Олжас Сүлейменов

"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді

9104
(Жаңартылды 15:35 13.11.2018)
Астанада Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған жол апаты бойынша сот отырысы жалғасуда

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Олжас Сүлейменов ем қабылдауына байланысты Астанада немересінің қазасына байланысты өтіп жатқан сот отырысына қатыса алмады. Бұл туралы бүгін сот отырысында жәбірленуші тараптың адковаты Дамир Сандинов оқып берген хатта айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Есіл ауданының екінші қалалық сотында өтіп жатқан сот отырысына бүгін марқұмның ата-анасы да келді. Ал Ескендір Сүлейменовтің атасы Олжас Сүлейменов ем қабылдап жатқандықтан, сотқа қатыса алмады. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Дамир Сандинов Олжас Сүлейменовтің хатын оқып, іс материалдарына қосуды өтінді.

"Отбасының үлкені ретінде менің де сот отырысына қатысуым керек шығар. Бірақ қатыса алмаймын. Ем қабылдап жатырмын, оның үстіне сотта айтылатындар мен оқиға видеоларын көру мен үшін өте ауыр. Мен әлі күнге дейін әлеуметтік желілерге кірген жоқпын. Желіде таралған сұмдық кадрларды ешқашан көргім келмейді. Оның үстіне менің сотқа қатысуым істің ақиқатын анықтауға ешқандай да көмектеспейді. Адам өлімімен аяқталған жол апаты бұл әрқашан да кісі өлтіру екені практикадан белгілі. Тіпті әдейі болмаса да, мұндай жағдайда жол ережесін бұзу қылмыс. Оқиғаның мән-жайын анықтау тергеу мен соттың ісі. Ескендір енді қайтып келмейді, иманды болсын. Жалғыз немерем", —делінген хатта. 

Олжас Сүлейменов сот процесінің барысы мен қорытындысы жақындарының денсаулығына теріс әсерін тигізбегенін қалайды. 

"Барлығы заң бойынша өтетініне сенемін", — деген ол. 

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға осы жылдың 22 маусымында елордадағы көше қиылыстарының бірінде болған еді. Қызылорда ІІД бастығының қызы Малика Мұхитова солға бұрылу кезінде мотоциклшіні қағып кеткен. Жас жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Бүгін Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады.

9104
Кілт сөздер:
хат, сот, жол апаты, Малика Мұхитова, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменов
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр". Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін ақтық сапарға шығарып салды
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

50
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

50
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

28
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

28
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

611
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

611
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы