Қоғам

Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарды: комитет тексеріс жүргізеді

© Photo : официальный аккаунт в соцсетиТөреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті
Төреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыркүйек айының ортасында "Алматы - Гонконг" рейсін орындаушы ұшақта келеңсіз оқиға болған

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Төреғали Төреәлінің ұшаққа заңсыз кіріп, рейсті кешіктіргеніне шағымданғаннан кейін, Қазақстанның инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті осы оқиғаға қатысты жауап берді.

"Алматы-Гонконг рейсін орындаушы "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясының ұшағына бөгде тұлғаның кіруіне қатысты азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс инспекциялық тексеріс жүргізеді. Тексеру барысында аталмыш оқиғаның мән-жайы толық тергеледі. Нәтижесіне байланысты тиісті шаралар атқарылады", — деп хабарлады комитет баспасөз қызметі.

Әнші ұшаққа неге кірген?

Жүктілік - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Төреғали Төрәлінің әні астаналық әйелдердің толғағын жеңілдетеді

Бұдан бұрын Әбенов инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ҰҚК қызметіне әншінің билеті болмаса да, қауіпсіздік тексеруі мен шекаралық бақылаудан қалай өткенін сұрап, арыз жазған болатын.

Оқиға қыркүйектің 13-інен 14-іне қараған түні болыпты. Билеті жоқ азамат "Алматы-Гонконг" бағдары бойынша ұшуға дайындалып жатқан ұшаққа кіреді. Ол танымал әнші болып шықты. Төреғали Төреәлі орналасуға көмектесу үшін әйелі және балаларымен бірге VIP-залы арқылы өткенін түсіндірген.

Ақыры соңында қауіпсіздік қызметі шақырылып, жолаушылар қайта тексеріліпті. Сөйтіп, рейс біраз кешіккен.

Атышулы Төреғали Төреәлі

Былтыр желтоқсан айында әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Төреғали Төреәлі Павлодардағы концерті кезінде қарт көрерменді балағаттаған болатын.

Әнші әуелгіде видеоны "жалған" деп пікір білдірді. Әндері танымал радиостанция эфирінен алынып тасталып, концерттері өткізілмей қалғандықтан, әртіс кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Жаңалықтар
0