Пәтер

"7-20-25": бір миллион теңге кімге және қалай берілетіні белгілі болды

5517
(Жаңартылды 17:09 11.10.2018)
Бір миллион теңге жұрттың бәріне бірдей берілмейді: бастапқы жарна үшін қаражатқа ие болудың шарттары жайында "Баспана" ипотекалық ұйымы айтып берді

АЛМАТЫ, 8 қазан — Sputnik. "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаға бір миллион теңге елдің бәріне бірдей берілмейді. Бұл жайында бүгін "Баспана" ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков айтты. Ол тұрғын үй сертификаттары түрінде берілетін қаржыға ие болудың шарттары жайында мәлімет берді.

"Осы тапсырма аясындағы жоспарымыз бойынша, әкімдіктер мен жергілікті атқарушы органдар сертификаттарды, президент айтқандай, әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне — ұстаздар, дәрігерлер, полицейлер және тағы басқаларына беретін болады", — дейді Алтынбеков.

Оның сөзіне сүйенсек, сертификаттың орташа мәні бір миллион теңге болмақ. Азаматтың қандай сомада сертификат алатыны пәтердің құны байланысты – қалай болғанда да сертификат баспана құнының 10%-ынан аспайды.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 20%, оның жартысы, яғни соманың 10%-ы жергілікті атқарушы органдар есебінен қаржылай көмек ретінде беріледі", — деп түсіндірді ипотекалық ұйымның басқарма төрағасы.

Сертификаттың екі түрі

Ипотекалық сертификаттар екі схема бойынша беріледі. Кей қазақстандықтар оны тегін алады.

"Ипотекалық сертификаттарды берудің екі нұсқасы бар: қайтарымсыз әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады немесе ұзақмерзімді пайызсыз несие ретінде беріледі", — дейді Қайрат Алтынбеков.

Қайтарымсыз әлеуметтік көмек қалалық мәслихаттар көмегімен үлестірілетін болса, пайызсыз несиенің ережелері туралы әлі хабарланған жоқ. Алтынбековтың айтуынша, жобаның бүге-шігесі мен орындалуына әкімдіктер жауапты, сертификаттарды беру ережелері мен тәртібін де солар бекітеді.

Жергілікті атқарушы органдардың қаражатты бөлуін ешбір құзырлы орган қадағаламайды. Ал әкімдіктер қабылдаған сертификат беру тәртібі әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін.

Сертификаттар қашан беріледі

Тұрғын үй сертификаттары осы айдан бастап беріледі деп жоспарланған.

Бастапқы жарнаның жартысын төлеуге барлығы 50 миллиард теңге бөлініпті. 

Өткен айда инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек "7-20-25" бойынша пәтер алу үшін бастапқы жарнаға қаражаты жетпейтін отбасыларға көмек көрсету жайында сөз қозғаған болатын. Сол кезде пайызсыз қарыз беру мәселесі көтерілген еді.

Министрдің айтуынша, "Баспана" құрған екі бағдарлама әкімдіктердің көмегімен жүзеге асады.

Қыркүйек айының басында жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін қысқарту туралы меморандумға "Баспана" ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков пен Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қол қойған. Дәл осындай келісімді Ақтөбе облысы басшылығы да жасасты.

5517
Кілт сөздер:
көмек, пәтер, баспана
Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (35)
Тақырып бойынша
"7-20-25": Депутаттар Шымкент үшін ипотека мөлшерін көтеруді сұрады
"7-20-25": Мыңнан астам халық тұрғын үй бағдарламасымен баспана алады
"7-20-25": пәтер алғандардың айлық табысы 200 мың теңге екені анықталды
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы
"7-20-25" бойынша алғашқы айдағы қорытынды: қанша қазақстандық баспаналы болады
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы: шарттары мен ережелері
Қанша адамның "7-20-25" бағдарламасы бойынша кредит алғаны белгілі болды
"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?
"7-20-25": Астана мен Алматыда банк күніне 1500-1900 адамды қабылдап жатыр
"7-20-25": Астана тұрғындары банкте сағаттап кезекте тұр
"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша ипотека берілгені белгілі болды
Елжан Біртанов

Экс-министр Біртанов ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

1938
(Жаңартылды 13:12 31.10.2020)
Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде Біртановты 30 қазанда Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитеті тергеу департаментінің қызметкерлері ұстады деген мәлімет пайда болды. Оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ. 

"Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеуге қатысты ақпарат 201-бапқа сәйкес жарияланбайтынын хабарлайды. Кейін ақпарат беретін боламыз", - деді комитеттің баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Желідегі ақпарат бойынша экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған. 

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

1938
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау министрлігі, тергеу, Елжан Біртанов
Тақырып бойынша
Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты 
"Үлкен қауіп бар": Біртанов коронавирус ауылдарға жеткенін айтты
"Бұл төтенше жағдай": Министр Біртанов неге алаңдап отырғанын айтты
Ауруханада жатқан министр Біртанов желіде дәрігерлер туралы жазба жариялады
Денсаулық министрі Біртанов қызметінен босатылды
Коронавирус сынамасы

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

95
(Жаңартылды 14:14 31.10.2020)
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың дені Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Павлодар облысында дертке шалдыққандар көп

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қызылорда облысында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 31
  • Алматы қаласы - 21
  • Шымкент қаласы - 6
  • Ақмола облысы - 39
  • Ақтөбе облысы - 6
  • Алматы облысы - 14
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 233
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 13
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 12
  • Маңғыстау облысы - 6
  • Павлодар облысы - 25
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 21
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111 953. 

 

95
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Қырау басқан жапырақтар

Тұман, жаңбыр және қатты жел ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

54
Республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте жаңбыр жауады деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда, синоптиктердің болжамынша, 1 қарашада күн ашық болады.

Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады

Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/c дейін күшейеді.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында 1 қарашада тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. 3-5 м/c жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-4 градус, ал күндіз – 5-8 градус жылы.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз. Секундына 1-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4... +5 градусты, ал күндіз +9... +10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн жылы әрі ашық,  2-5 м/c жел соғады. Ауа температурасы түнде +3... +5, күндіз +17... +19 градус болады.

54
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы