Астана қаласындағы SOS балалар ауылындағы отбасы

Қазақстанда бала асырап алу үшін не істеу керек?

3403
(Жаңартылды 21:08 18.10.2018)
Маманның айтуынша, бүгінгі таңда көптеген жетімдер үйі баланы биологиялық отбасына қайтаруға тырысады. Себебі, мұның бала болашағы үшін маңызы зор

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Қазақстан репродукция медицинасы қауымдастығының соңғы жылдардағы мәліметіне сүйенсек, елімізде жұбайлардың 15 пайызы балалы болмаған. Дәрігерлер бедеуліктің 70% жағдайда емделетінін айтады. Ал психоаналитик мамандардың пікірінше, одан толықтай айығуға болады. Әдетте бедеулік диагнозы екі жыл жыныстық қатынаста бала сүйе алмаған жұптарға қойылады. Әйелдің бірнеше рет түсік тастауы да бедеулік болып есептеледі. Бұл дерт көп жағдайда жұптың толыққанды өмір сүруіне кедергі жасайды. ДДҰ мәліметінше, 40-50 пайыз жағдайда бедеулікке күйзеліс себеп болуы мүмкін. Аталған себептерге байланысты елімізде соңғы жылдары бала асырап алу процесі қарқынды түрде дамып келеді. Осы орайда елімізде қалай бала асырап алуға болатындығы туралы  материалынан оқыңыз. 

Загипа Балиева
© Photo : Служба центральных коммуникаций
Астана қаласындағы "SOS балалар ауылының" директоры Зәуреш Арыстанова Қазақстанда бала асырап алу процесі қалай жүргізілетінін және асырап аламын деуші тарапқа қандай талаптар қойылатынын айтып берді. Сондай-ақ, маман неліктен қазіргі таңда балаларды биологиялық отбасына қайтару жолға қойылып келе жатқандығын түсіндірді.

Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" кодексіне сәйкес, бала белгілі бір отбасыға асырап алу үшін, патронаттық тәрбиеге, қамқоршылыққа немесе баланы қабылдауға дайын отбасыға берілуі мүмкін. Ұл немесе қыз баланы асырап алу дегеніміз — сот шешімі бойынша баланың отбасының толыққанды мүшесіне айналуы және оның да осы отбасыдағы өзге балалармен мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болуы.

Яғни кез келген ата-ана жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан немесе белгілі бір себептермен жақындарынан айырылған балаларды отбасына қабылдап, жауапкершілікті өз мойындарына алуға қалай дайын болса, олармен болашақта мүліктерін де дәл осылай бөлісуге дайын болуы тиіс. Бұл бөлісу заң жүзінде жүргізіледі. Асыранды баланы қай жағынан болмасын өзінің туған балаларымен қатар қояды. Сондай-ақ, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан немесе белгілі бір себептермен ата-анасынан айырылған балалар өздерінің туыс екендерін білген жағдайда оларды бөліп-жаруға тыйым салынады. Яғни ата-аналар ағайынды 4-10 балаға дейін асырап алуы тиіс.

Тағы оқыңыз:

Зәуреш Арыстанова, Астана қаласындағы SOS балалар ауылының директоры
Зәуреш Арыстанованың жеке архивінен
Зәуреш Арыстанова, Астана қаласындағы "SOS балалар ауылының" директоры

Десе де бүгінгі таңда көптеген жетімдер үйі баланы биологиялық отбасына қайтаруға талпынады. Осы орайда, әлеуметтанушы және психолог мамандар баланың отбасын бақылап, қаншалықты қайтаруға болатындығын анықтайды. 

"Бізге келген балалар отбасы моделіне сай тәрбиеленеді. Яғни бірнеше баладан құралған отбасы белгілі бір үйде тұрады және олардың жанында 24 сағат бірге болатын аналары бар. Аналары деп отырғанымыз — бізде жұмыс істейтін тәрбиешілер. Осы күнге дейін 18 жыл қатарынан жұмыс істеген аналар бар. Олар бір емес, бірнеше ұрпақ тәрбиелеп шығарды", — деді маман.

