Қоғам

Қазақстандықтар 2019 жылы қанша күн демалады?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНаурыз
Наурыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар келе жатқан 2019 жылы 365 күннің үштен бір бөлігінде демалады

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. 2019 жылдың үштен бір бөлігін қазақстандықтар жұмыстан тыс, демалып, отбасы және жеке шаруаларымен айналысып өткізеді.

Астанадағы президент сарайы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

2019 жылдың өндірістік күнтізбесіне сәйкес 2019 жылы 120 демалыс және мереке күні болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда бір ғана ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда тойланады. Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз; Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; Қазақстан халықтарының бірлігі күні  — 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні – 7  мамыр; Жеңіс күні – 9 мамыр; Елорда күні – 6 шілде; ҚР Конституциясы күні  — 30 тамыз; ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан. Сонымен қатар, Құрбан айттың бірінші күні (2019 жылы 11 тамызда) және православтық Рождество 7 қаңтар күні демалыс.

Қазақстанда мереке күндері жұмыс істемейтінін ескере отырып, мереке күні демалысқа сай келсе, мерекеден кейінгі күн демалыс болып саналады.

Демек, 2019 жылы аптасына бес күн қызмет ететін азаматтар үшін мерекелік демалыс күні мейрамнан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады:

 

  • 23 наурыздан 25 наурызға;
  • 6 шілдеден 8 шілдеге;
  • 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға.

 

Сонымен, 2019 жылы қазақстандықтар үшін ақпан, сәуір, қазан айларында ғана қосымша демалыс болмайды. Демалыстардың басым көпшілігі наурыз айында (14) болмақ.

Жаңалықтар
0