Қасымов

Қонақүй ғимаратына көшетін Астана полициясы джакузиді пайдалана ма? Қасымов жауап берді

332
(Жаңартылды 11:38 15.11.2018)
Полиция департаментін бұрынғы қонақүйге көшіру үшін бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астананың полиция департаментін бұрынғы Ramada Plaza қонақүйінің ғимаратына көшіруге дайындық қалай жүріп жатқанын, сондай-ақ ол департамент қызметкерлерінің бір ғимаратта отыруы жұмыс үшін қаншалықты тиімді  болатынын айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Бастапқыда президент істері басқармасына тиесілі болған ғимарат кейін Астана қаласы әкімдігінің меншігіне өткен. Енді әкімдік оны елордалық полиция департаментіне беріп отыр.

"Қазіргі уақытта полиция департаменті 7 ғимаратта отырады. Мұны көз алдыңызға елестете аласыздар ма? Анықтау басқармасы бір мекемеде, жол полициясы мен жергілікті полиция басқа ғимаратта, күзет қызметі басқармасы төртінші, көші-қон басқармасы бесінші ғимаратта отыр. Ал олардың жедел әрекет ету орталығы ІІМ-нің ғимаратына орналасқан еді. Ішкі істер департаментінің басшысы аталған басқармалардың басшыларын қалай жинай алады? Енді олардың барлығы бір ғимаратта отырады", — деді министр.

Әрі қарай Қалмұханбет Қасымов бесжұлдызды қонақүйге тиесілі джакузидің жоқ екенін айтып, қажетті жөндеу жұмыстарының әлі де жүріп жатқанын жеткізді.

Тағы оқыңыз:

"Джакузилерді алып кетті. Бұған ғимаратқа кіріп көз жеткізсеңіздер болады. Алдағы уақытта бұрын қонақтарға арналған нөмірлерден жеке кабинеттер жасалмақ", — деді ол.

Мұнымен қатар, министр аталған ғимаратты Астана қаласы әкімдігі тиісті жиһазбен қамтамасыз ететінін айтып өтті. 

Полиция департаментін бұрынғы қонақүйге көшіру үшін жергілікті бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

332
Кілт сөздер:
басқарма басшысы, министр, полиция, Қалмұханбет Қасымов, Астана
Тақырып бойынша
Қасымов "отставкаға кетесіз бе?" деген сұраққа жауап берді
Қасымов Теннің өлімінен кейінгі үш күнді қалай өткізгенін айтып берді
Министр Қасымов отставкаға кете ме? ІІМ-нің жауабы
Қасымов ең "ішкіш" облыстарды атады
Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы
Қасымов полицейлерді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты
Қасымов полицейлердің жалақысын өсіруге кедергі болып отырған мәселені айтты
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

255
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

255
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

9928
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

9928
Серік Теміржанов

Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

64
Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов венгриялық Ролан Галосқа қарсы шықты. Жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0. Оған қоса, венгриялық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық Дьюк Раган.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

64
Кілт сөздер:
боксшы, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы