Балалар

Сағадиев үштілділікке қатысты: ата-аналар өзі шешсін

425
(Жаңартылды 10:59 01.11.2018)
Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 314 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бүлдіршін үш тілді қатар меңгеруі керек деп жазылмаған. Балабақшаға курстар ата-аналар сұранысына сай енгізіліп отыр. Яғни ата-аналар балаларын қанша тілде оқытатын балабақшаға жіберетінін өзі шешеді. Бұл туралы бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде балалардың ерте дамуына арналған бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері бойынша өткізілген отырыс кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Мұрат Бахтиярұлы балабақшаларда бүлдіршіндерді үш тілде оқытудың кері әсері болуы мүмкін екендігіне тоқталды. Айтуынша, осыдан 25 жыл бұрын балабақшада үш тілде оқытуды жүзеге асырған мемлекеттер бүгінде үлкен қиындыққа тап болып отыр. Мұнымен қатар, маман шетелдік профессормен осы тақырып төңірегінде пікір алмасқанын жеткізді. Өз кезегінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшаларға неліктен ағылшын тілі курстары енгізілгенін түсіндіріп өтті. 

"Соңғы уақытта балаларды үш тілде оқытуға қатысты ата-аналар тарапынан ұсыныс көп түскенін байқадық. Осы мәселеге келгенде біздің ұстанымымыз – ата-аналар өздері шешсін. Балаларын үш тілді балабақшаға бергісі келсе, берсін. Керісінше балаларының бір тілді ғана меңгергенін қаласа, оны да өздері шешсін. Бастысы біз бүлдіршіндерге үш тілді қатар меңгеруге жағдай жасап отырмыз", — деді Ерлан Сағадиев. 

Министрдің жауабынан кейін әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Сергей Ершов бұл жауапты әлі де түсінбегенін жеткізді. Мұнымен қатар, маман министрден бүлдіршін мектепке қандай білім қорымен баруы керектігін сұрады. Министр өз кезегінде бүлдіршіндердің шетел тілін меңгерулеріне қатысты қандай да бір мемлекеттік стандарт жоқтығын айтып өтті.

"Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту кезіндебалабақшаларға қойылар талап аз. Яғни бүлдіршін мектепке барғанға дейін белгілі бір деңгейде білімді болуы керек деп талап қоймаймыз. Сондай-ақ, бекітілген стандартта бала үш тілді қатар білуі керек деп жазылмаған. Егер балабақша ата-аналар сұранысына сай қандай да бір курс енгіземіз десе, біз қарсы емеспіз. Тек міндетті түрде министрлік тапсырған 25 минуттан 2-3 сабақтарын өткізсе болғаны", — деді білім және ғылым министрі. 

Мұнымен қатар, министр әр баланың қызығушылығы әртүрлі болатынын айтыпөтті. Біреулері тіл үйренуге қызықса, екіншілері роботехникамен айналысқанды ұнатады. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша 10 314 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 1-6 жастағы 880 мың бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Ал 1-3 жас аралығындағы балалар жалпы 40 мемлекеттік және 1 350 жекеменшік балабақшаға барып жүр. Олардың ішінде 130 мың баланың ата-анасы мемлекеттік балабақшаны таңдаса, 47 мың ата-ана балаларын жекеменшік балабақшаларға беруді ұйғарды.

425
Кілт сөздер:
Ерлан Сағадиев, Білім және ғылым министрлігі, балалар, балабақша, ағылшын тілі, ата-аналар, үштілділік
Тақырып бойынша
Бес тілді білетін түркістандық оқушы араб және француз тілін үйреніп жүр
Астанада орыс сыныптары қазақ тілінде оқитын болады
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

15
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

15
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
Мүгедек

"Шипажайға тегін жолдама беріледі": вице-министр жаңа заң туралы айтты

38
Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заң жобасы сенаттың бастамасымен әзірленді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне шипайжаға тегін жолдама беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үкіметтің қарауында мүгедектігі бар адамдарға қатысты тағы бір маңызды заң жобасы жатыр. Құжат сенаттың бастамасымен әзірленді. Негізгі мақсат – мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту. Заң жобасы аясында заңнамалық актіге 38 өзгеріс енгізу жоспарланып отыр", - деді Әукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, заңнан "мүгедек" деген термин алынып тасталады. Себебі бұл сөздің кемсітушілік сипаты басым. Ал ондай отбасыларға "мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін отбасы" деген мәртебе ресми түрде беріледі.

"Сосын мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне немесе асыраушысына шипажайға тегін жолдама беруге қатысты ұсыныс бар. Бүгінде ондай шара заңмен реттелмеген", - деп атап өтті вице-министр.

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алу квотасын орындамайтын кәсіпорындар өтемақы төлейді.

Айта кетері, мүгедектігі бар азаматтарға қатысты заң президенттің қол қоюына жіберілді. Оған сәйкес, жаңа жәрдемақы енгізіледі. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға қарайтын азаматтар да жәрдемақы алады. Сондай-ақ I-II топтағы мүгедек балалардың ауруына қарай жәрдемақының көлемі 16-37 процентке көтеріледі.

Сосын бұрын мүгедектігі бар балалар ана-анасынан айырылған жағдайда өз жәрдемақысын немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны, яғни екеуінің біреуін ғана алып отыратын. Ал жаңа заң бойынша екі жәрдемақы да беріледі.

Оқи отырыңыз:

38
Кілт сөздер:
жолдама, мүгедектер
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0