Сөздік

Ғалымдар шет тілін қай жастан бастап үйрену керектігін айтты

958
(Жаңартылды 09:18 05.11.2018)
Шет тілін үйренуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жетік меңгеруге болады

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Шет тілін үйренуді он жасқа дейін бастаған адамдардың сол тіл өкілдерінің деңгейіне жетуге мүмкіндігі бар, деп хабарлады Массачусетс технологиялық универститетінің нейро- және когнитивті ғылымдар орталығының мамандары, деп жазады РИА Новости Cognition журналына сілтеме жасап.

Ғалымдар әртүрлі жастағы (ең кіші қатысушының жасы онда, ал ең үлкені — 70-те, орташа жас — 20 мен 30 аралығында) 670 мың әртүрлі ұлт өкілдерінен жинақталған ақпаратты сараптау үшін компьютерлік модель ойлап тапты. Қатысушылар сауалнамада жасын, ағылшын тілін қашаннан бері үйреніп жүргенін жазып, грамматикалық тест орындаған.

Нәтижелер көрсеткендей, шет тілінің грамматикасын бала кезде немесе жасөспірім шақта жетік меңгеруге болады. Ал он сегіз жастан кейін тілді меңгеру қабілеті сақталғанмен, тіл өкілінің деңгейіне жету қиындай түспек.

Зерттеушілер атап өткендей, бұл заңдылыққа биологиялық, әлеуметтік-мәдени факторлар себеп болады.

"Былайша айтқанда, 17-18 жасқа толған соң адам ересек өмірге аяқ басып, күнкөріс қамымен жұмыс істей бастайды немесе оқуға түсіп, студент болуы мүмкін. Ал бұл оның тілді бұрынғы қарқынмен үйренуіне кедергі келтіреді", — дейді зерттеу авторларының бірі Джош Тененбаум.

958
Кілт сөздер:
ғалымдар, шет тілі, ағылшын тілі, зерттеу
Тақырып бойынша
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Ғалымдар көздің көрмей қалуынан сақтайтын тағам түрлерін атады
Шаңырақ шайқалмасын десеңіз: ғалымдар берік отбасының құпиясын ашты
Ғалымдар қатерлі ісікті сумен анықтаудың жолын тапты
Ғалымдар сыраның ешкім күтпеген пайдасын анықтады
Ғалымдар қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын анықтады
Ғалымдар жүзімнің ешкім күтпеген пайдасын ашты
Ғалымдар қартаюды баяулатудың ең оңай жолын анықтады
Ғалымдар: кеңседе жұмыс істейтіндер ажырасуға бейім келеді
архивтегі сурет

Көлікке жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы қайта іске қосылады

5470
Бағдарлама қоғамдық көлікті, соның ішінде автобус паркін жаңарту мүмкіндігін де қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаңа көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы қалпына келтіріледі.

Бағдарлама қоғамдық көлікті, соның ішінде автобус паркін жаңарту мүмкіндігін де қарастырады.

Бұл туралы "Хабар" арнасындағы "Большая неделя" бағдарламасында индустрия және инновациялық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

"Оператор РОП" қызметі тоқтатылып, "Жасыл Даму" АҚ-на берілгеннен кейін үкімет қаржыны жеңілдетілген автонесилеу бағдарламасын жандандыруға бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатыр", - деді ол.

Оның сөзінше, көлікті алғашқы жарнасыз 4 процентпен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен қатар Қарабаевтың айтуынша, отандық көлікті жеңілдікпен сатып алу үшін ваучерлер беру бағдарламасы да жасалуы мүмкін.

Жеңілдетілген бағдарламаның шарттары жуықта өтетін сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысатын кеңесте талқыланады.

Оқи отырыңыз: 

 

5470
Кілт сөздер:
несие, автокөлік
архивтегі сурет

"Динамо" спортзалында митингке шыққандарды азаптады: омбудсмен Атырауға барды

3030
(Жаңартылды 17:55 24.01.2022)
Әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында спортзалға қатысты арыз-шағымдар әлі де жарияланып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Атырау қаласына барып, әлеуметтік желіде тараған мәліметті тексерді.

Бұған дейін тәртіп сақшылары "Динамо" спортзалында митингке шыққан адамдарды азаптайды деген ақпарат тараған болатын. Атыраулықтар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы полицейлердің қорлық көсеткенін және халықты соққыға жыққанын айтты. Әзімова осы ғимаратқа барып қайтты.

"Қазіргі кезде спортзал бос тұр. Ол жерде отырғандардың бәрін босатқан, я болмаса, тергеу изоляторына отырғызды. Эльвира Әзімова тергеу изоляторына барып, қамауға алынған адамдармен де сөйлесті. Олардың ішінде бес адам арыз жазды. Омбудсмен осы шағымдарды ішкі істер министрлігіне және бас прокуратураға беріп жіберді", - делінген омбдусменнің қызметі таратқан ресми хабарламада.

