Қоғам

Сенат депутаттары ант берді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР парламенті сенатының отырысы
ҚР парламенті сенатының отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды сенат депутаттары болып сайланды

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Бүгін сенат депутаты болып сайланған Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды тілшісі. 

Дархан Мыңбай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дархан Мыңбай мәжілісте ант берді

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласынан Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров пен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды сенат депутаты болп сайланғанын айтты. Жаңадан сайланған депутаттар белгіленген тәртіп бойынша палата отырысында ант берді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", — деді Нұрлан Бекназаров.

Дархан Сатыбалды да дәл осылай ант берді. 

"Жаңадан сайланған әріптестеріміз бүгін берген антына адал болады деп сенеміз", — деді Тоқаев.

Бекназаров Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде, ал Сатыбалды Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамында қызмет етеді.


Жаңалықтар
0