Қоғам

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

© Photo : СС0 / Free-PhotosҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК қыстағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстанда биыл қыс суық болады. Бұл туралы бүгін "Қазгидромет" орталығының директоры Марина Шмидт мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Жеңіс Қасымбек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Сіздер келіскенше, қыс түседі". Сағынтаев Қасымбекті сынға алды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болғандай, қараша айында аязды және жылы күндер алма-кезек ауысып, ауа райы жауын-шашынды болады. Қатты жел соғып, түнде және күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. 

"Қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерінің ортасында аяз кәдімгідей сезіледі. Республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде 10…20 градусқа дейін, күндіз 5…10 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде 5…10 градусқа, күндіз 0…5 градусқа дейін түседі", — деп мәлімдеді Шмидт. 

Ол ұзақ мерзімді консультативтік болжамға сәйкес (дәлдігі 55-60%) биыл қыс Қазақстанда суық болатынын атап өтті. Жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес күтіледі.

Желтоқсан айында суық антиклонның жиі енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1°С төмен болады және қар аз жауады деп болжануда. Тек еліміздің батысы мен шығысында температуралық фон нормаға жуық болады. Солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік облыстарының кей жерлерінде, сонымен қатар, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында жауатын қардың мөлшері нормаға жуықтайды. 

Қаңтар айында ел аумағындағы ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді. Қазақстанның басым бөлігінде қар аз жауады, аяз болады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде қыс айтарлықтай жылы, ал батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының таулы аудандарында жауатын қардың мөлшері нормаға жуық болады деп болжанып отыр. 

Ал ақпан айында суық ауа массаларының ығысуынан орташа айлық температура орташа көпжылдық мәннен 1…2 °С төмен болмақ. Тек оңтүстік-шығыс аймақтарда  климаттық нормаға сәйкес болжануда. Жауатын қардың мөлшері батыс пен онтүстік-шығыс облыстарда, сонымен қатар онтүстік және шығыс аймақтардың таулы аудандарында нормаға жуықтайды деп күтілуде. 

Синоптиктердің болжамынша, көктемнің бірінші айында суық және жылымық күндердің алма-кезек ауысуына байланысты ауа райы құбылмалы болады. Әрі жауын-шашын көп түседі деп болжанып отыр.

Орташа айлық температура нормадан 1°С жоғары, тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда нормаға сәйкес болады.

Жаңалықтар
0