Бірақ әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында спортзалға қатысты арыз-шағымдар әлі де жарияланып жатыр.

"Енді, бұл жерде бас прокуратура барлық ақпаратты тексеріп, спортзалда болған адамдар - ұсталғандар, куәгерлер мен қызметкерлерден жауап алуы керек. Прокурорлық тексеріс адамдардың арыз жазғанын күтіп отырмауға тиіс. Прокуратураның конституциялық міндеті бар. Олар Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдылықтың сақталуын қадағалайды", - дейді Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әрбір арыз жан-жақты тексерілуі шарт.

Осы орайда адам құқықтары жөніндегі уәкіл тергеушілерге кәулік етуге және бас прокуратура жарияланған кезекші прокурорларға телефон арқылы хабарласуға қорықпау қажеттігін жеткізді.

"Ең бастысы, тексерістің нәтижесі бойынша халық алдында есеп берілуі керек", - деп атап көрсетті омбудсмен.

Қазіргі кезде ішкі істер министрлігіне жіберілген бес арыз бойынша ішкі қауіпсіздік қызметі тексерісті бастап кетті.

Айта кетері, бұған дейін бас прокуратура адам құқықтарын бұзу бойынша 91 арыздың түскенін мәлімдеді. Соның ішінде азаптау әрекеттері де бар. Бүгінде 8 арыз бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптау) бойынша тергеу шаралары басталды.

Осы істердің арасында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына жазылған 5 шағым да бар.

Оқи отырыңыз: Әкімдер наразы халықпен тіл табыса алмады – сарапшылар негізгі себебін айтты

 

3030
Кілт сөздер:
Атырау, полиция, митинг
НАТО

Ресей мен Батыс келіссөзі: НАТО-ның мақсаты қандай

0
2022 жылдың қаңтар айының соңы Ресей мен ұжымдық Батыс өкілдерінің арасындағы маңызды келіссөздерге толы болды

АҚШ, Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипломаттары мен натолық жоғары лауазымды шенеуніктер Мәскеудің қауіпсіздік жөніндегі бастамаларына жауап қатудың ортақ бағытын құрастыруға әрекет етіп жатыр. Бүгінгі күні бұл бағытта ілгерілеу белгісі байқалмай отыр.

АҚШ пен оның одақтастары НАТО үшін "ашық есік саясаты" туралы және Альянс құрамына кірмейтін Ресей сынды мемлекеттердің ұйымның кеңеюіне тыйым сала алмайтынын айтудан жалығар емес. Ал Ресей әскери блок "демократия бірлестігі" бола алмайтынын алға тартып отыр. Сонымен қатар, интеграциялық бірлестікке қандай да бір мемлекеттің мүше болуы мінсіз бола алмайды. Ол кемінде әскери альянсқа мүше бола алмайтын немесе болғысы келмейтін тараптардың да мүдделерін ескеруі керек. Әйтпегенде қауіпсіздіктің бөлінбейтіні туралы қағида ескерусіз қалады.

Көзқарастары мен ұстанымдарының қарама-қайшы екеніне қарамастан, Батыс та, Ресей де келіссөзден шығуға асығар емес. Мәскеу қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі бастамаға жазбаша жауапты күтіп отыр. Сондай-ақ орыстар ресейлік СІМ басшылығымен одан әрі консультациялар жүргізу үшін Сотүстікатлантикалық альянсқа мүше мемлекеттердің министрлері Мәскеуге келеді деп күтіп отыр.

Осы кездесулер, келіссөзер, пікірлер мен мәлімдемелер аясында Еуропа посткеңестік кеңістіктегі жағдайға баса мән беріп отырғанын байқамау мүмкін емес.

Бір жағынан, АҚШ пен оның одақтастары келіссөз тақырыбын Украина және "Ресей шабуылының қаупіне" дейін қысқартуды көздеп отыр. Бұл әңгіме ауанын еуропалық қауіпсіздік аясындағы ортақ проблемалар мен ұстанымдардан аулақ алып кетуге және қарсы тарапты ақталуға, қорғануға мәжбүрлеуге бағытталған әрекет екені анық.

Бірақ Ресей үшін таяу шетелде қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды ұстаным болып отыр. Сондай-ақ НАТО-мен қарым-қатынастағы үш жүйелі дағдарыстың екеуі посткеңестік кеңістікке байланысты туындады. Біріншісі 1999 жылдың наурыз-мамырындағы бұрынғы Югославиядағы натолық интервенцияға, екіншісі Грузиядағы "бес күндік соғыспен" және үшіншісі украин дағдарысы мен Қырымға Ресейің үстемдік етуіне байланысты болды.

Кез келген мемлекет үшін оның көршілері – ерекше мүдделер аумағы болып саналады. Батыстағылар "ықпал ету аясын асырып отыр" депп айыптауды әдетке айналдырған Ресейде ноу-хау ұсынып отырған жоқ. Ол бар болғаны өз аумағы мен іргелес орналасқан елдерде тыныштық пен бейбітшілік орнағанын көздейді.

НАТО-ның бұрынғы КСРО аумағына келуінің басты қаупі әдетте халықаралық қарым-қатынас аналитиктері жазып жатқан ресейлік ықпалды батыстағылардың ығыстыруында ма? Негізгі проблема – Альянстың кеңеюінде емес, оның көпұлтты халық тұратын және ұлттық бірегейлік толыққанды қалыптасып үлгермеген, халықаралық қызметтегі тәжірибесі аз және өз елінің сыртқы саяси перспективасына түрлі баға берілетін құрамы күрделі мемлекеттерде үстемдік етуге тырысуы.

НАТО-ға мүше болу үшін "ашық есік саясатын"қолдайтындар арасында Грузия, Молдова мен Украинаның аумақтық бүтіндігін толық қалпына келтіруді жақтайтындар басым. Бұл әдісті қабылдаған күннің өзінде пікірдің қақ жарылғанын мойындау керек. Абхазия, Оңтүстік Осетия, Қырым және Приднестровье, ДХР және ЛХР сынды мойындалмаған республикалар Вашингтон немесе Брюссельді емес, Мәскеуді өз қауіпсіздігінің кепілдігі деп танып отыр. Мұны ескермеуге болмайды.

Киев халықаралық әлеуметтану институты өткен жылдың желтоқсанында елдің бүкіл аумағында жүргізген сауалнама нәтижесі халықтың 59,2%-і Украинаның НАТО-ға кіруін қолдаса, 28,1%-і қарсы екенін анықтады. Ресейді агрессор және Солтүстікатлантикалық альянсты құтқарушы етіп көрсететін ақпараттық науқан кезінде де елдің басым бөлігі НАТО-ға кіруге қарсы болып отыр.

Сондықтан НАТО-ның өз шекарасына қарай жақындай түсуі көрші елдердегі халықтың арасындағы түрлі топтың алаңдаушылығын тудырып, оларға еуроатлантикалық ұмтылыстарға қарсы тұру қажеттілігі туындағанын мойындатып отыр. Мұндай ішкі қайшылықтарға геосаяси бәсекелестік қоса жүруі тіпті қауіпті. Солтүстікатлантикалық альянстың туы астына посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті ығыстыруға тырысуы бұл қайшылықты үдете түседі. Ал бұл бұрынғы КСРО елдерінің қалыптасқан толыққанды мемлекет болу бағытындағы жоспарын жүзеге асыруға үлкен кедергі болады.

Қалай болғанда да альянсқа мүше болуды жоққа шығару жеткіліксіз. Бұл мәселені талқылап, балама шешімдер ұсыну қажет. Мұндай шешімдер грузин, молдаван немесе украин саяси орталарында жоқ емес.

Бүгінде көпшілік Австрия, Швейцария немесе Финляндияның үздік тәжірибесі жайлы жиі айтып жүр. Швейцариялық зерттеуші Оливье Мёвли "бейтараптылық "біздің мемлекет қандай да бір қақтығысқа араласпауына ғана емес, басқаларға өзінің делдалдық немесе төрелігі сынды игілікті қызметін ұсынуға мүмкіндік берген факторға айналды" деген пікір білдірді.

Дәл осы Швейцария дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ кезде Грузия мен Ресейдің арасындағы байланысты қамтамасыз етті. Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөз кезінде швейцариялық дипломаттар шешуші рөл ойнады.

Бейтараптылықты кейбір саясаткерлер мен сарапшылар бүгінгі Украина немесе Грузия үшін ұнамсыз, капитуляциялық курс ретінде қарастырады. Бір сөзбен айтқанда, бейтараптылық - бұл панацея емес, бұл әр ел мен аймақ үшін жеке ішкі және халықаралық факторлардың күрделі үйлесімі.

Австриялық маман Александр Дубовы мұның жеке мақсат емес және "мемлекеттік стратегияны алмастыру" әрекеті емес екенін, соған қарамастан, бейтараптылық туралы пікірталас "мемлекет болашағы, көпұлтты қауымдастықтардың ұлттық мүдделері, сондай-ақ осы елдердің аймақтағы рөлі туралы пікірталастардың бастапқы нүктесі және өзіндік қозғаушы күші бола алатынын айтты. Мұндай диалог бұрынғы қақтығыс пен шиеленіске алып келмей, мағыналы әрі сындарлы әңгіме аясында жүргізілуі керек.

0
Кілт сөздер:
Ресей, келіссөздер