Ата мен әже суретке түсіп жатыр

Сауалнама: қартайғанда өкінбеу үшін не істеу керек?

603
(Жаңартылды 21:59 18.11.2018)
Денис Тен соңғы сұхбаттарының бірінде жұрттың пікірінен қорықпастан, армандарымызды орындауға шақырған еді

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Корнель университетінің профессоры Карл Пилемер 70 және 100 жас аралығындағы 1 500 адам арасында сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында ол қариялардан өмірлік тәжірибелері және табысты болуларының құпиясы туралы сұрады. Осы зерттеудің нәтижесінде ол кітап та жазған-ды. 

Өмірдің қысқа екенін жадыңыздан шығармаңыз

Пилемер үй шаруасындағы әйелдерге де, кәсіпкерлерге де бірінші "Осы жасқа келіп қандай қорытынды жасадыңыз?" деп сұраған.

Кездесу кезінде респонденттерден отбасылық өмірлері, балалары мен қаржы мәселесі және сүйікті жұмысы мен денсаулық жағдайы туралы да сұраған. Сауалнамаға қатысқандардың барлығы дерлік өмірдің қас-қағым сәтте өтіп кеткенін айтқан.

Мансап? Өзіңізге ұнаған іспен ғана айналысыңыз

Көптеген респондент қаржы мәселесіне келгенде әртүрлі қиындыққа тап болса да, жастарға тұрақты және жалақысы көп жұмысқа орналасуға кеңес бермеді. Мұның орнына олар "Өздеріңіз ұнатқан іспен ғана айналысыңыздар" деді.

Өмірдің мәңгілік еместігін ескерген респонденттер тек қуаныш пен ләззат сезімін сыйлайтын жұмысқа орналасуға кеңес берді. Олардың ойынша, өмірді өзіңіз қаламаған нәрсеге арнаудың еш қажеті жоқ. Тіпті, бірнеше жыл уақытты.

"21 жасымда бақыт деген өмір туралы білім қорыңның көп болуы деп ойлайтынмын. Қажет болған кезде белгілі бір іс-әрекеттерден бас тартатынмын. Бірақ әр нәрсенің өз орны болады екен. Көп адам сізді өзіңізге күмәндана қарайтындай жағдайға жеткізуі мүмкін, алайды бұл бір нәрседен қорқуға себеп емес. Өмірде қиын сәттер көп, осының барлығын өткеруге міндеттіміз", — деп әйгілі Гарри Потер романының авторы Джоан Роулинг өз күшімізге сенуге шақырды.

Салауатты өмір салты? Тәніңізді 100 жыл қолданатындай күтіңіз

Заманауи медициналық технологияның арқасында адамдарды аман алып қалуға болады. Десе де, бұл қартайған шақта адамның көптеген қиындыққа тап болатынын меңзейді.

Тағы оқыңыз:

Респонденттер "көкөністерді көбірек жеңіздер", "ұйқыларыңызды қандырып жүріңіздер" немесе "шылымнан бас тартыңыздар" деп кеңес бермесе де, "тәнді 100 жыл қолданатындай күту керек" деп айтты. Салауатты өмір салтын сақтай алмаған адамдар әдетте 20, 30 және 40 жасқа келгенде түрлі қатерлі ауруға шалдығады.

Бәрінен бұрын не үшін өкінесіз? Орынсыз алаңдағаным үшін

Қариялар бұл сауалға жауап берерде көпшілік күткендей қолдары жетпеген ғашықтарын немесе ойларында жүрген бизнестерін еске алған жоқ. Керісінше барлығы бір ауыздан "Орынсыз алаңдап, мазасыздана бергенім үшін өкінемін" деп жауап берді.

"Бірнеше жылдан кейін қалай өмір сүретініңіз бүгін өзіңізді қаншалықты дамытып, қаншалықты армандайтыныңызбен байланысты. Қандай іспен айналысып жүрсеңіз де, кімді тыңдап, кімнің парақшасына жазылатыныңызға, кімнен шабыт алғаныңызға қарамастан, ішкі меніңіз барын ұмытпаңыз. Бұл — сіздің өміріңіз бен армандарыңыз. Басқалар сіз туралы не ойлайтынына мән берместен, нар тәуекелге бел буып, қалауыңызды орындаңыз", — деп Денис Тен соңғы сұхбаттарының бірінде жұрттың пікірінен қорықпуға шақырған еді.

Бақыт? Өз бақытыңызды бір нәрсемен байланыстырмаңыз. Ешнәрсеге қарамастан, бақытты болыңыз

Келесі маңызды кеңес өз бақытың үшін жауапкершілік алумен байланысты.

"Жастар ерекше бір нәрсе болған кезде ғана бақытты боламын деп ойлайды. Бірақ жасың ұлғайған сайын ешнәрсеге қарамастан бақытты болуың керектігін түсінесің", — дейді респонденттердің бірі.

603
Кілт сөздер:
салауатты өмір салты, өмір, отбасы, бақыт, сауалнама
Тақырып бойынша
Жеген сайын адамды бақытты ететін 7 тағам
Ильин: мен бақытты жанмын
Ғалымдар бақытты некенің құпиясын ашты
Қазақстан бақытты елдер рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды
Діндарлардың құдайға сенбейтін адамдардан неге ұзақ өмір сүретіні анықталды
Ғалымдар қандай адамдар ұзақ өмір сүретінін айтты
Ғалымдар әйелдердің ер адамдарға қарағанда неге ұзақ өмір сүретінін түсіндірді
Қорғаныш құралдарын киген қызметкерлер

Министр Ресеймен арадағы шекарада бақылау бекеттерін қоюды ұсынды

18
Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров республика бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары мен зиянды организмдерінің таралуына қарсы бірнеше шараны ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы мақсатта министр үкіметтен қыруар қаржы сұрады. Оған ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланған.

"Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінуін сұраймыз. Сондай-ақ, әкелініп жатқан өнімге жедел ден қою және тиімді бақылау мен қадағалау мақсатында Ресей Федерациясы сияқты шекаралық бекеттердің тура маңынан ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруды ұсынамыз", – деп атап көрсетті Омаров.

Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен. Инспекторлар белгілі бір нысанға барып тұрып, тексеріс жасай алмайды.

"Осыған байланысты нысандарға барып жасалатын тексерістерді, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттағы ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау түрлерін мораторийден шығаруды ұсынамыз", – деді Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы: қырылған құстың саны миллионға жақындады

Бұдан бөлек, бүгінде жедел карантин енгізуге және инфекция ошағын жабуға біраз уақыт кетеді. Себебі әкімдердің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу үшін 5-15 күндей күту керек. Ал ол уақыттың ішінде инфекция басқа жерге таралып кетуі әбден мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеу шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет деп санайды.

18
Кілт сөздер:
мораторий, Ауыл шаруашылығы министрлігі
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда 256 мың құстың қырылуына тұмаудың қатысы жоқ болып шықты
Қостанай облысында карантин күшейтілді
Базардағы құс өнімдерін тұтыну қауіпті ме – министрлік өкілдері жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады
үкімет отырысы

Коронавирустың екінші толқыны: Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

1119
(Жаңартылды 10:29 20.10.2020)
Барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 13 миллиард теңгеге сақтандыру қоры құрылды, деді үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық бойынша министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет коронавирустық инфекцияның жаңа кезеңіне дайындық аясында медицина ұйымдарын және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағынан барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Биыл міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде тегін дәрілік заттарының тізбесі үш есе немесе 45-тен 137 дәрі-дәрмек түріне дейін ұлғайтылды. Оған қоса, тамыз айынан бастап азаматтарға коронавирустан емделу үшін дәрінің бес түрі тегін беріледі", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде жеке қорғаныс құралдары мен стационарларға арналған 91 дәрі-дәрмектен тұратын екі айлық республикалық қор жасақталды. Ал дәріханаларда препараттардың тапшылығына жол бермеу мақсатында "СК-Фармация" компаниясы бөлшек сауда желісін толықтыру үшін аса қажетті 33 препаратты сатып алып жатыр.

"Дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін көлемі 13 миллиард теңгеден асатын сақтандыру қоры құрылды", - деп атап көрсетті Мамин.

Осы орайда үкімет басшысы министрлікке және әкімдіктерге қадағалау шараларын жүргізуді тапсырды.

"Дәрі-дәрмек тапшылығы болмауы тиіс. Ал индустрия министрлігі отандық фармацевтика өндірушілерімен қорғаныс құралдары мен медициналық маскалардың өндірісін көбейтуді қамтамасыз етсін. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігіне келесі жылға дәрілік заттарды уақытылы сатып алуды және жеткізуді тапсырамын", - деді Мамин.

1119
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, коронавирус