қазақстандық жанкүйер

Қазақстанның футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасады

60
(Жаңартылды 15:43 28.10.2018)
Футбол федерациясы Алматы-Астана пойызында төбелес шығарғандардың қазақстандық футболға қандай қатысы барын анықтады

АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы Алматы-Астана пойызында төбелес шығарғандар қазақстандық клубтардың бірінің ойыншылары деген ақпаратқа қатысты ресми хабарлама таратты. 

"Бұл адамдар футбол клубтарының бірінің жанкүйерлері, олар Қарағандыға өз жұмыстарымен бара жатқан. Олар кәсіби футболшылар емес", — деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. 

Қазан айының басында желіде тараған видеода арақ ішіп алған жолаушылардың купенің ішін қиратып, полицейлермен жанжалдасқаны түсіп қалған видео тарады. Оны түсірген адамдар бұзақылардың қазақстандық клубтың ойыншылары екенін хабарлаған.

Кейін көлік полициясының қызметкерлері қоғамдық орында ішімдік ішу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Жолаушылардың бірі 5 айлық есептік көрсеткіш (12 025 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс деген шешім шығарылды.

60
Кілт сөздер:
видео, бұзақылар, футбол, Қазақстан футбол федерациясы
Тақырып бойынша
Римде футбол фанаттары бұзылған эскалаторға шайналып қала жаздады - видео
Футбол командасы қарсыластың қақпасына бір матчта 43 гол соқты
Футбол бапкері балаларды зорлаған сәтін видеоға түсіріп отырған
Германиялық футбол жанкүйері Ресейге 1936 жылы шыққан трактормен келді
Пілдер адамдарға қарсы футбол ойнады - видео
Қазақстандық "Ник Вуйчич" Марадонамен футбол ойнады
Футбол матчындағы келеңсіздік: бас бапкер жарақат алды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілер фронт кеңсесінің ашылуында

Тоқаев қазақстандық еріктілерге алғыс айтты

4
Мемлекет басшысы 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жарияланғанын еске салып, волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де еріктілерді Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы осы жылды Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жариялағанын еске салды.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!", - деп жазды президент.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді

Тоқаев еріктілер, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналғанын атап өтті.

Президент волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.

4
Кілт сөздер:
еріктілер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек – Тоқаев
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
Сарымсақ, архивтегі сурет

Сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті болады

897
(Жаңартылды 12:12 05.12.2020)
Дәрігер-диетолог түрлі дерттерден сақтану үшін сарымсақты қалай жеу керек екенін айтты. Тиісті мөлшерде ғана пайдалану панкреатит, асқазан жарасы сияқты аурулардан сақтануға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Сарымсақ пайдалы, алайда оны көп мөлшерде жеуге болмайды. Асқазан жарасы, панкреатит, өттегі тас сынды ауруларға әкеліп соғуы мүмкін, деп жазады РИА Новости.

Дәрігер-диетолог Инна Заикина сарымсақты мөлшерден артық жеу салдарынан асқазан сөлі бөлінетінін айтты. Бұл өз кезегінде түрлі дерттердің белгілерін ушықтырады. 

Алайда бұл оны жемеу керек деген сөз емес. Бастысы, тиісті мөлшерден асып кетпеу қажет.

Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді.

Тағы оқыңыз: Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

897
Кілт сөздер:
адам ағзасы
Тақырып бойынша
Таптырмас ем: құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

0
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

0
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, спортшы, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - видео
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды