Самал Еслямова

Самал Еслямова ғажайып Қазақстанды аралауға кеңес береді

133
(Жаңартылды 18:50 09.11.2018)
Канн кинофестивалінде марапат алған актриса Қазақстан мен Ресей форумы аясындағы көрмені тамашалауға арнайы келді

ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша — Sputnik.  Биыл үздік әйел рөлі үшін Канн кинофестивалінің жүлдегері атанған қазақстандық актриса Самал Ельямова Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы ірі туристік көрмеге қатысу үшін туған қаласы Петропавлға келді. Бұл туралы тілшісі хабарлады.

Самал Еслямова осы көрмені көргісі келгенін атап өтті.

"Мені шақырғанына қуаныштымын.Мұндай деңгейдегі іс-шара алғаш рет өткізіліп отырған туған өлкемді қолдауға әрқашан дайынмын. Бұл шын мәнінде тарихи оқиға. Қай елге барсам да: "Қазақстанға келіңіздер, ғажайып әрі бір-біріне мүлде ұқсамайтын орындар көп. Біздің еліміздің ұлан-байтақ даласына саяхаттаңыздар, сонда оның сан алуан екенін көзбен көріп, сезінесіздер" деп айтып жүремін", — деген Еслямова форум өте жақсы нәтиже беріп, Қазақстан туристер үшін одан да тартымды бола түсетініне сенім білдірді.  

Сонымен қатар, актриса жанға жайлы Петропавлды қатты жақсы көретінін айтты.

"Өз бояуы, өз ерекшелігі бар… Бұл ортаны ұмыту мүмкін емес", — деп түйіндеді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық актриса Самал Еслямова биыл "Айка" фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінде марапат алды. Сонымен қатар, ол Анталиядағы 55-ші халықаралық кинофестивалде "Үздік актриса" номинациясын иеленді.

Режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі Қазақстан атынан "Оскар" киножүлдесіне ұсынылды.    


133
Кілт сөздер:
"Айка" фильмі, өңіраралық ынтымақтастық форумы, Самал Еслямова, Петропавл, Ресей, Қазақстан
Тақырып:
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы (19)
Медициналық аппарат құрылғысы

Невропатолог адамдар не себепті инсульт алатынын айтты

16
(Жаңартылды 10:19 30.10.2020)
Невропатолог инсульттың алғашқы үш белгісі бар екенін айтады. Адамның бет терісінің салбырауы, кеуде тұсқа дейін көтеріп созғанда қолды бір сызық бойымен ұстай алмау және жеңіл фразаны қайталай алмау

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Бүгін – дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес күні. Инсульт – ми қан тамырларының бітелуі немесе жарылуы кезінде пайда болатын ауру. Невропатолог, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының екінші дәрежелі дәрігері Әсем Телеубаева Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат беріп, инсульттың алдын алу, жедел жәрдем келгенге дейін көрсетілу қажет көмек жайлы айтты.

– Инсульт тек егде жастағы адамдарда бола ма? Кейінгі кезде инсульттің де "жасарып" жатқаны жайлы естиміз. Статистика не дейді?

– Жыл сайын 40 мыңнан астам инсульт алады. Оның ішінде 5 мың адам алғашқы 10 күнде қайтыс болады. Тағы 5 мың адам ауруханадан шыққаннан кейін қайтыс болады. Бұл – ауруханаға жеткізілген науқастар есепке алынған статистика. Жедел жәрдем келмей жатып қайтыс болатын адам да көп. Ең көп сырқаттанушы – 41 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар, одан кейін 61-70 жас аралығындағы науқастар, алайда бұл ауру қазір жастар арасында да кездеседі.

Инсультқа ұшыраған адамдарды саралайтын болсақ, науқастардың 50%-ті сыртқы фактор салдарынан ауырады. Мысал ретінде жас жігітті алайық. Ол бірнеше күн бойы компьютер алдында отырады, аз қозғалады, майлы тамақ жейді. Мұның бәрі семіздікке алып келеді. Оған қосымша темекі тартып, ұйқысы қанбай, жүйке жүйесі тозса, адамның қан қысымы жоғарылайды. Оның бәрі инсультқа алып келеді.

Инсультқа генетика да әсер етеді. Жақын туысы ауырған адам да кейін инсульт алуы мүмкін. Сонымен қатар қант диабеті, жүрек ауруы, жүрекше фибрилляциясы, гипертония, ми қан тамырларының туа біткен патологиялық аурулары инсультқа алып келеді.

Қарт адамдар қан қысымының жоғарылағанына бейімделген. Оларда гипертония (қан қысымының төмендеуінен әртүрлі мүшелер мен тән жүйелерінде ауытқулардың пайда болуы) ауруының көп жылдық тәжірибесі бар. Жастарда ондай жоқ. Сол себепті жастар арасында инсульт жиі кездеседі.

– Бір рет инсульт алған адам екінші рет ауырып қалуы жиі кездесе ме?

– Инсульт алған барлық науқаста бірінші жылы жағдайдың қайталану қауіпі жоғары. Ал науқас ауруханада емделіп, үйге шыққан кезде барлық ұсынысты орындаса, инсульттің қайталану қауіпі азаяды. Себебі инсультпен ауырып шыққан науқастар өмір салтын толығымен өзгертеді. Науқас жедел жағдайдан шыққаннан кейін бірден оңалту шаралары басталады. Науқастың жұтыну, сөйлеу, жүру секілді қалыпты әрекеттерін орындау қабілеті қаншалықты бұзылғаны анықталады. Науқас үйге шығатын кезде оның туыстарын моральдық тұрғыдан дайындаймыз. Күнделікті қандай мөлшерде сұйықтық ішу керек екені, ұйқы режимі, жаттығу жұмыстары түсіндіріледі.

– Инсульттың қандай түрі бар? Қай түрі жиі кездеседі?

– Аурудың үш түрі бар: ишимиялық, гемморрагиялық, субарохноидальді инсульт. Ең жиі кездесетін түрі – ишимиялық инсульт. Бұл – мидың бір бөлігінде тромбтың пайда болуы. Соның салдарынан мидың бір бөлігінің қан айналымы азаяды немесе қан айналымы тоқтайды. Гемморрагиялық инсульт – қан тамырының атылуы. Субарохноидальді инсульт – ми қабығы тамырларының жарылуы нәтижесінде пайда болатын ми мен оның қабығы арасында пайда болған қанды ісік.

– Адамдар инсульттің қандай белгілерін міндетті түрде білу керек?

– Инсульттың алғашқы белгілері – беттің қисайып кетуі. Науқасқа "жымиыңыз, тісіңізді көрсетіңіз" дегенде, бір беті төмен салбырап тұрады. Сондай-ақ, екі қолды көтеріп, кеуде тұсымен бір сызық бойында ұстап тұрыңыз дейміз. Сондай жағдайда бір қолы төмен түсіп кетеді. Үшінші белгісі – жеңіл фразаны қайталау. Соны қайталай алмау инсульттың бір белгісі болып есептеледі.

– Инсульт болған жағдайда жедел жәрдем келгенше қалай көмек көрсеткен жөн?

– Үй жағдайында инсульт белгілерін байқаған кезде науқасты тыныштандырып, төсекке жатқызу керек. Бас жағы 30 градусқа жоғары болатындай етіп, жастық қойған жөн. Егер науқас есінен танып қалған болса, қырымен жатқызу қажет. Өйткені ол құсуы мүмкін. Жейдедегі түймені ағытып, ауа ағынын қамтамасыз ету керек. Мүмкіндік болса, жедел жәрдем келгенше қан қысымын өлшеп, жоғары болса, қысымды төмендететін дәрі беру керек. Сонымен қатар инсульт белгісі байқалған жағдайда науқасқа тамақ беру және қан тамырын кеңейтетін дәрі беруге тыйым салынады.

– Инсульттың алдын алу бойынша қандай да бір нұсқама бар ма?

