Қоғам

Димашқа тыңдарманы күтпеген тосынсый жасады - фото

© Sputnik / Медиабанкке өтуДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Майкл Джексон өзінің суреті бар плакатты байқаусызда жыртып алып, тыңдарманынан кешірім сұрап, қолтаңбасын қойып, қайтарып береді – бұл оқиға Димаш Құдайберген дүниеге келген күні болған

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Жас қазақ әншісі Димаш Құдайбергенге шетелдік тыңдарманы Майкл Джексон қолтаңбасын қойған плакат сыйға тартты.

Америкалық Сильвия Сандовал (Sylvia Sandoval) поп-музыка қолтаңбасын қойған суретті 24 жыл бойы сақтапты.

суретті тегістеп, ыңғайлап жатып, байқамай жыртып алған екен, содан соң "oops, sorry. mj" деп жазып, қол қойып беріпті. Бұл оқиға 1994 жылы 24 мамырда болған. Дәл сол күні Қазақстанның батысындағы Ақтөбе қаласында болашақ әнші Димаш Құдайберген дүниеге келген еді.

Былтыр қараша айында Қытайдың әйгілі бизнесмені Джек Ма Димашқа сый жасаған болатын. Алайда қораптың ішінде не барын әртіс айтқан жоқ.

Жаңалықтар
0