Түркиядағы қандасымыз Шерхан Деништуктың отбасы

Түркиядағы қазақ: әке-шешем атажұрты туралы жылап отырып айтады

2470
(Жаңартылды 19:20 23.11.2018)
Шерхан Деништук Түркиядағы қазақтардың тыныс-тіршілігі, түріктер мен қазақтардың ұқсастықтары туралы айтып берді

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Түркияда туып-өскен қандасымыз Шерхан Деништук жырақтағы қазақтардың өмірінен сыр шертіп, бойын сағыныш сезімі кернегенде атажұртына бір-ақ күнде көшіп кеткісі келетінін айтады. Кейде кеудесін "Ұрпағым қазақ жерінде өсіп-өнбеді" деген өкініш сезімі де кернейтінін жасырмады. Айтуынша, бұған себеп те жоқ емес. Соның бірі Түркиядағы қандастардың қазақ тегін ауыстыруға мәжбүр болатындығы.

Түркияда қазақша тегімізді қалдыруға рұқсат бермейді

"1953 жылы әке-шешеміз Түркияға келген кезде аты-жөндері қазақша болған. Бірақ, азаматтық алатын кезде өзге ұлт өкілдері алдын ала әзірленген кітапшадан өзіне фамилия таңдап алады. Түркияның заңымен осылай бекітілген. Десе де, қазақы есімдерін қалдыруға рұқсат", — деді ол.

Сондай-ақ, бүгінде Түркияда қазақ балалары ана тілін жетік білсін деген ниетпен арнайы қазақ тілінің курстары ұйымдастырылған. Себебі, оқуда және жұмыста негізінен түрік және ағылшын тілі қолданылады.

"Тілге байланысты ешқандай қиындық болып көрген емес. Әке-шешеміз де, бала-шағамыз да қазақша сөйлейді. Десе де, қазақ тілінде оқытатын мектептердің жоқтығы аздап қиындық тудырады. Оның үстіне бір сыныпта 5-10 қазақ баласы оқуы мүмкін", — деді қандасымыз.

Әке-шешеміз сағынышы туралы жылап отырып айтады

Шерхан Деништуктың әйелі — қазақ қызы. 16 жастағы ұлы мен 14 жастағы бір қызы бар. Әйелінің есімі — Нұрдан, ал ұлының есімін Орхон, қызын Арал деп қойған. Сондай-ақ, ол кейде балаларының әке-шешесінің кіндік қаны тамған жерде тумағаны үшін бойын өкініш сезімі кернейтінін жасырмады.

"Қазақ болып туғанымды мақтан тұтамын. Түркияда жүрген қазақтардың бойында да дәл осындай өкініш бары сөзсіз. Кейде әке-шешелеріміз бұл туралы көзіне жас алып отырып айтады", — деді Шерхан Деништук.

Шерхан Деништуктың ұлы Орхон мен қызы Арал
жеке архив
Шерхан Деништуктың ұлы Орхон мен қызы Арал

Ең алғаш ол атажұртына 2014 жылы келген. Түркияда құрылған қоғамдық қордың төрағасы болғандықтан, сол жылы Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің ауқымды шарасына шақырту алған. Бұл уақытқа дейін Еуропаның Франция, Германия сынды мемлекеттерін жұмыс бабымен аралап көргенімен, тарихи отанына келуге еш мүмкіндігі болмаған. Бұған басты себеп — жұмысы.

"Қазақстанға баруды көптен бері армандап жүрдім. Кейде тіпті "Қашан барамын? Әйтеуір, зейнетке шыққанда бірақ барып жүрмеймін бе?" деп қорқатынмын. Келген соң жақсылап 20 күндей аралағымыз келеді. Ал жұмыста жылына 10-15 күнге ғана демалыс береді. Оның өзі той-томалақтармен өтіп-кетеді. Әйелім де жұмыстан шыға алмайды, ал бала-шағам сабақта", — деді ол.

Көшіп келер күннің ауылы алыс емес

Десе де, көкейінде жүрген басты арманын орындайтын күннің ауылы алыста емес сыңайлы. Себебі, келер жылдың жазында отбасымен Қазақстанға көшіп келуді жоспарлап отыр. Нақты қай уақытта көшіп келетіні жұмысымен тығыз байланысты. Осы орайда, Қазақстанның экономикалық жағдайы Түркияға қарағанда артта болса да, мұның еш кедергі болмайтынын жеткізді. Айтуынша, атажұртқа көшіп келу үшін кез келген қиындықты өткеруге дайын. 

"Атамекенімді қатты жақсы көремін. Маған ешуақытта жаман әсер қалдырған емес. Алғаш ұшақпен ұшып келгенімде әуежайда құжатымды бір қазақ жігіт тексерді. Маған "Түріксіз бе? Қазақсыз ба?" деп қатты таңғалды. Орта жүз, Керей екенімді білгенде күлді. Содан сыртқа шығып қызыл-жасыл шамға қарап тұрсам, жанында "тоқта" деген жазу тұр. Ана тілімдегі жазуды көргендегі ерекше сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қазақстанды қатты жақсы көремін", — деді қандасымыз.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, көшіп барған әке-шешесіне және өзге де қазақтарға көмектескен Түркия мемлекетіне алғысы шексіз екенін жеткізді. Алғаш барғанда бір-бір үй, мал және егін егетін жер берген. Кейін 10 жыл жағдайларын жақсартып алғанға дейін салықтан босатқан. 

Түркияда әйелдер намаз оқымаса да оранады

"Түркияда мешіт өте көп. Бұл Қазақстаннан басты айырмашылығы деп ойлаймын. Қазақстанның біраз жыл Ресейдің отарында болғанын білеміз. Тәуелсіздік алған жылдары елде небәрі 3-5 мешіт қана болатын. Қазір бұл жағдай өзгерді. Мұнымен қатар, Түркияда әйел қауымы намаз оқымаса да, бастарын орамалмен жауып жүруді жөн көреді және біреу-біреуге "Сен неге намаз оқымайсың?" деп ақыл айтпайды. Қалай десек те, адамдардың бәрі бірдей жақсы немесе жаман деп айта алмаймын. 80 миллион халықтың ішінде әртүрлі адам бар. Жалпы Түркияда өмір қиын емес", — деді ол.

Бұдан өзге ол екі мемлекеттің дастарханындағы айырмашылыққа тоқталды. Қазақстанға қарағанда, Түркияда тағам түрлері көп және олар тағамға бұрыштың түр-түрін қосуға тырысады. Сондай-ақ, Түркиядағы қазақтар мәнті, ет асу, палау сынды тағамдарды да көп жасайды.

Түріктер жемейтін жылқы етін қазақтар көп шоғырланған ауылдан алдырады. Мұнымен қатар, соңғы 15-20 жылда қазақтардың арасында да аралас неке кездесіп жүргенін айтты. Бұрын-соңды мұндай болмаған екен.

Қазақ қазаққа тойға қарыз алдырмауға тырысады

"Жалпы қазақтардың 90-95%-і тек өз ұлтынан қыз алып, қыз беріскісі келеді. Өзім де болашақта құдаларым қазақ болса екен деп армандаймын. Десе де, бала-шағамның таңдауын сыйлап, қарсы келе алмайтын шығармын деп ойлаймын. Тойды да өзіміздің ұлттық салт-дәстүрлерге сай жасаймыз. Қалың мал болғанымен, оның көлемі жігіттің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен тікелей байланысты", — деді қандасымыз.

Түркиядағы қазақтар
Шерхан Деништуктың жеке архиві
Түркиядағы қазақтар

Осы орайда, Түркиядағы қазақтардың бір-бірін жақсы танитынын және той кезінде жас жұбайларға көп ақша беріп, дүние-мүлкін түгендеуге көмектесетінін айтып өтті.

"Мүмкіндігінше қазақ қазаққа тойға қарыз алдырмауға тырысамыз. Керісінше жабылып, тойдың ойдағыдай өтуіне жағдай жасаймыз. Әдетте жас жұбайлардың туғандары ақшалай сыйлықты көбірек, алыс таныстары шама-шарқы келгенше береді", — деді ол.

Бір-ақ күнде көшіп кеткім келеді

Сөз соңында Шерхан Демиштук барша қазақстандыққа және елбасына зор денсаулық тіледі. Түркияда жүрген қазақтардың оларды шын жүректен жақсы көретінін жеткізуді сұрады. Отанға деген сағынышының бір сәтке де басылмағанын айтты.

"Атажұртты сағынған кезде бір-ақ күнде көшіп кеткім келеді. Сағынышымызды аз да болсын басайық деген ниетпен қазақтардың шайханаларына барып, сол жерде туған ел туралы әңгімелесеміз. Тіпті, шыдамаған кезде ұшаққа билет алып, келе салатын кездеріміз де болады", — деп Шерхан Деништук Қазақстанға көшіп келетін күнді асыға күтіп жүргенін айтты. 

2470
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, қазақтар, қандастар, той, атажұрт, ана тілі
Тақырып:
Шетелдегі қазақтар (53)
Тақырып бойынша
Кореядағы қазақтардың жанайқайы: отандастарымыз бөтен елдегі мүшкіл хәлін айтты
Қытайда қалған қазақтардың балалары көмек сұрады: Қазақстан нота жіберді
Мирзиеёв қазақтардың Өзбекстан жайлы не білетіні туралы видео жариялады
Түрікменстанда тұратын қазақтардың саны алты есе азайды - министр
Қытайдағы қазақтардың туысқандары Қазақстаннан көмек сұрап отыр
Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты
Президент: әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанға қарай жолға шыққан қызылордалық он күннен бері табылмай жатыр

57
(Жаңартылды 18:04 22.09.2021)
Жігітті туыстары, полиция мен еріктілер іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Жеке көлігімен Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтанға кеткен 25 жастағы жігіт он күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Полиция іздеу жұмыстарын бастады.

Пропавший житель Кызылорды Самат Бегимбай
© Photo : ОФ "Волонтеры Кызылорды"
Хабар-ошарсыз кеткен Қызылорда тұрғыны Самат Бегімбай

"Қызылорда еріктілері" қоғамдық қоры қазақстандықтардан жоғалған адам туралы ақпаратты өңірлерде барынша таратуды сұрады. Туыстары жолға шыққан жас жігіттен он күн бойы хабар ала алмай отыр.

"Самат Бегімбай 12 қыркүйек таңғы он шамасында қара түсті Subaru Legacy көлігіне отырып Жезқазған тас жолымен Қызылордадан Нұр-Сұлтанға кеткен. Содан бері байланысқа шыққан жоқ", - деп мәлімдеді қордағылар.

Жігіт 25 жаста, өзімен бірге ноутбугы мен жеке заттары болған. Жоғалған күні үстіне сұр түсті спорт киімін киген.

Қала полициясы кез келген ақпарат іздеу жұмыстары үшін маңызды екенін айтты.

"Жас жігіт іздестіріліп жатыр, барлық ресурс жұмылдырылды. Ол жайлы кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді полициядағылар.

Із-түзсіз кеткен ер адамды көрген-білгендер болса, "102" нөміріне хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз: 

57
Кілт сөздер:
Қызылорда, полиция, жас жігіт
Көлік, патруль

Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты видео

42
Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматыда "Сергек" жүйесін патрульдік көлік төбесіне орнатты. Бұл бастама пилоттық жоба аясында қолға алынып отыр.

"Сергек-патруль" — аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК). Оның сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесі және функционалды талдау модульдері бар. Бір модуль салон ішінде алдыңғы терезеге орнатылады. Ол видео мен дыбыс жазады. Ал сыртқы бақылау модулі көлік төбесінде тұрады. Камера жолдың жүретін бөлігі мен шетін алып тұруы тиіс, деп хабарлайды Көркем Телеком" компаниясы.

"Шетелде осы іспетті Ekin Patrol G2, Кибер-Шериф, Дозор-М және тағы басқа техникалық құралдар бар. Біз болсақ, отандық өнім - "Сергек-патрульді" жасап шығардық", - дейді компания өкілдері.

Алматыда әкімшілік полицияның көлігіне "Сергек-Патруль" пилоттық жоба аясында орнатылды.

"Сергек-патруль" нені тіркейді

Аппараттық-бағдарламалық кешен бейнебақылау камерасы арқылы көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін сканерлеп шығады. Одан кейін жасанды интеллект көмегімен салық, алимент, айыппұлды автоматты түрде тексереді. Жалған нөмірлерді де бірден анықтайды. Сондай-ақ, іздеуге салынған көліктерді табуға көмектеседі.

"Сергек-патруль" жол жүру ережесін бұзған көлікке автоматты түрде айыппұл салмайды. Бірақ салонда отырған полицей хаттама толтыра алады.

Алдағы уақытта кешен автобус жолағымен жүретін және рұқсат етілмеген жерде тоқтаған көліктерді де анықтайтын болады.

42
Кілт сөздер:
Алматы, көше, видео, көлік
Тақырып бойынша
"Сергек" камерасы қандай заңбұзушылықты анықтай алмайды?
"Бүкіл жасақ сол жерге жиналды": патрульдік полицияның бір күні – фоторепортаж
"Айына 350 мың теңге": патрульдік полицейлердің жалақысы жарияланды
"Балта лақтырды": Алматының патрульдік полициясы түнде қалай жұмыс істейді - фото
Қапшағайдың мас тұрғыны полицей патрульдік автокөлігіне шабуыл жасады
Архивтегі сурет

Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

0
Технопаркке келген ер адам шамамен 45-50 жаста, "Молоток" аттракционында оның жағдайы нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Технопаркте демалған куәгерлердің айтуынша, "Молоток" аттракционында 45-50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ер адамның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған.

Сондай-ақ куәгерлер дәрігерлер келгенше дейін технопарк қызметкерлері де оған көмектесуге тырысқанын айтты. Бірақ оларда тіпті қарапайым дәрі қобдишасы да болмапты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Шымкент, аттракцион