– Иә, аурудың алдын алу бойынша бірнеше нұсқама бар. Бұл қан қысымын бақылау, қандағы холестерин деңгейін бақылау, қандағы қант деңгейі мен өз салмағын бақылау, дұрыс тамақтану, темекіні тастау, жаттығу жасау, күйзелісті бақылау, жыл сайын медициналық тексеруден өту.

Оқи отырыңыз: "Бәрін уси-пуси құртады": мамандар бала тілінің неге кеш шығатынын түсіндірді

Артық салмақ инсульт қауіпін арттыратын бірнеше факторды өзімен бірге алып келеді. Бұл – қан қысымының жоғарылауы, жүрек қан тамырлары ауруы және қант диабетінің дамуы.

– Инсульттан кейін емделу орта есеппен қанша уақытқа жалғасады?

– Науқастарға 6 айдан 2 жылға дейін ем алу қажет екенін айтамыз. Бірақ оның нақты жауабы жоқ, өйткені бұл науқастың өзіне де, жанындағы туыстарына да байланысты. Егер науқас ем алуға дайын болып, инсульттың қайталанбауы үшін барлық шараны жасаса, тез сауығып кетуге мүмкіндік бар.

16
Кілт сөздер:
ауру, дәрігер, инсульт
Тақырып бойынша
"Еркектің қуатын арттырады": Германияда оқыған дәрігер қан алдырудың пайдасын айтты
Жас дәрігер Сапарбаевқа: Жалақым 180 мың теңге, жағдайымыз жаман емес
Ауыр дертпен күресіп жүрген астаналық жігіт: бақсы-балгерлерге бармаңдар
"Бәрін уси-пуси құртады": мамандар бала тілінің неге кеш шығатынын түсіндірді
Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендей ме?
Аурухана, архивнтегі фото

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

9
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 461 адам ем қабылдап жатыр, арасында 313 бала бар, 9 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланған

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

29 қазанда 392 адамнан коронавирус инфекциясы табылды және 195 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індетке шалдыққан 400-ге тарта науқас анықталды

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 461 адам ем қабылдап жатыр, оның 313-і бала. Стационарларда 2 303 науқас бар, 1 158 адам амбулаториялық жағдайда емделуге шешім қабылдаған.

Оның ішінде 135 адамның жағдайы ауыр, 9 науқастың жағдайы аса ауыр екені хабарланды. 16 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 111 492 адам коронавирус жұқтырды, 1 тамыздан бастап 37 574 адам пневмонияға шалдықты.

Коронавирустан 1 844 адам, 1 тамыздан бастап пневмониядан 399 адам қайтыс болды.

9
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады
2 миллион теңге берілмейді: дәрігерлердің өтемақысын неге тоқтатты?
Қазақстанның бір облысында блок бекеттер қойылады
Алматыда коронавирус жұқтырған үш жігіттің шәуеті тартылып қалған
Банкоматта тұрған адам

Көкшетауда ер адам банкоматта қалып қойған жарты миллион теңгені алып кетті

0
Полиция көп ұзамай ер адамның кім екенін анықтады, қазір процессуалды шешім қабылдау мәселесі шешіліп жатыр

 

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Көкшетау тұрғыны бөтен адамның банкоматта қалдырып кеткен ақшасын алып, ізін жасырды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көкшетаудың полиция басқармасына 39 жастағы тұрғын арызданған. Ол банкомат арқылы 540 мың теңгені аудармақ болғанын, алайда ақшаны ұяшыққа салғаннан кейін алаңғасарлықпен операцияны аяқтауды ұмытып кеткенін айтты. Банкке келген келесі клиент банкоматта қалып қойған ақшаны алып, қауіпсіздік қызметіне хабар берместен, банктен шығып кеткен.

Тағы оқыңыз: Маман адамдар банкомат арқылы қалай алданып қалатынын айтты

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтады. Ол Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны. Қазір процессуалды шешім қабылдау мәселесі шешіліп жатыр, деп мәлімдеді полициядан.

0
Кілт сөздер:
миллион теңге, банкомат, Көкшетау