Ұшақ

Америка түрмесінде жазасын өтеген қазақстандық студент елге оралды

907
(Жаңартылды 09:20 31.10.2018)
Диас Қадырбаев Алматыға 24 қазанда келген

АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Бостондағы теракт ісі бойынша алты жылға сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев жазасын толығымен өтеп, Қазақстанға оралды. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Диас Қадырбаев осы жылдың 24 қазанында Алматы қаласына келді. Қазір Қазақстан аумағында. Ол өзінің жазасын өтеп болды", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Еске сала кетсек, 2013 жылдың 15 сәуірінде АҚШ-тың Бостон қаласында халықаралық марафон кезінде жарылыс болып, салдарынан үш адам көз жұмды. Тағы 260-тан астамы зардап шеккен еді. Теракті ұйымдастырғаны үшін ағайынды Царнаевтар айыпты деп танылды. Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде жараланып, қаза болса, Джохар Царнаев өлім жазасына кесілді. 

Ал қазақстандық студенттер Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев  тергеуге кедергі келтіргені үшін сотталды. Тажаяқов 3,5 жыл арқаласа, Қадырбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Азамат Тажаяқов жазасын өтеп, 2016 жылдың жазында Қазақстанға оралды.

907
Кілт сөздер:
АҚШ, Диас Қадырбаев, теракт, бостандыққа шығу, елге оралу
Тақырып бойынша
АҚШ-та ұсталған әйелдердің бірі қолхатпен босатылды
АҚШ-та ұсталған қазақстандық әйелдің күйеуі де күдікке ілінді
АҚШ-та ұсталған үш қазақстандық әйелге қатысты тың дерек шықты
АҚШ-та үш қазақстандық әйелді 20 жылға түрмеге отырғызуы мүмкін
АҚШ-та Қазақстанның үш азаматына айып тағылды
АҚШ: газ құбыры туралы жемқорлық іске қазақстандық шенеуніктің қатысы бар
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

17
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

17
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
Мүгедек

"Шипажайға тегін жолдама беріледі": вице-министр жаңа заң туралы айтты

40
Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заң жобасы сенаттың бастамасымен әзірленді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне шипайжаға тегін жолдама беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үкіметтің қарауында мүгедектігі бар адамдарға қатысты тағы бір маңызды заң жобасы жатыр. Құжат сенаттың бастамасымен әзірленді. Негізгі мақсат – мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту. Заң жобасы аясында заңнамалық актіге 38 өзгеріс енгізу жоспарланып отыр", - деді Әукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, заңнан "мүгедек" деген термин алынып тасталады. Себебі бұл сөздің кемсітушілік сипаты басым. Ал ондай отбасыларға "мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін отбасы" деген мәртебе ресми түрде беріледі.

"Сосын мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне немесе асыраушысына шипажайға тегін жолдама беруге қатысты ұсыныс бар. Бүгінде ондай шара заңмен реттелмеген", - деп атап өтті вице-министр.

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алу квотасын орындамайтын кәсіпорындар өтемақы төлейді.

Айта кетері, мүгедектігі бар азаматтарға қатысты заң президенттің қол қоюына жіберілді. Оған сәйкес, жаңа жәрдемақы енгізіледі. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға қарайтын азаматтар да жәрдемақы алады. Сондай-ақ I-II топтағы мүгедек балалардың ауруына қарай жәрдемақының көлемі 16-37 процентке көтеріледі.

Сосын бұрын мүгедектігі бар балалар ана-анасынан айырылған жағдайда өз жәрдемақысын немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны, яғни екеуінің біреуін ғана алып отыратын. Ал жаңа заң бойынша екі жәрдемақы да беріледі.

Оқи отырыңыз:

40
Кілт сөздер:
жолдама, мүгедектер
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0