Малика Мұхитова сот залында

Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты

529
(Жаңартылды 15:33 13.11.2018)
Бұған дейін жол апатынан қаза болған Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы айыпталушыдан 14 млн теңге талап еткен еді

АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Астанада жол апатынан көз жұмған Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы айыпталушы Малика Мұхитовадан материалдық шығын өтеу туралы талап-арызды қайтарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Астана қалалық екінші сотында Сүлейменовтер отбасының қорғаушысы Дамир Сандинов тиісті қолдаухатты оқып берді. 

"24 қазанда болған сот отырысында зардап шеккен тараптың өкілі сотталушы Мұхитовадан мүліктік шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыз берген еді. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 169-бабы 1-тармағына сәйкес азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген кезеңінде талап-арызды қайтарып алуға құқылы", — деді адвокат. 

Қорғаушы судьядан зардап шеккен тараптың материалдық шығынды өтеу туралы азаматық талап-арызын қарамауды өтінді. 

Бұған дейін зардап шеккен тарап сотталушы Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге мөлшерінде мүліктік шығынды өтеуді талап еткен еді.

Кейінірек, марқұмның анасы Лейла Сүлейменова судья Қанат Тобағалиұлы материалдық шығынды көрсетуді талап еткенін айтты. 

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді.  Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова қағып кеткен. 29 жастағы Малика Мұхитова өткен аптада өткен сот отырысында марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады. Өзінің кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Айтуынша, көлікті 2012 жылдан бері жүргізеді, алты жыл ішінде бірде бір рет жол-көлік оқиғасына ұшырамаған. 

Айыпталушы "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейді, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған.


529
Кілт сөздер:
мотоцикл, отбасы, жас жігіт, сотталушы, сот, жол апаты, Малика Мұхитова, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменовтің немересі, Астана
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы жылап кешірім сұрады
Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қаққаны белгілі болды
"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр". Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін ақтық сапарға шығарып салды
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

39
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

39
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

25
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

25
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

263
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

263
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы