Қоғам

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуАстанадағы президент сарайы
Астанадағы президент сарайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жыл мерекесі алдындағы жұмыс аптасына сенбі, 29 желтоқсан қосылады

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде төрт күн демалады.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қысқа" желтоқсан – қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл демалыс сенбі, 29 желтоқсаннан дүйсенбі – 31 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстанда 30 және 31 желтоқсан, сондай-ақ 1 және 2 қаңтар (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі) демалыс болады. 

Жаңа, 2019 жылдың алғашқы жұмыс аптасы қысқа болады, ал екінші аптасында православтардың Рождество мерекесі тойланады: 7 қаңтарда қазақстандықтарға демалыс беріледі.

Қазақстанда желтоқсан айында мереке көп – 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді (ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні 3 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылды). Қазақстанның Тәуелсіздігі күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады (биыл 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні – 18 желтоқсан).   

Жаңалықтар
0