Сондай-ақ, ол әр балаға бір-бір отбасының керектігін атап өтті. Аталған орталықта бала асырап алу бағдарламасы бірнеше бағытта жұмыс істейді. Соның біріншісі — баланы биологиялық отбасына қайтару. Бала осы жерге келіп түскен сәттен әлеуметтанушылар мен психологтар оның осы күнге дейін тұрып келген отбасын зерттейді.

Егер отбасы баланы махаббатымен, материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алатын болса, онда бала биологиялық отбасына қайтарылады. Ата-анасынан бөлек баланы туыстары асырап алғылары келуі мүмкін. Егер ресурстар жеткіліксіз болса, балаға отбасы таңдау бағдарламасы жүзеге асырылады. Яғни баланың отбасыға емес, керісінше асырап алғысы келетін ата-ананың бұл балаға қаншалықты лайық екені қарастырылады.

Тағы оқыңыз:

"Кейбір ата-ана өлген немесе шетелге кетіп қалған баласының орнын осылай толтырмақ болады. Мұндайда мүмкіндігінше бермеуге тырысамыз. Себебі, бір бала екіншісіне ұқсамайды. Ал мұндай ата-аналар міндетті түрде баладан өзіне керек мінез-құлықты талап етіп отырады", — деді Зәуреш Арыстанова.

SOS балалар ауылындағы отбасы
"SOS балалар ауылындағы" отбасы

Қандай жағдайда бала асырап алуға болады?

Электронды үкімет порталында көрсетілген ақпаратқа сәйкес, кодекстің 84-бабы бойынша мына балаларды асырап алуға болады. Бұл жазылғандар ата-анасынан бірдей немесе олардың біреуінен айырылғандарға қатысты:

  • ата-анасы қайтыс болған;
  • баладан өз еркімен бас тартқан;
  •  сот шешімімен ата-ана құқықтарынан айырылған және бұл құқықтарын белгілі бір себептерге байланысты қалпына келтірмеген;
  •  ата-анасы баласын өзгелерге асырап алуға өз еркімен рұқсат бергенде;
  •  баланың ата-анасы сот шешімімен қабілетсіз, хабар ошарсыз кеткен жағдайда немесе қайтыс болғанда;
  •  ата-анасының кім екені белгісіз болған жағдайда;
  •  ата-анасы баладан бас тартқан жағдайда оны туыстары өз азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады;
  •  ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілі балаларды әртүрлі отбасылардың асырап алуына тыйым салынады. Алайда балалар өздерінің туыс екендері туралы білмесе, бұрыннан бірге тұрмаса және бірге тәрбиеленбесе, асырап алуға рұқсат етіледі.

Баланы асырап аларда жоғарыдағы жағдайлар ғана емес, ата-аналардың түпкі мақсаты анықталады.

"Сондай-ақ, кейбір ата-ана биологиялық баласын ренжіткен кезде жетімдер үйінің тәрбиеленушісін кері қайтаруы мүмкін. Себебі, олар бастапқыда сезімнің жетегіне еріп немесе бірінші баласына ермек болар бауыр болсын деген ниетпен келген. Ал бұл тәрбиеленуші үшін үлкен психологиялық жарақат болмақ. Десе де, мұндай жағдайдың алдын алуға бағытталған бізде бағдарлама бар", — дейді Зәуреш Арыстанова.

Ол — "SOS балалар ауылының" тәрбиеленушісін баланы асырап алғысы келген отбасыға қонаққа жіберу. Яғни алдын ала белгілі бір үйге уақытша бара жатқанын түсіндіру. Маманның айтуынша, сол кезде бала ауыр жарақат алмайды. Бүгінгі таңда көптеген жетімдер үйінде бала асырап алғысы келетін ата-аналарға арналған мектептер бар. Кез келген адам, алдымен, осы 82 немесе 36 сағатқа созылатын мектептен өткені жөн. 

Бұдан өзге балалар үйінің директоры осы күнге дейін SOS балалар ауылынан шетелдіктердің бала алып көрмегенін айтты. Яғни бес жылдық тәжірибесінде мұндай жағдаймен кездеспеген екен.

Баланы асырап алушыларға қандай талаптар қойылады?

Асырап алуға ниет білдірген азаматтың отбасында баланың қалыпты дене бітімі болып, рухани, психикалық және адамгершілік жағынан дұрыс дамыса, құрдастарымен қатар білім алуға жағдай жасалса, онда оларға бұл ойларын жүзеге асыруға толықтай рұқсат беріледі.

Астана қаласындағы SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері
Астана қаласындағы "SOS балалар ауылының" тәрбиеленушілері

Кімдерге бала асырап алуға тыйым салынады?

  •  сот өз бетімен әрекет етуге қабілетсіз деп таныған немесе мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға;
  •  сот ерлі-зайыптының біреуін немесе екеуін де өз бетімен әрекет етуге қабілетсіз деп таныған жағдайда;
  •  сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе осы құқықтарын шектеген жағдайда;
  •  Қазақстан Республикасының заңына қарама-қайшы келетін әрекеттер жасап, қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адамдарға;
  •  бұрын бала асырап алғанымен, сот белгілі бір себептерге байланысты оларды осы құқықтарынан айырған болса;
  •  денсаулық жағдайына байланысты ата-ана міндетін атқара алмайтын азаматтар;
  •  өздерінің тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар;
  •  ер немесе әйел деген жынысқа өздерін жатқызбайтын азаматтар;
  •  осы уақытқа дейін қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған азаматтар;
  •  азаматтығы жоқ адамдар;
  •  тіркелген некеде тұрмаған еркек жынысты азаматтар;
  •  баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ азаматтар;
  •  наркологиялық немесе психонекрологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
  •  заңды некелеспеген азаматтар бала асырап ала алмайды;
  •  бала асырап алушы мен баланың жас айырмасы кемінде 16 жас болуы тиіс. Десе де, сот белгілі бір себептерге байланысты бұл жас айырмасын қысқартуы мүмкін;
  •  егер баланы асырап алуға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана ниетті болса, онда екіншісінен міндетті түрде жазбаша келісім талап етіледі. Ал егер ерлі-зайыптылар заңды некеде болғандарына қарамастан бір жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатқан болса, онда асырап алуға екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді.

Баланы асырап алу үшін қандай құжаттар керек?

Азаматтар, алдымен, бала асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш береді:

  •  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
  •  жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі (еркін нысанда);
  •  жиынтық табыс мөлшері туралы анықтамалар;
  •  отбасы жағдайы туралы анықтамалар туралы куәліктің көшірмесі, биологиялық балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
  •  кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар;
  •  Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар;
  •  тұрғын үйі бар немесе тұрғын үймен пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі.
Астана қаласындағы SOS балалар ауылындағы көңілді мерекелік отырыс
Астана қаласындағы "SOS балалар ауылындағы" көңілді мерекелік отырыс

Асырап алынған баланың тегі қандай жағдайда өзгеріссіз қалады?

Кодекстің 97-бабына сәйкес, асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты және тегi сақталуы мүмкін. Асырап алушының өтініші бойынша балаға тегі мен атын беруге болады. Яғни баланың әкесінің атын асырап алушы өзгерте алады. Егер бала 10 жасқа толған болса, оның деректері тек өзінің келісімімен өзгертіледі.

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, бала асырап алу құпиясы сақталуы үшін баланың туған күні, айы және жылы алты айдан аспайтын мерзімге дейін, сондай-ақ, оның туған жеріне қатысты ақпарат өзгертілуі мүмкін. Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағында ғана жүргізіледі. Яғни шетелдік мемлекеттерді көрсетуге болады. Осы секілді ақпараттар сот шешімінде көрсетіледі. Мұнымен қатар, сот шешімімен баланың туған күні өзгертілген жағдайда балаға жаңа ЖСН беріледі.

Баланы асырап алған ата-аналарға мемлекет тарапынан қандай қаржылай көмек көрсетіледі?

"Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңының 4-бабына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар отбасылардың бала туғанда берілетін жәрдемақы және бала күтіміне байланысты ақша алуға құқықтары бар.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі №787 қаулысына сәйкес, баланы асырап алушыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем жасалады. Оның көлемі — 75 АЕК.

Бұл ақшалай төлемді алу үшін баланы асырап алушы ата-аналардың бірі сот шешімі шыққан жердегі қамқоршылық жөніндегі функцияларды орындайтын органға төмендегі құжаттарды ұсынады:

  •  өтініш;
  •  баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
  •  бала асырап алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
  •  екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі.

Мұнымен қатар, жаңа туған баланы асырап алғандар тиісті төлемдермен декреттік демалысқа шыға алады. Балаларға жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы анықтамалар ұсынылып расталып отырады.

Астана қаласындағы SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері
Астана қаласындағы "SOS балалар ауылының" тәрбиеленушілері

Баланы асырап алу процесі қалай жүзеге асады?

Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды орындайтын органға немесе республикалық деректер банкі арқылы www.rbd-kopd.kz веб-порталында өтініш толтырады;

  •  республикалық деректер банкіне тіркеледі;
  •  бала асырап алуға тілек білдірген адамдар республикалық деректер банкінде есепке алынады;
  •  осыдан кейін бала асырап алуға рұқсат етілген жағдайда ата-аналар жетім балалардың сауалнамаларын көріп, таңдау жасай алады;
  •  республикалық деректер банкі азаматтарды бала асырап алу үшін жетімдер үйіне қарай бағыттайды;
  •  осы жолдамаға сәйкес асырап аламын деуші азаматтар кемінде екі апта уақыт баламен тікелей қарым-қатынаста болып, олардың әдеттерімен, талғам және мінез-ерекшеліктерімен танысады;
  •  байланыс орнатылғаннан кейін бала туралы толық ақпарат алады және оның құжаттарымен танысады;
  •  баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысқандығын жазбаша растайды;
  •  баланың денсаулығын тәуелсіз мекемеге тексертеді;
  •  барлық құжат дайын болған соң асырап алуға үміткерлер құжаттарды қоса тіркеп, сотқа өтініш береді.

Мұнымен қатар, сотқа білім беру басқармасы комиссиясының қорытындысымен баламен тікелей қарым-қатынаста болғаны туралы мәліметті көрсете отырып, баланы асырап алуға рұқсат беру туралы құжатты сотқа береді.

Сотқа баланы асырап алушы, орган өкілі және прокурордың қатысуы міндетті.

Кейін ата-ана жеке басын куәландыратын құжат пен сот шешімін көрсету арқылы жетімдер үйінен, интернаттан немесе өзге ұйымнан баланы алып кетеді.

Баланың құжаттарын ААХ немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қайта тіркеп, жаңа ЖСН алады.

Ата-ана бала 18 жасқа толғанға дейін сотқа жылына бір рет баланың денсаулығына, біліміне және тәрбиесіне қатысты ақпараттар ұсынып отырады. Сондай-ақ, баланы асырап алған азаматтар қорғаншылық пен қамқоршылық органдары тарапынан жүйелі түрде жасалатын тексерістерге кедергі келтірмеуі тиіс.

3403
Кілт сөздер:
бала асырап алу, жетім балалар, ата-ана, Астана, Қазақстан
Тақырып бойынша
Үйі суып кеткен астаналық әйел балаларын жетімдер үйіне тапсырды
"Жуынды ішіп жүр". Кейуана немерелерінің өгей шешеден көрген қорлығы туралы айтты
Ойнап жүрген балалар сәбидің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберді
Қазақстанда балалар судьясы мен прокурорлары пайда болуы мүмкін
Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді
Ақтауда балалар шоуында екі әйел төбелесіп қалды
Ақтөбеде балабақшадағы балалар қолданылған мүшеқаппен бірнеше сағат ойнаған
Кітапхана, архивтегі сурет

Бес жыл ішінде Қазақстандағы мектеп кітапханалары қалай өзгереді

52
(Жаңартылды 17:06 30.10.2020)
Бүгінде білім саласындағы мектеп кітапханалары қорында 200 миллионнан астам әдебиет бар. Оның ішінде 38 миллионы – көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Алдағы бес жылда мектеп кітапханалары көркем әдебиеттермен жүз пайыз қамтылып, материалдық-техникалық базасы жақсарады. Бұдан бөлек, кітапханашылар жалақысы өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның айтуынша, бүгінде білім саласындағы мектеп кітапханаларының қорында 200 миллионнан астам әдебиет бар. Оның ішінде 38 миллионы – көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың тізімі. 

"Дей тұрғанмен бұл басылымдардың сапасы көңіл көншітпейді. 80-90 жылдардың аяғында шыққан көркем әдебиеттер және олардың өзі 20-30 пайызы жарамсыз екені анықталып отыр. Соған байланысты мектеп кітапханаларын шұғыл түрде көркем әдебиетпен толықтыру мәселесі қолға алынып отыр", - деді Бейсембаев "Оқуға құштар мектеп" жобасының тұсаукесерінде. 

Ол мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтуға 5 жыл уақыт қажет екенін атап өтті.  Әр жыл сайын кітапханалардың 20 проценті төрт бағыттағы көркем әдебиеттермен толықтырылып отырмақ. 
Олар: отандық классиктердің ең үздік шығармалары, қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеттері, қазіргі замандағы ақын-жазушылардың шығармалары, анықтамалықтар, ғылыми-танымдық және оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі. 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тек қана көркем әдебиеттермен  толықтыру жеткіліксіз екені түсінікті. Сондықтан да жол картасындағы екінші бағыт – мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту. Бүгінгі күні ол сын көтермейтін жағдайда. Тіпті жаңа мектептердің өзінде кітапханаға жеткілікті орынның бөлінбейтіні көрініп отыр. Сондықтан бұдан былай балалардың кітап оқуға құштарлығын дамыту үшін міндетті түрде арнайы оқу залдарының безендірілуіне мән беріледі", - деді орталық директоры. 

Сонымен қатар, айтуынша, мектеп кітапханаларын жаңа компьютерлермен қамтамасыз ету қажет.
Мектеп кітапханашылары да назардан тыс қалмайды. 

"Үшінші бағытта осы жұмысты үйлестіретін мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеруге мән беріліп отыр. Бұл – мектеп кітапханашыларын жалпы аттестациядан өткізу, оларды арнайы курстардан, оқытудан өткізумен қатар, педагогикалық жоғары оқу орындарында дайындалатын кітапханашы мамандығын педагог-кітапханашы деген мамандыққа алмастыру, сонымен қатар, мектеп кітапханашыларының айлығын көтеру мәселесі де жол картасында нақтыланған", - деді Бейсембаев. 

Ол жоба аясында мектеп кітапханалары толығымен цифрланатынын айтты. Биылдан бастап оқулықтардың барлығы дерлік ұлттық деректер базасына енгізілген, болашақта көркем әдебиеттер де осы базаға енеді. 

"Осы мәселелердің барлығы қолға алынған жағдайда, бес жылдың ішінде мектеп кітапханалары түгелдей дерлік көркем әдебиеттермен қамтылады.  Кітапханашылардың әлеуеті көтеріліп, жалақысы көбейеді. Материалдық-техникалық база үш жылдың ішінде жеткілікті әлемдік деңгейге көтеріледі", - деді орталық директоры. 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бес жыл ішінде PISA оқу сауаттылығы деңгейі бірнеше есе артады деп күтілуде, деді ол.

