Қоғам

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

CC0 / / Блокнот
Блокнот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстанның мерекелік күндер тізімі тағы бір мейраммен толықтырылды

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мерекелік күндер тізіміне тағы бір мейрам енгізетін үкімет қаулысына қол қойды.

12 қараша - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 қараша

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта хабарланғандай, мерекелік күндер тізімінде жаңа тармақ пайда болды: "47. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан".

Жаңа мерекені атап өтетін күн де алыс емес екен.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 1991 жылы желтоқсан айының соңында ҚР министрлер кабинетінің қаулысымен құрылған болатын. Ол мемлекеттік биліктің жоғары органдары, мемлекеттік басқарма, үкіметтік мекемелер мен жоғары әскери командованиесінің фельдъегерлік байланысын қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын Sputnik Қазақстан қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалатынын жазған болатын.

Жаңалықтар
0