Температура өлшейтін құрал, градусник

Астанада менингит жұқтырған тағы 2 оқушы ауруханаға жатқызылды

109
(Жаңартылды 17:48 23.10.2018)
Дәрігерлер ата-аналарды дүрбелеңге салынбауға шақырды. Айтуларынша, вирустық менингит адам денсаулығы үшін аса қауіпті емес

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Астанада екі бала вирустық менингит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер дәл қазір инфекциялық балалар ауруханасында 7 адамға "вирустық менингит" диагнозы қойылғанын хабарлады.

Бұған дейін 5-16 қазан аралығында сегіз баланың ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді.

"Осы аптада үшеуі емделіп шықты. Жұма күні екеуі жатқызылды. Келесі аптада үйлеріне шығарылып, мектепте оқуларын жалғастыратын болады", — деді департамент басшысы Сәдуақас Байғабылов пресс-конференция кезінде.

Сондай-ақ, ол вирустық менингитке байланысты қалада жағдай тұрақты және алаңдауға еш себеп жоқ екенін айтып өтті. Бұл аса кері әсерін тигізбейтін маусымдық ауру.

Астана қаласында қанша адам менингитпен ауырып жатыр

Қазақстанда халықтың 100 мыңға шаққанда 0,5-і осы ауру түріне шалдыққан. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің орынбасары Лаура Ахметниязова айтып берді.

"Астана қаласы бойынша менингококктық инфекция диагнозымен бір науқас емделіп жатыр. Стационарда тағы бір науқас менингококк инфекциясын жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен қаралып жатыр. Ол Ақмола облысының тұрғыны", — деді Ахметниязова.

Тағы оқыңыз:

Ол науқастардың жағдайы тұрақты екенін айтып өтті.

Вирустық менингит бұл аурудың басқа түрлерінен несімен ерекшеленеді

Вирустық менингит көп жағдайда тез емделіп шығатынымен ерекшеленеді. Вирустық менингиттің алғашқы белгілері — бас ауруы, жүрек айну және құсу. Ол денесінде осы инфекция бар адамдармен қарым-қатынаста болған кезде жұғады. Ал ауа арқылы өте сирек жағдайда жұғады.

Оның алдын алу үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтаса жеткілікті.

Жыл сайын Қазақстанда вирустық менингит жұқтырған 700 жағдайға дейін тіркеледі. Осы жылдың тоғыз айында мемлекетте — 575, ал Астана қаласында — 196 жағдай тіркелді.

109
Кілт сөздер:
Астана, аурухана, балалар, менингококк жұқпасы, менингит індеті, инфекция
Тақырып бойынша
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті кім және қалай алады?
Көз жұмған шымкенттік түлек менингит жұқтырған болып шықты
Талдықорғанда үш адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Астанада менингит жұқтырды деген күдікпен тағы екі адам ауруханаға түсті
Менингит індеті: Тоқаев денсаулық сақтау министрлігін сынға алды
Біртанов менингит туралы: инфекция бізге бағынбайды
Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

6
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

6
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

21
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

21
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0