Қоғам

"Мен де ауыл жігітімін". Назарбаевтың ауыл тұрғындарымен кездесуі – 1993 жылғы видео

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысына сапары барысында президент ауыл тұрғындарымен кездесіп, әңгіме-дүкен құрды

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі 1993 жылы түсірілген видеоны жариялады.

Кадрларда 53 жастағы тамыз айында Ақтөбеге барып, Маркс ауылында мал өсіретін фермерлермен кездесіп, оларға нарықтық экономикаға көшу туралы түсіндірген.

"Енді қалай күн көресіздер? Бұрын Кеңес Одағына қызмет еттік, тапсырыс түссе – өсіріп, жөнелтіп қоя беретінсіздер, бас қатырмайтын едіңіздер. Енді бітті. Біз Қазақстан мемлекеті ретінде мұндай шығынды бюджетпен көтере алмаймыз. Сол себепті, сөгіп жатқаным емес, адамды жақсы қожайын болуға үйретулеріңіз керек. Ал кейін сол 600 қойды өз ақшасына сатып алам десе, рұқсат берген жөн", — деп президент  мас өсіруші қожалықтардың иесіне кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев әр таңын қандай сөздермен атыратынын айтты - видео

Сонымен бірге, Шевченко ауылы тұрғындарымен кездесуі де видеоға түсіріліпті. Президент егіннің мол шыққанын атап өтіп, мал өсіру тәжірибесімен бөлісті.

"Адамдар байыса деймін, өзім де ауыл жігітімін ғой. Бір сиырды күтіп-баптап, суарудың қалай екенін білемін. Бұзау бағу да үлкен еңбек", — дейді Назарбаев.

Атап өтсек, 1993 жылы Қазақстан жас мемлекет еді, тәуелсіздік алғанына екі-ақ жыл болған. Үкімет басшысы ол кезде Сергей Терещенко еді, ал ауыл шаруашылығы министрі — Сергей Кулагин.

Жаңалықтар
0