Жұмыртқа

"GGG жұмыртқасы". Шымкенттік кәсіпкердің тапқырлығы елді елең еткізді - фото

1607
(Жаңартылды 17:36 14.10.2018)
Жұмыртқаның қаптамасындағы жазу атақты боксшының GGG белгісіне қатты ұқсайды

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Геннадий Головкиннің "GGG" бокс белбеуінің стилінде жасалған жұмыртқа қаптамасы Астанада отандық тауарөндірушілер көрмесінде халыққа ұсынылды.

Көрмеге келушілердің бірі, блогер Ерлан Сәкеновтың айтуынша, бұл "спорттық жұмыртқалар" (қаптамасында жазылған) Шымкенттік тауарөндірушіге тиесілі екен. Ерекше өнімнің суретін желі қолданушысы өз парақшасында жарияланды.

"Бұл емес – EGG, яғни ағылшын тілінен аударғанда жұмыртқа дегенді білдіреді", — дейді тапқыр кәсіпкер.

Көз тартатын қаптамаға оралған пайдалы асты Қазақстанның оңтүстігінде ғана сатып алуға болады. Астана және басқа қалалардың базарларына тасымалдау туралы кәсіпкердің жоспары жоқ. 

Атап өтсек, "Қазақстанның үздік тауары" атты республикалық көрме байқауы "Көрме" орталығында 12-13 қазан күндері өтіп жатыр. Оған өңірлік байқаудан өткен 153 жеңімпаз компания қатысады.

Тағы оқыңыз:

1607
Кілт сөздер:
фото, көрме, отандық өнім, жұмыртқа, Геннадий Головкин, Шымкент
Тақырып бойынша
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты
"Уақытты бағалаймын". Головкин қолы қалт етсе не істейтінін айтты
"Қатты тисе де айтайын..." Головкин Қазақстан жайлы шындықты жайып салды
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

111
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

111
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

9664
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

9664