Түрме

Атырауда теракт жасап, шетелге қашып кеткен қазақстандық елге жеткізілді

430
Жеті жыл бойы жасырынып жүрген қазақстандық сот үкімі шыққанша Атыраудың уақытша ұстау абақтысына қамауда болады

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Елдос Күншығаровты Түркиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратура баспасөз қызметі.

  

Ол 2011 жылы Атырау қаласының аумағында террористік қылмыстар жасағаны үшін айыпталған.

Күншығаров лаңкестік жасағаннан кейін шетелге қашып кеткен болатын. Сол кезде оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазақстанның қылмыстық қудалау органдары түрік әріптестерімен бірлесіп әрекет етуі нәтижесінде күдіктіні елге жеткізді. 

Қазір Күншығаров Атырау қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Сот үкімі шығарылғанға дейін сонда болады.

430
Кілт сөздер:
экстрадицияланды, қылмыскер, теракт, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Атырау, Түркия, Қазақстан
Тақырып бойынша
Бостондағы теракт: қазақстандық студент АҚШ түрмесінен босап шықты
Алматыдағы теракт: қанды қырғынның ортасында болған адамның әңгімесі
Ресейде президент сайлауы кезінде теракт жасамақ болған содырдың көзі жойылды
Мысыр мешітіндегі теракт: қанды қырғын болған жерден суреттер жарияланды
АҚШ жаңа жылда Еуропада теракт болуы мүмкін екенін ескертті
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

110
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

110
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат
Қорғаныш киіміндегі адамдар

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде карантин күшейтілді не өзгерді

1017
Өңірлердің мемлекеттік бас санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулыларды жария етті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Ақмола және Қарағанды ​​облысында мемлекеттік бас санитар дәрігер бұйрықтары жарияланды.

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ақмола облысында түнде көшеде жүруге болмайды

Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.

Жаңа қаулыдағы бұл ерекшеліктер әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшыларға қатысты емес.

Ал қаулының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз.

Қарағанды ​​облысында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді 

Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің жаңа қаулысымен қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ, жалпы сыйымдылықтың 30%-тен артық мөлшерде адамдардың  шоғырлануына жол берілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы

Сонымен қатар, сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

1017
Кілт сөздер:
шектеу, қозғалысты шектеу, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанның облыстары мен қалаларында карантин күшейтілді: неге тыйым салынды
Алматыда екі күнде карантин талабын бұзған 65 нысан анықталды
Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады
Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады