Малика Мұхитова

Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды

2818
(Жаңартылды 15:34 13.11.2018)
Есіл ауданының екінші қалалық сотында Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот отырысы жалғасты

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Судья Қанат Тобағалиұлы зардап шеккен тарапты материалдық шығынды көрсетуге мәжбүрлемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бір апта бұрын өткен сот отырысында зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Сандинов айыпталушыдан жалпы сомасы 14 миллион 753 мың теңге материалдық шығын өндіруді сұраған еді. Процесс аяқталысымен, марқұм Ескендір Сүлейменовтің анасы Лейла Сүлейменова журналистерге "судья бізден материалдық шығынды көрсетуімізді талап етті" деп мәлімдеген болатын. 

Бүгін судья Қанат Тобағалиұлы БАҚ өкілдеріне зардап шеккен тарапты ешкім мәжбүрлемегенін түсіндірді. 

"Оларды ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бұл жәбірленуші тараптың құқығы. Бұл жерде ешкім мәжбүрлемейді. Егер бас тартқысы келсе, бұл зардап шеккен тараптың құқығы. Сондықтан сот анықтауы тиіс, сот қуыным талабын мойындап тұрған кезде жай ғана қанағаттандыра сала алмайды. Сот заңмен негіздеуі керек", — деді судья зардап шеккен тараптың қорғаушысына. 

Айыпталушы Малика Мұхитова азаматтық қуынымды толық көлемде мойындады және жәбірленуші тарап есепшот нөмірін әлі ұсынбағанын мәлімдеді.

"Мен банк шотының нөмірін сұрадым, әзірге берген жоқ", — деді Мұхитова сотта. 

Келесі сот отырысы 9 қарашаға сағат 15:00-ге белгіленді. 

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді.  Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова қағып кеткен. 29 жастағы Малика Мұхитова өткен аптада өткен сот отырысында марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады. Өзінің кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Айтуынша, көлікті 2012 жылдан бері жүргізеді, алты жыл ішінде бірде бір рет жол-көлік оқиғасына ұшырамаған.

Айыпталушы "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейді, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған.

2818
Кілт сөздер:
судья, сот, Малика Мұхитова, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменов
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қаққаны белгілі болды
"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр". Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Үйленгелі жүр еді: Ескендір Сүлейменовтің өмірі жайлы жақын құрбысы айтып берді
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

10
(Жаңартылды 19:34 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Елбасының ресми сайты Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да қабылдағанын хабарлап отыр.

 

 

 

10
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Бетперде таққан адамдар

Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді

1554
(Жаңартылды 17:42 22.01.2021)
Президент эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Министр мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық  денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берді. Цой жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 процентке, жансақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 процентке толғанын айтты.  

Денсаулық министрі COVID-19 жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Ол елімізде адамдардың коронавирустан қайтыс болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді жүктеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Ал өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-ші, өлім-жітім бойынша 94-ші, COVID-19 індетінен жазылып шыққандар саны бойынша 48-ші, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.

1554
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы