

0
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, жүкті әйел