52
Тақырып бойынша
"Бес мың кітап оқыдым": қырық жылдан бері қару-жарақ жасаған ұста кәсібінің құпиясын ашты
Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді
"Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды
Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты
Депутаттар мен министрлер ұсынған кітаптардан онлайн-кітапхана жасақталады
Қорғаныс министрлігі

Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма қорғаныс министрлігі жауап берді

82
Сарапшылардың пікірінше, Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты түркітілдес мемлекеттердің бірыңғай әскери блогын құру тақырыбы қайта басталды

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрлігі жақында Түркия қорғаныс министрінің елге сапары кезінде түркі мемлекеттерінің бірыңғай армиясын құру тақырыбы талқыланбағанын мәлімдеді. Кейбір түрік бұқаралық ақпарат құралдары Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акардың Қазақстанға сапарын түркітілдес елдерді біріктіретін әскери блок – "Тұран армиясын" құру идеясымен байланыстырды. Ал Қазақстанның қорғаныс министрлігі түрік БАҚ болжамын жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сонымен қатар министрлік Қазақстан қорғаныс ведомствосына түркі мемлекеттерінің бірыңғай армиясына қатысу туралы ұсыныстар түспегенін хабарлады. Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастығының күн тәртібінде мұндай мәселе тұрған жоқ.

"Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшысының кездесуі барысында Қазақстан мен Түркия қарулы күштерінің қатысуымен қандай да бір бірлескен әскери құрамалар құру мәселелері қарастырылмағанын ресми түрде хабарлаймыз", – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

"Тұран армиясы" құрылуына қатысты сарапшылар не дейді

Әскери ғылымдар кандидаты Георгий Дубовцевтің ойынша, Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты түркітілдес мемлекеттердің бірыңғай әскери блогын құру тақырыбы қайта басталды. Түрік сарапшыларының пікірінше, оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан кіруі мүмкін. Алайда бұл бастаманың қолға алынуы күмән туғызады.

"Бұл сарапшылар өте маңызды жағдайды ескерусіз қалдырды. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдерде пантюркизм идеялары Әзербайжандағыдай кең таралмаған. Ол халық арасында жаппай қолдауға ие болмаған, ал сараптамалық деңгейде оны даму векторының бірі ретінде қабылдайды. Сондықтан Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің "Тұран армиясына" мүше болу болжамы – жаңа османдық бағытты жандандыру идеясын қолдайтын жекелеген түрік сарапшылары алға тартатын декларативті ұран", – деді отставкадағы полковник, әскери ғылымдар кандидаты, доцент, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Георгий Дубовцев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазақстан мен Түркияның әскери ынтымақтастығы

Сонымен қатар Дубовцев Қазақстан үшін Түркиямен қарым-қатынасты әр түрлі салаларда дамыту маңызды екенін, бірақ сыртқы саясатта бұл бағытқа басымдық берілмейтінін айтып өтті. Жақын орналасқан түркітілдес көршілер сияқты біздің еліміз де көпвекторлы сыртқы саясат жүргізіп отыр. Осы бағытта, егемендікті нығайту және ұлттық қауіпсіздікті қамтасамасыз ету маңызды саналатын Ресей, Қытай, ЕО елдері және АҚШ-пен ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілетінін айтты.

Ал әскери саладағы қазақ-түрік ынтымақтастығы туралы сөз етілгенде, сарапшы бұл ең алдымен кадрлар даярлау және әскери білім беру, жауынгерлік дайындықтың бірлескен іс-шаралары, әскери қызметшілердің түрлі оқу-жаттығуларына қатысуы туралы сөз болып отырған деп есептейді.

"Әскери-техникалық салада қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту және қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдарын техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін Түрік компанияларының бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруы маңызды", – деп санайды Дубовцев.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік өңірін "Тұран" облысы деп өзгерту ұсынылды

Алайда бұл Қазақстанның Ресей, Қытай, ЕО елдері және АҚШ-пен ынтымақтастықтан бас тартатынын білдірмейді. Сонымен қатар Қазақстанның Ресеймен ЕАЭО және ҰҚШҰ шеңберінде өзара одақтастық міндеттемесі бар.

82
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия, түркітілдес халықтар
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрі әскерилердің коронавирустың екінші кезеңіне дайындығы туралы айтты
Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды
Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңартылған шарт туралы айтты
Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға не үшін келгенін айтты
Астанада Тұран даңғылында екі аптаға көлік қозғалысы шектеледі
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды