Бақытты жұп қыста құшақтасып тұр

"Жерден 10 мың метр биікте". Қазақстандық сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады видео

187
(Жаңартылды 16:56 03.12.2018)
Қазақстандық жігіт сүйіктісіне ұсынысты экипаж мүшелерінің көмегімен жасады

АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық жерден 10 мың метр биікте, ұшақтың ішінде тұрып сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Лада басылымы. 

Қос ғашық Ақтау қаласына ұшып бара жатқан. Жігіт алдын ала экипаж мүшелерімен келісіп, стюардесса Айжан есімді ару үшін ерекше ұсыныс бар екенін айтады. Микрофон арқылы айтылған осы сөздерден кейін жігіт раушан гүлдерін сыйлап, тізе бүгіп, сүйіктісіне сөз салады.

"Біз Ақтауға қарай ұшып бара жаттық. Жол ортасында бортсерік әдеттегідей микрофон арқылы барлығымызға хабарландыру жасады. Кейін "Жолаушы Айжан Мендыгарин, сіз үшін бір жас жігіттен арнайы ұсыныс бар" деп айтты. Осы сәтте мен микрофонмен жанына келіп гүлімді сыйлап, бір тіземді бүгіп, маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасадым. Ол "Иә" деп жауап берген соң, қолына жүзік тақтым. Айналамыздағылар қошеметтей түсті", — деп жазды жігіт.

Бұл сәтті жолаушылар ғана емес, ұшақтағы экипаж мүшелері де видеоға түсіріп алған екен.

187
Кілт сөздер:
экипаж, ару, ұшақ, қыз бен жігіт, үйлену туралы ұсыныс, Ақтау
Тақырып бойынша
Үйленуге ұсыныс жасамақ болған жігіт сәтсіздікке ұшырады - видео
Шың басында үйленуге ұсыныс жасаған жігіт сүйіктісімен бірге ажал құша жаздады
Павлодарлық жігіт "сүйіктісіне" үйлену тойына кредит алғызып, қашып кеткен
Әйел теракт кезінде қаза тапқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты
Әскери институт курсанты диплом тапсыру рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Естен кетпес 8 наурыз: футболшы матч кезінде сүйіктісіне сөз салды
Қыз су жаңа көлік пен көп ақша беріп, үйленуге ұсыныс жасады: жігіті қашып кетті - видео
Модульді инфекциялық аурухана

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды

17
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, республика бойынша 26 736 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.

Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша,  26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

17
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қорғаныш костюмін киген дәрігерлер

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

1220
Індетке шалдыққандардың дені Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

23 қаңтарда республика бойынша 1 584 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 21274 (+229),
  • Алматы қаласында – 21141 (+131),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 19804 (+42),
  • Атырау облысында – 15497 (+96),
  • Қарағанды облысында – 13226 (+82),
  • Павлодар облысында – 11695 (+220),
  • Батыс Қазақстан облысында – 10304 (+84),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 10107 (+113),
  • Қостанай облысында – 9350 (+177),
  • Ақмола облысында – 9299 (+237),
  • Алматы облысында – 8712 (+92),
  • Шымкент қаласында – 5787 (+8),
  • Жамбыл облысында – 5408 (+20),
  • Түркістан облысында – 3986 (+16),
  • Маңғыстау облысында – 3960 (+11),
  • Ақтөбе облысында – 3889 (+10),
  • Қызылорда облысында – 3535 (+16).

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 адамға жетті.

1220
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция үш ай бойы коронавирустан "жасырынған" ер адамды ұстады
Коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді - ДДҰ
Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз
Қазақстанда бір аптада 54 адам коронавирустан қайтыс болды
Гүл шоғы

Қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды

0
Жол апаты 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында болды, қазақстандық шаңғышы отыз сегіз жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында көз жұмды,  деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды. 

"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", -делінген хабарламада.

Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 

Тағы оқыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған. 

Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.

0
Кілт сөздер:
жол апаты, спортшы
Тақырып бойынша
18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды – видео