Қолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы

Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары не үшін ұсталғаны белгілі болды

521
(Жаңартылды 16:52 02.11.2018)
Министрліктің екі лауазымды тұлғасы мердігер кәсіпорынның басшысынан пара алғаны үшін ұсталған

АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларының ұсталуына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен әкімшілік департаменті директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Олар мердігерлік ұйымның басшысынан мемлекеттік сатып алулар шартын жасау және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді", — деді бүгін брифинг барысында агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.  

Сот санкциясымен әкімшілік департаментінің директоры үйқамаққа алынған, ал жауапты хатшыға қатысты 6 миллион теңге көлемінде кепіл бекітілді, ол лауазымынан уақытша шеттетілді. 

Сөз соңында агенттік өкілі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанына орай өзге деректерді жария ете алмайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 26 қазан күні мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлады. Кейін министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың 24 желтоқсанға дейін үйқамаққа алынғаны белгілі болды.

521
Кілт сөздер:
пара, сыбайлас жемқорлық, Мәдениет және спорт министрлігі
Тақырып бойынша
Мәдениет министрлігі ұсталған қызметкерлерінің жұмыстан шығарылмағанын айтты
Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Қазақстанда екі прокурор пара алғаны үшін ұсталды
Спрей

Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады видео

810
Ер адам тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде егде жастағы ер  адамның полицейлермен ашулы кейіпте тілдесіп, бұрышты баллон спрейін шашып, шабуыл жасаған видеосы тарады.

Видеода ол тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды. Нәтижесінде, бірнеше полиция қызметкері зардап шеккен. 

Әлеуметтік желідегі жазбаларда екі жыл бойы анасын көрмеген төрт жасар қызға қатысты қақтығыс туындағаны айтылады. Ал шабуылдаушы зейнеткер – қыздың атасы. Полицейлер бала мен анасын табыстыру үшін келгенімен, жағдай мүлдем басқаша сипат алған.

Алматы полициясы бұл видео Наурызбай ауданында 2020 жылдың 7 желтоқсанында түсірілгенін мәлімдеді.

"Учаскелік инспектор мен ювеналды полиция, жеке сот орындаушысы және қамқоршылық органның өкілі 2016 жылы туған қызды анасына тапсыру үшін зейнеткердің үйіне келген. Осы кезде бүлдіршіннің атасы – 1954 жылы туған ер адам өзін ашулы кейіпте көрсетіп, полиция қызметкерлері мен сот орындаушысына бұрышты спрей қолданды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі кезгде зейнеткердің ісі "билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қаралуда. Оған 3 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (8 751 000 теңге шамасында) салынып, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Зейнеткер қауіпсіздік жабдықтарынсыз тік жартастарға шығады – экстремалды видео

810
Кілт сөздер:
полицейлер, зейнеткер
Тақырып бойынша
Шыбын өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жіберді
Зейнеткер үйде күтіп отырған 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты
Қазақстанда 216 мың зейнеткер бір реттік төлем алады
Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер іздестіріліп жатыр
Оралда зейнеткер мен мүгедек ұлын өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты
WhatsApp қосымшасы

Қолданушылар сынынан кейін WhatsApp жаңартуды кейінге қалдырды

42
(Жаңартылды 11:04 16.01.2021)
8 ақпанға дейін де, одан кейін желі қолданушылары ешқандай қиындық, кедергіге ұшырамайды. Ал жаңарту процесі 15 мамырда басталады деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. WhatsApp қосымшасының қолданушылары арасында резонанс тудырған қолданушы келісімінің орындалуын кейінге қалдыру туралы шешімін жариялады, деп жазады РИА Новости.

"Біз қолданушы келісімін жаңарту шарттарын жүзеге асыратын күнді кейінге қалдырамыз", – делінген компания хабарламасында.

Сонымен қатар, 8 ақпанға дейін де, одан кейін желі қолданушылары ешқандай қиындық, кедергіге ұшырамайды. Ал жаңарту процесі 15 мамырда басталады деп жоспарланған.

Компания осы уақыт ішінде енгізілген жаңашылдықтарға адамдар тез бейімделіп, оларды қарқынды қолданатын болады деп болжайды.

Сондай-ақ, желідегі жеке әңгімелердің барлығы да өтпелі шифрлаудан қорғалатын болады және WhatsApp та, Facebook те жеке хабарламаларды көре алмайды.

Жаңарту енгізу нәтижесінде пайдаланушының орналасқан жері де қорғалады. Оған қоса, бұл деректер Facebook-ке берілмейді. WhatsApp мұндай әрекеттерді "жалған ақпаратпен күресу" мақсатында жасап жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшасы әзірленеді

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp әкімшілігі қолданушы келісімін жаңартып, жеке ақпаратты Facebook-ке беретін болып келіскен. Осыған орай, WhatsApp бүкіл Facebook-тегі "қосымшалар отбасына" қолданушылардың талғамын талдау үшін пайдаланушылар туралы қажетті деректерді бөлісуі тиіс еді.

42
Кілт сөздер:
мобильдік қосымша, қосымша
Тақырып бойынша
Қазақстанда банк қосымшасы арқылы қылмыс жасаған полковник ұсталды - видео
"Ұлы дала елі" қосымшасы әзірленді
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Алматыда iAzamat интерактивті қосымшасы іске қосылды
Миллионнан астам адам жүктеген WhatsApp қосымшасы жалған болып шықты
Дәрігер, архивтегі фото

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды

0
Нұрлан Құлсейітов сенбі, 16 қаңтарда өмірден өтті. Ол коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов коронавирустан қайтыс болды, оның өкпесі 90-95 процентке зақымданды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жұмыс барысында ол өзін жауапты басшы ретінде танытты. Оның бай тәжірибесі мен кең теориялық және практикалық білімі болды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Онда сондай-ақ шамамен тоғыз жыл бұрын Құлсейітов жол апатына ұшырап, бір ажалдан аман қалғаны айтылған. Бұл жағдай оның денсаулығына әсер еткен. Ол инфекциямен 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бері күресіп келген.  

Нұрлан Құлсейітов желіде тараған видеодан кейін қайтыс болардан біраз уақыт бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Роликтен кездесуге қатысушылардың бірі дәрі-дәрмек жетіспеушілігі туралы сұраққа жауап алуға тырысып жатқанын көруге болады.

Бірақ оның сөзі медициналық мекеме басшысының ашуын келтіреді, ол айқайлап, үстелді жұдырығымен бір ұрған. Содан кейін ол жиналыстан кетіп қалады. Осыдан кейін оған тәртіптік жаза тағайындалды.   

0
Кілт сөздер:
коронавирус, бас дәрігер
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменов әйелімен бірге Алматыда ауруханада жатыр
Теңізде коронавирустан емделіп жатқандар саны 700-ден асты
Ер адам коронавирустан емделемін деп өліп кете жаздады
Алматының бас дәрігері тұрғындарға үйден көп шықпауға кеңес берді   
Министрлік коронавирус пен пневмониядан неше адам қайтыс болғанын жариялады