Айнұр Әбдірәсілқызы, орталық директоры

Айнұр Әбдірәсілқызы радикалдарға қатысты қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты

279
(Жаңартылды 10:09 26.10.2018)
Ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры радикалдарға мемлекет тарапынан арнайы жеңілдік жасалмайтынын айтты

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Дәстүрлі емес исламды ұстанушыларға, олардың отбасына мемлекет тарапынан мақсатты түрде көмек көрсетіледі деген ұғым тумауы тиіс. Мұндай мақсатты әрекет жоқ, болуы мүмкін де емес. Бұл туралы бүгін ҚР қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы конференция барысында айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Мемлекеттік қызметтегі әйелдер, архивтегі сурет
© Photo : Пресс-служба агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции

Орталық директоры теріс ағымда жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан неліктен көмек көрсетілетінін түсіндірді.

"Біріншіден, дәстүрлі емес исламды ұстанушыларға, олардың отбасына мемлекет тарапынан мақсатты түрде көмек көрсетіледі деген ұғым тумауы тиіс. Мұндай мақсатты әрекет жоқ, болуы мүмкін де емес. Мәселе мынада: дәстүрлі емес немесе радикалды ағым идеологиясына елітіп жүрген тұлғалармен тұрақты түрде оңалту жұмыстары жүргізіледі. Өйткені мұндай ағымдардың мемлекет және қоғам үшін, оның ішінде діндар азаматтардың өздері үшін залал-зардабы шаш-етектен. Мемлекет үшін әрбір азаматтың орны бөлек, өйткені ата заңымызда айтылғандай, мемлекеттің ең басты байлығы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Сондықтан дәстүрлі емес ағымда жүрсе де мемлекет өз азаматын сыртқа теппейді, керісінше дәстүрлі қоғам құндылықтарына оралту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", — деді маман Астана қаласында "Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі" атты конференция барысында.

Мұнымен қатар, Айнұр Әбдірәсілқызы дәл осындай себептермен бұл азаматтармен жұмыс жүргізу барысында оларға зайырлы мемлекет қағидаттары мен заңнамаларын, дәстүрлі емес діни ағымдардың залалын, радикалды идеологияның зардаптары мен оларға елітудің салдарларын талдап-түсіндіріп, ұзақ та табанды түрде ақпараттандыру шаралары жүргізілетінін айтып өтті.

Тағы да оқыңыз:

Бұған қоса әдетте мұндай ағым өкілдері қоғамнан оқшауланып, көбіне-көп жамағат аясында шектелетіндіктен, соның ішінде әсіресе әйел азаматтар оқу мен жұмыстан қол үзіп, күнкөріс көзі болмай қалатындықтан, көп жағдайда олар жолдастарынан талақ алып, балаларымен асыраушысыз қалатындықтан мемлекет және үкіметтік емес ұйым өкілдері, оңалту орталықтары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан оларға адам ретінде, азамат ретінде қолдау-көмек шаралары ұйымдастырылады.

"Соның ішінде қайырымдылық көмек көрсетіп, азық-түлік пакеттерін тарату, "Мектепке жол" акциясы қарсаңында балаларға киім-кешек пен оқу құрал-жабдықтарын тарату, ата-аналарының мамандық алуы үшін тегін курстар ұйымдастыру, тегін медициналық көрсету, тігін құрал-жабдықтарын тарату, ынта білдірушілерді қоғамдық ортаға кеңінен тарту үшін араб тілі мен діни курстарды ұйымдастыру, өздері жасаған бұйымдарды саудаға қою үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру секілді түрлі шаралар жүргізіліп жатады", — деді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Сонымен қатар, маман құқықтық сауатсыздық салдарынан жәрдемақыларға, балаларын тіркеуге қоюға, балабақшаға орналастыруға, т.б. көптеген шараға мүмкіндігі жетпей жүргендерге де кеңес беріліп, қолдау көрсетілетінін айтты. Яғни мұның барлығы оңалту жұмыстарының бір саласы — әлеуметтендіру бағытындағы қалыпты шаралар болып табылады. Бұл жұмыстардың мақсаты — әлеуметтік қолдау көрсете отырып, аталған азаматтарды қоғамға және зайырлы құндылықтарға қайта бейімдеу. Бұл тәжірибе Қазақстанда ғана емес, әлем мемлекеттерінің барлығында дерлік жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз:

"Атап айту керек, жоғарыда аталған шаралар барысында тек дәстүрлі емес ағым өкілдеріне ғана емес, көмекке зәру қатардағы қоғам мүшелеріне де жәрдем беріледі. Өкінішке орай, дәстүрлі емес ағым өкілдері тарапынан кейде өздеріне қатысты астам пікірлер де туындап жатады.

Нақты айтқанда, "мемлекеттің өзі бізге барлық жағдайды жасап жатыр, демек, олар бізді мойындайды немесе қорқады" деген пікірлердің оқшауланған жамағаттар арасында тарай бастағанына біз куә болып жүрміз.

Бұл орайда олар мемлекеттің дәстүрлі емес ағым мүшелерінен қорыққандықтан немесе оларды қолдағандықтан емес, адам және азамат тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарағандықтан, құқықтық құндылықтарды құрметтегендіктен осындай ізгі қадамдарға барып отырғанын түсінбейді немесе мойындағысы келмейді", — деді ҚР қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры.

Осы орайда, Айнұр Әбдірәсілқызы мұндай ұшқары пікір, шетін көзқарастарды туындатпау үшін ендігі кезекте оңалту шаралары барысында әлеуметтік қолдау көрсетуде қандай да бір қосымша шарттарды қарастыруды ұсынды. Әрі қарай ол бұл шаралардың қайтарымы болуы керектігін айтып өтті. Яғни теріс діни ағымға кірген азаматтардан осы тегін көмек пен жеңілдіктерді пайдаланғаны үшін қарымтасын алып отыру қажет. Себебі, кей азамат мұны теріс мақсатта пайдаланып, радикалды діндегілер арасында насихаттап жүр.

"Бірақ жоғарыда атап өткен шараларды тартына жүргізуге тура келеді. Олардың тарапынан қандай да бір қарымта болуы керек деген шартты заңдастырып қою керек сияқты. Өйткені соңғы кездері радикал өкілдерінің тарапынан "Көрдіңіздер ме? Мемлекеттің өзі бізге бар жағдайды жасап отыр. Құдайдың құдіретімен мемлекет бізге қызмет етуде" деген астамшылық пікірлер айтылып жүр. Бұдан өзге кейбір азаматтар "Дәстүрлі емес дінге өтіп кетсең, жақсы екен. Себебі мемлекет бар жағдайыңды жасап береді" деген ойда жүр", — деді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, маман бүгінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының екі бағытта жүргізіліп отырғанын айтып өтті. Біріншісі — экстремизм мен терроризм профилактикасы, яғни алдын алу шаралары. Екіншісі — радикалдардың ықпалына түскен әр әйелмен нақты жұмыс жүргізу. Мұндайда әр әйел тұлға болғандықтан, олардың әрқайсысына жеке шара тағайындалады.

279
Кілт сөздер:
дін
Тақырып бойынша
Дін қызметкері өзен жағасында оқушы қызды зорлады
Қазақстандықтардың қанша пайызы дін саласындағы саясатты қолдайды?
Дін министрі қысқа балақ пен сақалға тыйым салу ұсынысына қатысты түсініктеме берді
Дін министрлігі: ұлттық пантеонда әртүрлі діннің өкілдері бөлек жерленеді
Қазаққа тұрмысқа шығып, намаз оқитын орыс қызы өмірі қалай өзгергенін айтты - фото
Дін мен балалық шақ: қазақстандық балаларынан намаз оқуды талап еткен
Мұхамедиұлы кесенеде намаз оқитындар туристерді шошытатынын айтты
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

112
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

112
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат
Қорғаныш киіміндегі адамдар

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде карантин күшейтілді не өзгерді

1024
Өңірлердің мемлекеттік бас санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулыларды жария етті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Ақмола және Қарағанды ​​облысында мемлекеттік бас санитар дәрігер бұйрықтары жарияланды.

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ақмола облысында түнде көшеде жүруге болмайды

Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.

Жаңа қаулыдағы бұл ерекшеліктер әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшыларға қатысты емес.

Ал қаулының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз.

Қарағанды ​​облысында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді 

Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің жаңа қаулысымен қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ, жалпы сыйымдылықтың 30%-тен артық мөлшерде адамдардың  шоғырлануына жол берілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы

Сонымен қатар, сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

1024
Кілт сөздер:
шектеу, қозғалысты шектеу, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанның облыстары мен қалаларында карантин күшейтілді: неге тыйым салынды
Алматыда екі күнде карантин талабын бұзған 65 нысан анықталды
Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады
Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады